Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 шілде N 751

      Көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау мен қайта өңдеу кезiнде мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыруға жәрдемдесудiң және мұнай-газ кешенi өнiмiнiң көлiк ағындарын басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Қоғам жарғысын бекiту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi бағыттары республиканың мұнай-газ кешенiнiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жедел ақпаратты техникалық жинау, ақпараттық-талдау анықтамалық материалдар жасау, көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау, қайта өңдеу және оларды сату саласында маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi сертификаттауды жүргiзу деп белгілесiн; 
      2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгіне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінiң        
2002 жылғы 9 шiлдедегi  
N 751 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде: 
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-55-жолмен толықтырылсын: 
      "123-55. "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" ЖАҚ". 

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 46-жолмен толықтырылсын:
      "46. "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" ЖАҚ".

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады