Авиажөндеу кешенiн жекешелендiрудiң және дамытудың жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 маусым N 676

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес және жоғары технологиялы қазақстандық авиажөндеу кешенiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен "N 405 авиажөндеу зауыты" (бұдан әрi - "N 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ) мен "N 406 АА авиажөндеу зауыты" (бұдан әрi - "N 406 АА авиажөндеу зауыты" ААҚ) ашық акционерлiк қоғамдары акцияларын көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың акциялары мемлекеттiк пакеттерiнiң 60%-ы мөлшерiнде сауда-саттық өткiзу жолымен бiртұтас лотпен сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсiм бойынша екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне "N 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ пен "N 406 АА авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату шарттары жөнiнде ұсыныстар берсiн.
      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

 

     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне" деген

бөлiмдегi реттік нөмiрi 232-жол алынып тасталсын.

     4. "N 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетiн

жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 13

қыркүйектегi N 1194 


P011194_


  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады