Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 шілде N 717.

      "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 450 P010450_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 81-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбында және мәтiнiнде "кәсiпорындарды", "мекемелердi" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiнде:
      тақырыбында және мәтiнiнде "кәсiпорындарды", "мекемелердi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Республика министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, Yкiмет құрамына енбейтiн орталық атқару органдары мен ведомстволары, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары" деген сөздер "Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "барлық атаулардың дұрыс жазылуы қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларына сәйкес жүргiзiлiп" деген сөздер "барлық атаудың мемлекеттiк тiлде жазылуы қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң нормаларына сәйкес келуi тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұлт тiлдерiндегi" деген сөздер "тiлдердегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "республика аумағында үш жағдайдан артық емес" деген сөздер "әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшiн үш жағдайдан артық емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды және мемлекеттiк меншiктегi басқа да объектiлердi, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау туралы шешiмдi тиiстi орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.
      6. Ұйымдарды атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қайта тiркеуге әкеп соғады.
      7. Тiзбесi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлердiң атауларын тiркеудi, оларға ғылыми сараптама жүргiзудi, практикалық шаралардың iске асырылуын бақылауды, атауларды реттеудiң әдiснамасын әзiрлеудi, тұрғындар арасындағы түсiндiру жұмыстарын, түрлi анықтамалықтар, сөздiктер, ономастиканың өзектi проблемалары бойынша

әдiстемелiк талдамалар шығаруды, ғылыми-практикалық конференциялар мен 
кеңестер өткiзудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және 
қоғамдық келiсiм министрлiгi жүзеге асырады.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады