Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуір N 450 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 747 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 U010550_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеп, бекітсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жыл сайын, 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2001 жылғы 6 сәуірдегі
                                               N 450 қаулысымен
                                                   бекітілген

             Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
     бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылдарға арналған
                    іс-шаралар жоспары

_________________________________________________________________________

Р/с!        Іс-шаралар              !  Аяқталу   !Орындау үшін! Орындалу

N !                                !   нысаны   ! жауаптылар ! мерзімдері

_________________________________________________________________________

  1              2                         3           4           5

_________________________________________________________________________

1   "Қазақстан Республикасындағы     Қазақстан     ЕХҚМ, МҚА,   2002

    тіл туралы" Қазақстан Республи.  Республикасы     МАКМ      жылдың

    касының Заңы 23-бабының үшінші   Заңының                    2-тоқсаны

    бөлігін іске асыру жөніндегі     жобасы

    заң жобасын әзірлеу

_________________________________________________________________________

2   ҚР Үкіметінің 1996 жылғы         Қазақстан       МАКМ       2001

    5 наурыздағы N 281 қаулысына     Республикасы               жылдың

    Қазақстан Республикасы кәсіп.    Үкіметі                    3-тоқсаны

    орындарын, ұйымдарын, мекеме.    қаулысының

    лерін, темір жол станцияларын,   жобасы

    әуежайларын, сондай-ақ физика.

    лық-географиялық объектілерін

    атау мен қайта атау және олар.  

    дың атауларының транскрипциясын

    өзгерту тәртібін дәлдеу бөлігін.

    де өзгерістер енгізу

  _________________________________________________________________________

3   Тілдерді қолдану мен дамыту.     Қазақстан      МАКМ        2002

    дың 2001-2010 жылдарға арналған  Республикасы               жылдың

    мемлекеттік бағдарламасын        Үкіметі                    4-тоқсаны

    іске асыру жөнінде 2003-2004     қаулысының

    жылдарға арналған іс-шаралар     жобасы

    жоспарын әзірлеу

_________________________________________________________________________


          Тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу,

              заң, сот іс жүргізуі салаларында қолданылуы

_________________________________________________________________________

4   Мемлекеттік тілді жеделдетіп     Қазақстан     МҚА, МАКМ,   Жыл

    үйрету жөніндегі республикалық   Республикасы      БҒМ      сайын 

    орталық негізінде мемлекеттік    Үкіметіне                

    қызметкерлерге мемлекеттік       есеп   

    тілді үйрету курстарының орта.

    лықтандырылған жүйесін құру

  _________________________________________________________________________

5   Мемлекеттік қызметкерлерге       Қазақстан     МҚА, МАКМ,   2001

    мемлекеттік тілді үйрету жөнін.  Республикасы     БҒМ       жылдың

    дегі үлгілік бағдарлама әзірлеу  Үкіметіне                  3-тоқсаны

                                     есеп   

  _________________________________________________________________________

6   Іс қағаздарының мемлекеттік      Нормативтік    ЭМРМ,       2002

    тілдегі үлгілерін (компьютерлік  құқықтық      орталық және жылдың

    шаблондарын) әзірлеу             кесім         жергілікті   1-тоқсаны

                                                   атқарушы

                                                   органдар

  _________________________________________________________________________

7   Мемлекеттік органдарда бос       Қазақстан     МҚА          2001

    лауазымдарға орналасуда тесті.   Республикасы               жылдың

    леуден өту үшін тапсырылуға      Үкіметіне                  3-тоқсаны

    міндетті пәндер тізбесіне        есеп   

    мемлекеттік тілді енгізу

    жөнінде ұсыныстар дайындау

  _________________________________________________________________________

8   "Қазақстан Республикасындағы     Қазақстан     ҚорМ, ІІМ,   2001

    тіл туралы" Қазақстан Республи.  Республикасы  ҰҚК (келі.   жылдың

    касы Заңының 12-бабын іске       Үкіметіне     сім бойын.   3-тоқсаны

    асыру жөнінде іс-шаралар         есеп          ша) МКМ,

    әзірлеу                                        Бас проку.

                                                   ратура

                                                   (келісім

                                                   бойынша),

                                                   Жоғарғы Сот

                                                   (келісім

                                                   бойынша)

_________________________________________________________________________


          Білім беру және тілдерді оқыту салаларында тілдік даму

_________________________________________________________________________

9   Жалпы орта білім беретін мек.    Қазақстан     БҒМ, МАКМ    2002

    тептердің 1-7-сыныптарына, жо.   Республикасы               жылдың

    ғары оқу орындарының қазақ,      Үкіметіне                  2-тоқсаны

    орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде    есеп   

    оқытатын бөлімдеріне арналған

    жаңа буын отандық оқулықтарды

    әзірлеу мен шығаруды аяқтау

_________________________________________________________________________

10  Жоғары және орта кәсіби оқу      Қазақстан     БҒМ, жергі.  Жыл

    орындарында қазақ тілінде        Республикасы  лікті ат.    сайын

    оқытатын бөлімдердің және        Үкіметіне     қарушы                

    оқытылатын пәндердің санын       есеп          органдар

    көбейту жөнінде шаралар

    қабылдау

  _________________________________________________________________________

11  Жалпы білім беретін орта, орта   Қазақстан     БҒМ, жергі.  Ұдайы

    кәсіби және жоғары кәсіби оқу    Республикасы  лікті ат.           

    орындарының өзге тілдерде        Үкіметіне     қарушы    

    оқытатын бөлімдерінде            есеп   

    қазақ тілін оқытуға арналған

    сағаттар санын оқу процесін

    оңтайландыру жолымен (негізгі

    оқу жоспары бойынша жалпы сағат

    санын көбейтпей) арттыру жөнінде

    шаралар қабылдау

  _________________________________________________________________________

12  Қазақстанның орта кәсіби және    Қазақстан     БҒМ, жергі.  Ұдайы

    жоғары кәсіби оқу орындарында    Республикасы  лікті ат.           

    ұлт тілдері бойынша мамандар     Үкіметіне     қарушы    

    даярлауды қамтамасыз ету          есеп   

  _________________________________________________________________________

13  Ана тілдерінде оқытатын жек.     Қазақстан    МАКМ, жергі.  Ұдайы

    сенбілік мектептерге мемлекет.   Республикасы  лікті ат.           

    тік, қолдау көрсету              Үкіметіне     қарушы    

                                     есеп

  _________________________________________________________________________

14  Жетім және ата-ана қамқорлығын.  Қазақстан     БҒМ, жергі.  Ұдайы

    сыз қалған балаларға арналған    Республикасы  лікті ат.           

    қазақ тілінде оқытатын ұйымдар   Үкіметіне     қарушы    

    желісін ұлғайту жөнінде шаралар  есеп          органдар

    қабылдау                   

  _________________________________________________________________________

15  Қазақ тілінде оқытатын және      Қазақстан     БҒМ, жергі.  Ұдайы

    тәрбие беретін мектепке дейінгі  Республикасы  лікті ат.           

    білім ұйымдарының санын көбей.   Үкіметіне     қарушы    

    ту жөнінде шаралар қабылдау      есеп          органдар

  _________________________________________________________________________

16  Диаспоралар өкілдерін ұлт        Қазақстан     жергілікті   Ұдайы

    тілдерінде мектепке дейінгі      Республикасы  атқарушы      

    тәрбие беру және оқытумен        Үкіметіне     органдар  

    қамтамасыз ету шараларын         есеп   

    қабылдау                   

  _________________________________________________________________________

17  Жалпы білім беретін мектептер    Қазақстан     БҒМ, МАКМ    2002

    үшін табиғаттану, экология       Республикасы              жылдың  

    және валеология бойынша қазақ    Үкіметіне                 1-тоқсаны

    тілінде оқулықтар, терминоло.    есеп                   

    гиялық сөздіктер, дыбыс-бейне       

    құралдарын шығару          

  _________________________________________________________________________

18  Ұлт тілдерінде оқытатын оқу      Қазақстан     БҒМ          2002 

    орындары үшін ана тілі мен       Республикасы              жылдың  

    әдебиетін оқытудың үлгілік       Үкіметіне                2-тоқсаны

    бағдарламасын әзірлеу            есеп   

  _________________________________________________________________________

19  Мемлекеттік тілді кандидат.      Қазақстан     БҒМ          2001 

    тық минимум тапсырылуға мін.     Республикасы              жылдың  

    детті пәндер тізбесіне енгізу    Үкіметіне                2-тоқсаны

                                     есеп   

  _________________________________________________________________________

20  Білім беру ұйымдары қызметкер.   Қазақстан     БҒМ          2002 

    лерінің әртүрлі топтарына        Республикасы              жылдың  

    арналған қазақ тілін білуін      Үкіметіне                3-тоқсаны

    анықтаудың тестік жүйесін        есеп   

    әзірлеу

  _________________________________________________________________________

21  Қазақстан Республикасы Қорғаныс  Қазақстан     ҚорМ         2001 

    министрлігі Кадет корпусының     Республикасы              жылдың  

    1-2-курстарында қазақ тілін      Үкіметіне                3-тоқсаны

    оқыту сағатының санын көбейту    есеп    

    және осы пәнді 3-курстың оқу

    бағдарламасына енгізу, сондай-ақ

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс

    министрлігінің "Жас Ұлан" респуб.

    ликалық мектебінің орыс сынып.

    тарында қазақ тілін оқыту сағаты.

    ның санын оқу процесін оңтайлан.

    дыру жолымен (негізгі оқу жоспары

    бойынша жалпы сағат санын көбейт.

    пей) арттыру жөнінде шаралар

    қабылдау

  _________________________________________________________________________

22  Жалпы білім беретін мектептер    Қазақстан     БҒМ, КДА     Ұдайы

    негізінде оралмандарды қазіргі   Республикасы               

    қазақ әліпбиінде үйретуді        Үкіметіне                  

    ұйымдастыру                      есеп   

  _________________________________________________________________________

23  Қазақ тілін жеделдетіп үйрету    Қазақстан     МАКМ, БҒМ    Ұдайы

    жөніндегі оқулықтарды, оқу       Республикасы              

    құралдарын және компьютерлік     Үкіметіне              

    бағдарламаларды әзірлеу, шығару  есеп   

_________________________________________________________________________


             Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету

_________________________________________________________________________

24  Қазақ тілінің фонологиялық       Қазақстан     БҒМ, МАКМ    2001 

    ерекшеліктерін ескере отырып     Республикасы              жылдың  

    қазақ әліпбиі мен емлесін        Үкіметіне                4-тоқсаны

    жетілдіру жөнінде шаралар        есеп   

    кешенін әзірлеу

  _________________________________________________________________________

25  Қазақстан Республикасының        Қазақстан     БҒМ          2001 

    Білім және ғылым министрлігі     Республикасы              жылдың  

    жанынан Орфографиялық алқа       Үкіметіне                3-тоқсаны

    құру                             есеп   

  _________________________________________________________________________

26  Диссертациялар қорғау жөнін.     Қазақстан     БҒМ         Жыл сайын

    дегі диссертациялық кеңестердің  Республикасы            

    жұмысын кезең-кезеңімен мем.     Үкіметіне               

    лекеттік тілге көшіру жұмысын    есеп   

    жүзеге асыру

  _________________________________________________________________________

27  Қазақстан Республикасындағы      Қазақстан     МАКМ        Ұдайы 

    тілдерді дамыту мәселелері       Республикасы               

    жөнінде әлеуметтік зерттеулер    Үкіметіне             

    жүргізу және тілдік ахуал        есеп   

    туралы мәліметтер жинақтау

  _________________________________________________________________________

28  Облыстар, Астана және Алматы     Қазақстан     ЖРА,       Ұдайы  

    қалалары бойынша әкімшілік-      Республикасы  облыстар            

    аумақтық бірліктердің және       Үкіметіне     және Алматы,           

    физикалық-географиялық атау.     есеп          Астана

    лардың әліпбилік көрсеткіш.                    қалаларының

    терін шығару                                   әкімдері

  _________________________________________________________________________

29  Жаңа ономастикалық атаулар       Қазақстан     МАКМ         Ұдайы

    бюллетеньдерін шығаруды          Республикасы            

    жалғастыру                       Үкіметіне               

                                     есеп   

  _________________________________________________________________________

30  Дүниежүзінің және Қазақстан      Қазақстан     ЖРА,        Жыл сайын

    Республикасының география.       Республикасы  облыстар            

    лық атлас картасын мемлекет.     Үкіметіне     және Алматы,           

    тік тілде даярлау және шығару,    есеп         Астана

    облыстардың әкімшілік-аумақтық                 қалаларының

    карталарын шығаруды жалғастыру                 әкімдері

_________________________________________________________________________

31  Қазақ топонимдерінің басқа       Қазақстан     БҒМ          2001 

    тілдерге транслитерация ереже.   Республикасы              жылдың  

    лері арқылы берілу тәртібі       Үкіметіне                3-тоқсаны

    туралы нұсқаулық әзірлеу         есеп   

_________________________________________________________________________

32  Қазақстан Республикасы Үкіметі.  Қазақстан      МАКМ       Ұдайы 

    нің жанындағы Мемлекеттік        Республикасы            

    терминология комиссиясының       Үкіметіне              

    бюллетеньдерін шығаруды          есеп   

    қамтамасыз ету

_________________________________________________________________________

33  "Қоғам және тіл" журналын        Қазақстан      МАКМ       2001 

    шығаруды ұйымдастыру             Республикасы              жылдың  

                                     Үкіметіне                4-тоқсаны

                                     есеп   

_________________________________________________________________________


       Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары мен халыққа

               қызмет көрсету салаларында тілдік даму

  _________________________________________________________________________

34  Қазақ тілінде көркемсуретті      Қазақстан       МАКМ       2001 

    және мультипликациялық фильм.    Республикасы              жылдың  

    дер жасауға ықпал ететін         Үкіметіне                4-тоқсаны

    іс-шаралар жүйесін әзірлеу       есеп   

_________________________________________________________________________

35  Кітапханаларды қазақ және        Қазақстан       МАКМ      Ұдайы 

    Қазақстан Республикасындағы      Республикасы            

    басқа да тілдердегі әдебиет.     Үкіметіне              

    термен толықтыруды жүйелі        есеп   

    қамтамасыз ету

_________________________________________________________________________

36  Мектеп жасына дейінгі бала.      Қазақстан        МАКМ      2001 

    ларды қазақ тіліндегі суретті    Республикасы              жылдың  

    кітапшалармен және буклеттер.    Үкіметіне                2-тоқсаны

    мен қамтамасыз ету жөнінде       есеп   

    арнайы бағдарлама әзірлеу

_________________________________________________________________________

37  Теле-радиоарналарда "Тіл мәде.   Қазақстан     МАКМ, БҒМ,   Ұдайы

    ниеті", "Дұрыс сөйлеп, жаза      Республикасы  "ҚР ТРК" ЖАҚ

    білейік", "Сөз сыры", т.б.       Үкіметіне     (келісім          

    тақырыптарындағы хабарлар        есеп          бойынша),

    топтамасын көрсетуді жалғастыру                "Хабар"    

                                                   агенттігі"

                                                   ЖАҚ (келісім

                                                   бойынша)

_________________________________________________________________________

38  Жыл сайын Қазақстан халықтары    Қазақстан      МАКМ       Жыл   

    тілдерінің республикалық         Республикасы              сайын

    фестивалін өткізу                Үкіметіне              

                                     есеп   

_________________________________________________________________________

39  Жыл сайын дәстүрлі көркемсөз     Қазақстан       МАКМ      Жыл сайын

    оқу шеберлерінің республикалық   Республикасы           

    байқауын өткізу                  Үкіметіне              

                                     есеп   

_________________________________________________________________________

40  "Қазақ тілін үйренеміз" айдары.  Қазақстан     МАКМ,        Жыл сайын

    мен оқыту сипатындағы теле-      Республикасы  "ҚР ТРК" ЖАҚ

    радио хабарлар және қазақ        Үкіметіне     (келісім          

    тілінде жастар мен балалар       есеп          бойынша),

    бірегей бағдарламаларын;                       "Хабар"    

    - Қазақстан халықтары тілде.                   агенттігі"

    рінде теле- радио хабарлар                     ЖАҚ (келісім

    әзірлеу мен эфирге шығаруды                    бойынша)

    қамтамасыз ету

_________________________________________________________________________

41  Қазақстан мен ТМД елдерінің      Қазақстан     МАКМ          2002

    телерадио компаниялары ара-      Республикасы               жылдың

    сында диаспоралар тығыз орна.    Үкіметіне                 2-тоқсаны

    ласқан аймақтарда мемлекеттік    есеп                  

    телерадиоарналар арқылы тара.                             

    татын ұлттық тілдердегі арнайы                     

    бағдарламалармен өзара алмасу.                             

    лары жолдарын даярлау жөнінде              

    ұсыныс әзірлеу

_________________________________________________________________________

42  "Ана тілімізге - ақ жол" рес.    Қазақстан     МАКМ, "ҚР    2002 

    публикалық телемарафонын         Республикасы  ТРК" ЖАҚ     жылдың

    өткізу                           Үкіметіне     (келісім     3-тоқсаны

                                     есеп          бойынша),

                                                   "Хабар"    

                                                   агенттігі"

                                                   ЖАҚ (келісім

                                                   бойынша)

                                                   облыстар және

                                                   Алматы, Астана

                                                   қалаларының

                                                   әкімдері

_________________________________________________________________________

43  "Хабар-2" ұлттық арнасын ары     Қазақстан     МАКМ "Хабар"   2001

    қарай дамыту жөніндегі іс-шара.  Республикасы  агенттігі"    жылдың

    лар жоспарын әзірлеу             Үкіметіне     ЖАҚ (келісім  4-тоқсаны

                                     есеп          бойынша)

_________________________________________________________________________

44  Шет елдерде тұратын қазақ        Қазақстан     МАКМ           2001

    диаспорасының ақпараттық         Республикасы                жылдың

    мұқтаждарын қамтамасыз ету       Үкіметіне                 4-тоқсаны  

    жөнінде іс-шаралар кешенін       есеп        

    әзірлеу                                                   

  _________________________________________________________________________

45  Мемлекеттік және басқа тіл.      Қазақстан     МАКМ,         Ұдайы 

    дердегі хабарлардың тең          Республикасы  облыстар            

    арасалмағы сақталуы жөніндегі    Үкіметіне     және Алматы,           

    Қазақстан Республикасы заңна.    есеп          Астана

    маларының талаптары орындалуын                 қалаларының

    қамтамасыз ету                                 әкімдері

  _________________________________________________________________________

46  Тілдерді дамытудың өзекті        Қазақстан      МАКМ         Ұдайы 

    мәселелеріне арналған конфе.     Республикасы 

    ренциялар, дөңгелек үстелдер,    Үкіметіне                            

    кеңестер, т.б. өткізу            есеп      

  _________________________________________________________________________

47  Көлік пен байланыс, сауда,       Қазақстан     ККМ, ЭМРМ,  Жыл сайын

    денсаулық сақтау, тұрмыстық      Республикасы   ДСА,

    қызмет көрсету, анықтама-        Үкіметіне     Облыстар

    ақпараттық қызмет көрсету        есеп          және Алматы,           

    салаларында мемлекеттік тілдің                 Астана

    қолданылуын қамтамасыз ету                     қалаларының

                                                   әкімдері

_________________________________________________________________________


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.                                                    







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады