"Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес және Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер
берiлсiн.
2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары мен темiр жол станциялары
қайта аталсын.
3. 3-қосымшаға сәйкес темiр жол станцияларының орыс тiлiндегi
атауларының транскрипциясы өзгертiлсiн.
4. Алматы облысының Iле Алатауындағы атауы жоқ 3750 метрлiк биiктiкке
"Хабар шыңы" атауы берiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 663 қаулысына
1-қосымша
Көрнектi тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және қоғам
қайраткерлерiнiң, әртiстердiң, спортшылардың, педагогтардың
есiмдерi берiлетiн бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының тiзбесi
Қарағанды облысы бойынша
Ақтоғай ауданының Жаңаорталық орта мектебiне - халық әртiсi Манарбек
Ержановтың есiмi;
Қостанай облысы бойынша
Қамысты ауданының Жайылма орта мектебiне - белгiлi педагог Жасыбай
Құтмұхамедовтың есiмi;
Сарыкөл ауданының орталық кiтапханасына - Қазақстан Республикасының
еңбек сiңiрген кiтапханашысы Нәзира Дәулетованың есiмi;
Әулиекөл ауданының Новонежин орта мектебiне - Батыржан Кенжетаевтың
есiмi;
Павлодар облысы бойынша
Ақтоғай ауданының Ақтоғай орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры,
қоғам қайраткерi Махмет Қайырбаевтың есiмi;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Кентау қаласындағы балалар - жасөспiрiмдер спорт мектебiне - Сидней
олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың есiмi;
Созақ ауданы Таукент кенттiк округiндегi Жыныс орталау мектебiне -
күйшi-композитор Сүгiр Әлiұлының есiмi;
Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округiндегi Ильич бастауыш мектебiне
- қоғам қайраткерi Абдолла Жармұхамедовтiң есiмi;
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Петропавл қаласындағы N 6 қазақ орта мектебiне - Қожаберген жыраудың
есiмi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 663 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын бiлiм беру ұйымдарының және
темiр жол станцияларының тiзбесi
Ақмола облысы бойынша
Ақмола тасымалдау бөлiмшесiнiң Ақсу темiр жол станциясы - Алтынтау
темiр жол станциясы;
Жамбыл облысы бойынша
Байзақ ауданының Бурыл ауылдық округiндегi Ротный орта мектебi -
Бурыл орта мектебi;
Байзақ ауданының Жалғызтөбе ауылдық округiндегi Киров атындағы орта
мектеп - Диқан орта мектебi;
Қарағанды облысы бойынша
Ақтоғай ауданы Нүркен ауылдық округiндегi Калинин атындағы орталау
мектеп - ақын Дәуiтәлi Стамбеков атындағы орталау мектебi;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Солонички темiр жол станциясы -
Көкпектi темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Большой металлургический темiр жол
станциясы - Аққұдық темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Ново-Дубовская темiр жол станциясы
- Соқыр темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Большая Михайловка темiр жол
станциясы - Қарағанөзек темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Айрин темiр жол станциясы - Доңғал
темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Новый путь темiр жол станциясы -
Саумалкөл темiр жол станциясы;
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесiнiң Талдинка темiр жол станциясы -
Бүркiттi темiр жол станциясы;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Шымкент қаласындағы N 75 орта мектеп - "Тәуелсiздiктiң 10 жылдығы"
атындағы орта мектебi;
Ордабасы ауданының Шұбар ауылдық округiндегi "Ленин жолы" бастауыш
мектебi - "Ақбастау" бастауыш мектебi;
Төлеби ауданының Қаратөбе ауылдық округiндегi Жетiмбота бастауыш
мектебi - "Аршалы" бастауыш мектебi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 17 маусымдағы
N 663 қаулысына
3-қосымша
Атауларының орыс тiлiндегi транскрипциясы өзгертiлетiн
темiр жол станцияларының тiзбесi
Қарағанды тасымалдау бөлiмшесi бойынша
станция Мурза - станция Мырза;
станция Нуринская - станция Нура;
станция Жана ауыл - станция Жанааул;
станция Темир-Тау - станция Темиртау;
станция Тегиз-Жол - станция Тегисжол;
станция Караганда-Новая - станция Жана Караганды;
станция Караганда - станция Караганды;
станция Кара-Мурын - станция Карамурын;
станция Дарья - станция Дария;
станция Нельды - станция Нилды;
станция Агадырь - станция Акадыр;
станцит Акчагыл - станция Акшагыл;
станция Моинты - станция Мойынты;
станция Бирюк - станция Буйрек;
станция Сары-Кум - станция Сарыкум;
станция Кок-Домбак - станция Кокдомбак;
станция Ащиозек - станция Ащыозек;
станция Тагын-Кара - станция Тагынкара;
станция Коктенколь - станция Коктинколи;
станция Жана-Арка - станция Жанаарка;
станция Монадырь - станция Мынадыр;
станция Кзыл-Джар - станция Кызылжар;
станция Тюемойнак - станция Туйемойнак.
станция Джезказган - станция Жезказган;
Павлодар тасымалдау бөлiмшесi бойынша
станция Щербакты - станция Шарбакты;
станция Кургамыс - станция Куркамыс;
станция Экибастуз - станция Екибастуз;
станция Бощакуль - станция Бозшаколь;
станция Чидерты - станция Шидерты;
станция Майкаин - станция Майкайын;
станция Токубай - станция Токибай.