Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 маусым N 682

      Алматы облысының Балқаш көліне құярлықтарда Іле өзенінде су тасқынынан болатын аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Су деңгейінің маусымдық көтерілуі кезінде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Іле өзені арнасында гидромелиоративтік және табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін екі жерснаряд сатып алуға Алматы облысының әкіміне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 130000000 (бір жүз отыз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Алматы облысының әкімі 2002 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған

жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті табыс етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады