"Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметiн дамытуды қолдау" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанында келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 маусым N 701

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметiн дамытуды қолдау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметінің арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнің жобасы (бұдан әрi - Келiсiм) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан

 

Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмдi жасасын.

     3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi тартылатын

грант қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                  Жоба 

         Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң нотасы

     Жоғары мәртебелi,


 
       Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Жапония Үкiметiнiң өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауды қуаттауды әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсынуды мәртебе санаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметiн дамытуды қолдау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне төрт жүз елу төрт миллион (Y 454,000,000) иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.
      2. Грант осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап _____ жылдың iшiнде ұсынылады.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған

 

Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония

бодандарының немесе Қазақстан Республикасы бодандарының қызметтерiн сатып

алу үшiн пайдаланады ("бодандар" терминi жапондық бодандар жөнiнде

жапондық жеке немесе заңды тұлғаларды, қазақстандық бодандар жөнiнде -

қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):

     (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары мен жабдық;

     (б) Қазақстан Республикасына және ел iшiнде (а) тармақшасында

көрсетiлген өнiмдердi тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.

     Қазақстан Республикасының

     Мемлекеттiк хатшысы -

     Сыртқы iстер министрi

     Жоғары мәртебелi

     Қасымжомарт Тоқаев мырзаға


 
       (2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, (1) тармақтың жоғарыда айтылған шартына қарамастан, Грант (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердiң Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылғанын әрi (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген қызметтердi Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарынан немесе заңды тұлғаларынан сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Грант үшiн ыңғайлы келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi бекiтетiн болады.
      5. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-параграфқа сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттарға (бұдан әрi "Бекiтiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) сай алған мiндеттемелердi жабу үшiн Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органдары жапондық иенмен Жапония банкiсiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атына ашылған шотқа төлемдер жасау жолымен ресiмдейдi.
      (2) (1) тармақта көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары өкiлдiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiне ақы төлеу жүргiзу берген кезде орындалады.
      (3) (1) тармақта көрсетiлген шотты ашудың жалғыз мақсаты 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жапондық иенде төлемдер алуы болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебет алуға қатысты рәсiмдiк егжей-тегжейлер Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы консультациялар кезiнде келiсiледi.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай шараларды қабылдайды:
      (а) Грант арқылы сатып алынған тауарларды кедендiк ресiмдеуге және Қазақстан Республикасы аумағында iшкi тасымалдауға кепілдiк беру;
      (б) Жапония бодандарын Грант қаражаты есебiнен алған кiрiстерiнен табыс салығын төлеуден босату;
      (в) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын Жапония бодандарына өздерiне тиiстi жұмыстарды орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (г) Жобаны iске асыру мақсатында Грант бойынша сатып алынған тауарларды мақсатты және тиiмдi пайдалануға кепілдік беру;
      (д) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығысты көтеру.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грант арқылы сатып алынған тауарларды көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант арқылы сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.
      7. Грант беруге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi Yкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы нота мен Жоғары мәртебелiнiң Қазақстан Республикасының Үкіметiне

 

қатысты жоғарыда баяндалғанды қуаттаған жауап нотасы осы Келiсiм күшiне

енуi үшiн қажеттi мемлекетшiлiк рәсiмдердi Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған

күннен бастап күшiне енетiн екi мемлекеттiң үкiметтерi арасындағы Келiсiм

болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын.

     Жоғары мәртебелiге өзiмнiң терең құрметiмдi білдiру үшiн осы

мүмкiндiктi пайдаланып отырмын.

                                                                 Жоба

         Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң нотасы


     Жоғары мәртебелi,

     Мәтiнi төменде келтiрілген Сiздiң _________ N ____ нотаңызды

алғандығымды хабарлауды мәртебе санаймын.

     "Жоғары мәртебелi,


 
       Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығы жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Жапония Үкiметiнiң өкiлдерi арасында жақында өткiзілген талқылауды қуаттауды әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсынуды мәртебе санаймын:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметiн дамытуды қолдау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне төрт жүз елу төрт миллион (Y 454,000,000) иен мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.
      2. Грант осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап _______ жылдың iшiнде ұсынылады.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы бодандарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады ("бодандар" терминi жапондық бодандар жөнiнде - жапондық жеке немесе заңды тұлғаларды, қазақстандық бодандар жөнiнде - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
      (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары мен жабдық;
      (б) Қазақстан Республикасына және ел iшiнде (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердi тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.
 
      Жапонияның Қазақстан Республикасындағы
      Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
      Жоғары мәртебелi
      Тосимицу Мори мырзаға
 
      (2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, (1) тармақтың жоғарыда айтылған шартына қарамастан, Грант (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердiң Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылғанын әрi (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген қызметтердi Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарынан немесе заңды тұлғаларынан сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Грант үшiн ыңғайлы келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi бекiтетiн болады.
      5. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-параграфқа сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттарға (бұдан әрi "Бекітiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) сай алған мiндеттемелердi жабу үшiн Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлетті органдары жапондық иенмен Жапония банкiсiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа төлемдер жасау жолымен ресiмдейдi.
      (2) (1) тармақта көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары өкілдiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiне ақы төлеу жүргiзу берген кезде орындалады.
      (3) (1) тармақта көрсетiлген шотты ашудың жалғыз мақсаты 3-параграфта айтылған өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жапондық иенде төлемдер алуы болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебет алуға қатысты рәсiмдiк егжей-тегжейлер Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы консультациялар кезiнде келiсiледi.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай шараларды қабылдайды:
      (а) Грант арқылы сатып алынған тауарларды кедендiк ресiмдеуге және Қазақстан Республикасы аумағында iшкi тасымалдауға кепілдiк беру;
      (б) Жапония бодандарын Грант қаражаты есебiнен алған кiрiстерiнен табыс салығын төлеуден босату;
      (в) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын Жапония бодандарына өздерiне тиiстi жұмыстарды орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (г) Жобаны iске асыру мақсатында Грант бойынша сатып алынған тауарларды мақсатты және тиiмдi пайдалануға кепiлдiк беру;
      (д) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығысты көтеру.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грант арқылы сатып алынған тауарларды көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты көлiктiк және теңiздiк тасымал сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант арқылы сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.
      7. Грант беруге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екі Үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы нота мен Жоғары мәртебелiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғанды қуаттаған жауап нотасы осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетшілік рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған күннен бастап күшiне енетiн екі мемлекеттiң үкiметтерi арасындағы Келiсiм болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын.
      Жоғары мәртебелiге өзiмнiң терең құрметiмдi бiлдiру үшiн осы мүмкiндіктi пайдаланып отырмын."
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапония Үкiметiнiң ұсынысымен келiседi және Жоғары мәртебелiнiң _________ N ____ нотасы мен осы нота бұл Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетшiлiк рәсiмдердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Жапония Үкiметi алған күннен бастап күшiне енетiн екi мемлекеттiң үкiметтерi арасындағы Келiсiм болып табылатындығын хабарлауды мәртебе санаймын.
      Жоғары мәртебелi, өзiмнiң терең құрмет бiлдiруiмдi қабыл алыңыз.
 

                                           Қазақстан Республикасының



                                               Мемлекеттiк хатшысы -

                                               Сыртқы iстер министрi

                                                  Қасымжомарт Тоқаев




                                   Астана 2002 жылғы "___"__________




     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады