TOKMS-426 келісім-шарты бойынша өзара талаптарды реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 724 Қаулысы

      TOKMS-426 келісім-шарты бойынша өзара талаптарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "ITOCHU Corporation" компаниясы (бұдан әрi - Иточу) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ТОКМS-426 келiсiм-шарты (бұдан әрi - келiсiм-шарт) бойынша өзара талаптарды реттеу туралы ұсынысы қабыл алынсын, оның шеңберiнде Иточу:
      1) келiсiм-шарт бойынша орындалған жұмыстар үшiн өтемақы ретiнде 1151,7 миллион жапон йенасы мөлшерiндегi соманы қабылдап алады;
      2) аванстық төлем сомасы (15% - келiсiм-шарттың құны) мен өтемақы ретiнде қабылдап алынған сома (1151 миллион жапон йенасы) арасындағы айырманы қайтаруды жүргiзедi, бұл 1701 миллион жапон йенасын құрайды;
      3) келiсiм-шарт бойынша барлық мәселелердi берушiлермен реттейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы (келiсім бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен Иточумен тиiстi келісім жасассын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады