"Алтынсарин - Хромтау" жаңа темiр жол желiсiнiң құрылысы жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 шілде N 774

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Z020321_ Заңының 21-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын және "Алтынсарин - Хромтау" жаңа темiр жол желiсi құрылысының бас мердiгерлерi болып мыналар белгiленсiн:
      "Темiржолқұрылыс" ААҚ;
      "Қазавтоқұрылыс" ЖШС.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды қамтамасыз етсiн:
      1) Арқа - Арыстансор станциясының ұзындығы 38 километр кiреберiс темiр жолының меншiк иесiмен осы мүлiктi мемлекеттiк меншiкке беру туралы мәселенi шешу;
      2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасы орындалғаннан кейiн Арқа - Арыстансор станциясының ұзындығы 38 километр кiреберiс темiр жолын "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының иелiк етуiне және пайдалануына беру.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

 

министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-пен бiрлесiп

жаңа темiр жол желiсiн электрмен жабдықтау шарттарын бiр ай мерзiмде

қарасын және келiссiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады