Құрлық әскерлерiнің әскери институты мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 659. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2002 жылғы 27 ақпандағы N 815 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Құрлық әскерлерi әскери институтының мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекiтiлсiн. <*>

      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.

      3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 "Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 659 қаулысымен
бекітілген

"Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже <*>

      Ескерту. Атауы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .

1. Жалпы ереже

      1. Құрлық әскерлерiнiң әскери институты (бұдан әрi - Институт) жоғары және орта кәсiптiк әскери бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.<*>

      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .

      2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнiң, Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Институт мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi, мөртаңбасы мен белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоты болады.

      Институт өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      4. Институт заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

      5. Институттiң заңды мекен-жайы: 480094, Алматы қаласы, Красногорская көшесi, 35.

      6. Институттiң толық атауы:

      "Құрлық әскерлерiнiң әскери институты" Мемлекеттiк мекемесi.<*>

      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.31. N 1080 қаулысымен .

2. Институттiң мақсаты, мiндеттерi
және функциялары

      7. Институттiң мақсаты жоғары және орта кәсiптiк әскери бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады.

      8. Институттiң мiндеттерi мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн офицерлер - жоғары және орта әскери кәсiптiк бiлiмi бар бiлiктi мамандар даярлау, сондай-ақ оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;

      2) әскери құрылыс, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн нығайту және әскери бiлiм берудi жетiлдiру проблемаларын шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;

      3) тәрбие процесiн ұйымдастыру.

      9. Институт үкiметаралық келiсiмдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң қарулы күштерi үшiн офицерлер даярлауды жүзеге асыра алады.

      10. Институт курсанттарды тiзбесi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлетiн азаматтық мамандықтарға оқытуды бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асыра алады.

      11. Институт Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бағынады.

      12. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Институт мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жоғары және орта әскери кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын игеру үшiн жағдайлар жасайды;

      2) терең әскери-арнайы бiлiмдi, қатаң дағдылар мен ептiлiктi қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiптiк сапаны жасайды;

      3) патриотизм, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене даярлығы мүмкiндiктерiн дамытады, мықты адамгершiлiк негiздерiн, әскери этика, тәртiптiлiк пен ұйымдастырушылық нормаларын қалыптастырады.

3. Институттiң қызметiн ұйымдастыру

      13. Институт:

      1) әскери оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелеріне сәйкес Институтке азаматтар қабылдау тәртiбiн белгiлейдi;

      2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие жұмысын жүзеге асырады;

      3) оқушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртiбi мен кезеңдiлiгiн дербес таңдап алады.

      14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады және заңнамада белгiленген тәртiппен Институтке қатысты мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң қажеттiлiктерiне сәйкес даярлау мамандықтарын және жыл сайынғы курсанттар қабылдау жоспарын белгiлейдi;

      2) Институтке берiлген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      15. Институт қызметкерлерiнiң штатын жасақтау, еңбек ақы төлеу жағдайының тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Институтке тiкелей басшылық етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi қызметке тағайындайтын және босататын Институт бастығы жүзеге асырады.

      17. Институттiң бастығы дара басшылық ету қағидаттарында әрекет етедi және лауазымдық өкілеттiлiгiне сәйкес Институт қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi.

      18. Басшылықты жүзеге асыру кезiнде Институт бастығы мемлекет белгілеген тәртiппен:

      1) Институттiң мүддесiн барлық ұйымдарда бiлдiредi;

      2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қоса алғанда, Институттiң уәкілетті орган тағайындағаннан басқа қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) Институт қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптік жазалар қолданады;

      5) өз орынбасарларының және Институттiң өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерi аясын анықтайды;

      6) өзiне заңнамамен, осы Ережемен және уәкiлеттi органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Институттiң мүлкi

      19. Институт негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан тұратын оқшауланған мүлiктi, сондай-ақ құны Институттiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктi жедел басқаруға құқылы.

      20. Институт өзiне бекiтiлген мүлiк пен оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiгiнен оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқылы емес.

5. Институттi қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Институттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады