"Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 маусым N 687

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

      Инфрақұрылымын қалыптастыру, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Шағын кәсіпкерліктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      3-тармақтың 3-тармақшасында:
      "шағын" деген сөз алынып тасталсын;
      "шағын бизнес жобаларына (5 млн. теңгеге дейiн)" деген сөздер "кәсіпкерлерге" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгі бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актілердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық ол күшiне енгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады