"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 шілде N 769

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi
N 692 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

      Yкiметтің және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың құрамындағы кадрлық өзгерiстерге байланысты қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы" 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мәсiмов                   - Қазақстан Республикасы
Кәрiм Қажымқанұлы           Премьер-Министрінiң орынбасары,
                            төраға

Досаев                    - Қазақстан Республикасы
Ерболат Асқарбекұлы         Табиғи монополияларды реттеу,
                            бәсекелестiктi қорғау және шағын
                            бизнестi қолдау жөнiндегi
                            агенттiгiнiң төрағасы;

"Жандосов                 - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы                 Премьер-Министрiнiң орынбасары
Сатылғанов                - "Алматы қаржы-сауда банкi" ААҚ
Қайрат Алпамышұлы           басқармасы төрағасы"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Жандосов                 - Қазақстанның Қаржыгерлер
Ораз Әлиұлы                 қауымдастығы кеңесiнiң төрағасы

Сатылғанов                - "Қазақстан Халық банкi" ААҚ
Қайрат Алпамышұлы           басқармасының төрағасы";

     көрсетiлген құрамнан Имашев Берiк Мәжитұлы, Әбiлов Болат Мұқышұлы, Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Павлов Александр Сергеевич шығарылсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады