"Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 шілде N 766

      Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2004.03.19. N 353
қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     "Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерi жөнiндегi Қазақстан
Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Жоба     

                   Қазақстан Республикасының Заңы

      Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерi жөнiндегi
      Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
         өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж, N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) 2-бапта:
      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi - кондоминиумға қатысушылардың ортақ үлестiк меншiгiн бiрлесiп басқару, ұстау және пайдалану үшiн үй-жайлардың иелерi құратын коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "жазбаша сұрау салу - кондоминиумды басқаруға, ұстауға және пайдалануға байланысты шешiмдер қабылдау үшiн барлық кондоминиумға қатысушылардың пiкiрiн анықтау;
      үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң мүшесi - үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң құрылтайшысы болып табылатын немесе берген өтiнiшiнiң негiзiнде үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң мүшелiгiне қабылданған кондоминиумға қатысушы;
      кондоминиумға қатысушылардың жиналысы - кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумды басқаруға, ұстауға және пайдалануға байланысты шешiмдердi ұжымды түрде талқылау және қабылдау үшiн алдын ала айқындалған орын мен уақытта бiрлесе отырып қатысуы;
      кондоминиум объектiсiн тиiсiнше ұстау - қызметi кондоминиум объектiсiмен тiкелей және (немесе) жанама байланысты үй-жайлар иелерiнiң, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ғимараттың мерзiмiнен бұрын тозуының алдын алу мақсатында жүргiзілетiн бақылау, қызмет көрсету және жөндеу жөнінде қолданылатын ұйымдастыру және техникалық iс-шараларының жиынтығы.";
      2) 18-баптың 3-тармағындағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әрбiр меншiк иесiнiң тұрғын үйді ұстау жөнiндегi шығыстарының мөлшерi осы Заңның 35-бабына сәйкес айқындалады.";
      3) 31-бапта:
      2-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi "тиесiлi болуы мүмкiн" деген сөздер "тиесілi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Меншiк құқығы мәмiле жасалған сәттегi барлық ауыртпалықтармен бiрге басқа тұлғаға берiледi.";
      4) 32-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      5) 34-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      3-тармақта "кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi меншiк иелерінiң келiсiмiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта "не кондоминиум объектiсiн басқару органының шешiмінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      6) 35-баптың 3-тармағында "егер меншiк иелерінің келiсiмiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер "және кондоминиумға қатысушылар жиналысының шешiмiмен бекiтiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 36-баптың 1-тармағында "ортақ" деген сөзден кейiн "уәкілетті мемлекеттiк орган бекітетiн" деген сөздермен толықтырылсын";
      8) 37-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi "қатыса алмайды" деген сөздерден кейiн ", ал ортақ мүлiктi пайдалануға қатысты мәселелер ерекшелiк болып табылады." деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 41-баптың 3-тармағындағы "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) мынадай мазмұндағы 41-1 баппен толықтырылсын:
      "41-1. Кондоминиум объектiсiнiң тиiсiнше ұсталуын бақылау
      Кондоминиум объектiсiнiң тиісінше ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.";
      11) 42-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шарт бойынша жеке немесе заңды тұлғаға берiлетiн кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi берiлетiн құқықтық өкілеттiк көлемi шартпен айқындалады.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кондоминиум объектiсiн басқару нысаны үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнің кооперативi болып табылған жағдайда, үй-жайлар иелерi кооператив басқармасымен тұрғын үй-пайдалану қызметтерiн көрсету туралы жеке шарттар жасасуға құқылы.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Меншiк иелерiнiң арасында кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы келiсiмге қол жетпеген ретте, егер басқару нысандарының бiрде-бiреуi үй-жайлар иелерi жалпы санының елу пайызынан астам дауыс алмаған жағдайда, онда жергiлiктi атқарушы органдар үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру туралы мәселенi қоюға құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 8, 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "8. Тұрғын үй үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң құрамынан шыққан кезде бөлу теңгерiмi жасалады, онда бөлек шығатын кондоминиум объектiсiнің үй-жайлары иелерiнiң төлемдерi мен ортақ мүлікті ұстауға жұмсалған үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң шығындары көрсетiледi.
      Шыққан тұрғын үйдiң міндеттемелері жөнiндегi құқықтар мен мiндеттердің құқықтық мұрагерi, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, кондоминиум объектiсiн басқарудың жаңадан құрылған нысаны болып танылады.
      9. Yй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, олардың қызметiн бақылауға және оларды ревизиялық (және/немесе аудиторлық) тексеруге байланысты қатынастар осы Заңмен реттеледi.";
     12) 43-бапта:
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Кондоминиум объектiсiн басқару үшiн үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтерi құрылуы мүмкiн.";
     5-тармақтың 2-бөлiгiнде:
     "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
     екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қайта өткiзiлген жиналыста кворум болмаған жағдайда, жазбаша сұрау салу жүргізіледі.";
     13) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
     "43-1-бап. Жазбаша сұрау салуды жүргiзу
     1. Жазбаша сұрау салу кондоминиумды басқаруға, пайдалануға және ұстауға байланысты шешiмдер қабылдау үшiн кондоминиумға барлық қатысушылардың пiкiрiн анықтау мақсатында, қандай да бiр мән-жайлардың салдарынан кондоминиумға қатысушылардың жалпы жиналысын өткiзу кезiнде кворумды қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда өткізiледi.
      2. Әрбiр кондоминиумға қатысушы жазбаша сұрау салуды жүргiзу кезiнде бiр дауысқа ие болады.
      3. Жазбаша сұрау салуды жүргiзудi ұйымдастыру үшiн басқарма үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң басқармасы мүшелерінiң iшiнен жауапты тұлғаларды тағайындайды.
      4. Дауыс берудің әрбiр парағы рет нөмiрiн, талқылауға енгiзiлген мәселелердi, кондоминиумға қатысушының мекен-жайын, аты-жөнiн, әкесiнiң атын, қол қоятын орнын, үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативі төрағасының қолын қамтуға тиiс.
      5. Жазбаша сұрау салуды жүргiзуге шығарылған мәселелер жөнiнде дауыс беру парағы үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнің кооперативіне кiретiн кондоминиум объектiлерiнiң әрбiр үй-жай иесiне жеткiзiледi.
      6. Жазбаша сұрау салу, егер дауыс беруге үй-жайлар иелерiнің кемiнде үштен екiсi қатысса, өткiзілген болып есептеледi.
      7. Дауысқа салу қорытындысы үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi басқармасының отырысында шығарылады. Шешiм, егер ол үшiн осы Заңның 47-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған кондоминиумға қатысушылардың қажеттi саны дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.
      8. Жазбаша сұрау салу қорытындысы жөнiндегi хаттамада дауыс беру парақтары бойынша жиынтық деректер келтiрiледi. Дауыс беру парақтары хаттамаға мiндеттi қосымша болып табылады және бiрге сақталады. Дауыс беру қорытындылары кондоминиумның әрбiр объектiсi бойынша жеке шығарылады.
      9. Жазбаша сұрау салу жолымен қабылданған шешiмнiң үй-жайлардың барлық иелерi үшiн мiндеттi күшi бар.";
      14) 44-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы "хаттамасы" деген сөзден кейiн  "немесе жазбаша сұрау салуды жүргiзу нәтижелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған, оларда кемшiлiктер болған жағдайда, сондай-ақ олар бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу мерзiмi үзiледi.";
      5-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кооперативтi тiркеуден бас тарту туралы шешiмi қабылданады.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртібін бұзған немесе оның құрылтайшы құжаттары заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеуден бас тартылуға тиiс.";
      15) 46-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 42 және 108-баптарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 47-бапта:
      1-тармақта:
      "қатысуға" деген сөзден кейiн "немесе жазбаша сұрау салуға қатысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жиналысты жүргiзу үшiн төралқа сайланады, оған әрбiр кондоминиум объектiсiнен бір өкiлден кiредi. Төралқа мүшелерi өз құрамынан төралқа төрағасы мен хатшысын сайлайды.";
      8) тармақшада "сомаға" деген сөздiң алдындағы "асатын" деген сөз "аспайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақ "жиналысқа қатысқан" деген сөздерден кейiн "немесе жазбаша сұрау салуға қатысқан" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 48-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) үй-жайлар иелерінің талабы бойынша жарты жылда бір реттен сирек емес кезеңдiлiкпен кондоминиумның әрбiр объектiсi бойынша ақшалай қаражатын пайдалану жөнiнде есеп беру;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мердiгерлiк шарттар жасасу жөнiнде тендерлiк рәсiмдер ұйымдастыру және өткiзу, өзге де шарттар жасасу;";
      7) тармақша "немесе жазбаша сұрау салуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ "жалпы жиналысында" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес өзге де тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 49-бапта:
      1-тармақта:
      "құқылы" деген сөз "мiндеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "кез келген" деген сөз "әрбiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Тексеру комиссиясының үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру актісі белгiленген нысандағы ресми құжат болып табылады. Бұл ретте мемлекеттiк органдар қайта тексеру жүргiзу құқығын сақтайды.";
      19) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
      "50-1-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнiң құқықтары
      1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерi:
      1) ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрлестiктерге бiрiгуге;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге немесе осы актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органның қарауына беруге;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетiлдіру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) өздерiнiң құқықтары мен үй-жайлар иелерiнiң құқықтарын қорғау үшiн талап-арызбен сот органдарына жүгiнуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де iс-әрекеттердi жасауға құқылы.
      2. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына   (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттары, қалалық және аудандық мәслихаттар тиiстi әкімияттардың ұсыныстары бойынша және уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халық үшiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларын бекiтуге құқылы.";
      2) 27-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "ұйымдастырады" деген сөзден кейiн ", кондоминиум объектiлерiнiң тиiсiнше ұсталуын бақылауды қамтамасыз етедi;" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.    

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады