"Жер туралы" Z010152_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнің Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң ауданы 3,5 га жер учаскесi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатынан қосымшаға сәйкес елдi мекендер жерлерi санатына ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 15 шілдедегі
N 780 қаулысына
қосымша
Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлерінің бөлінуі
(экспликациясы)
_____________________________________________________________________ Телімнің Учаске Бөгде жер Ауыстырылатын Жерлер
атауы N жалпы пайдалану. аудан, га санаты
ауданы, шылар
га
____________________________________________________________________
Кіші Алматы
орманшылығы
N 48 орам
1. N 5 телім 0,8 - 0,5 алаңқай жер
2. N 6 телім 1,1 - 0,2 тік баурай
3. N 8 телім 2,5 - 0,1 алаң
4. N 3 телім 8,5 - 1,4 орманды жер
5. N 15 телім 0,8 - 0,8 алаң
6. N 21 телім 2,4 - 0,5 орманды жер
____________________________________________________________________
Барлығы: 16,1 3,5
____________________________________________________________________