"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 417/39987436/1-00204/23 з., 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 417/39987436/1-00204-69 з., 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 417/39987436/1-00209/24 з., келiсiм-шарттарға сәйкес "Қара Балта тау-кен комбинаты" акционерлiк қоғамы (Қара Балта қаласы, Қырғыз Республикасы) үшiн "Химреактивснаб" жабық акционерлiк қоғамы (Уфа қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн химикаттардың қосымшаға сәйкес номенклатурасы мен саны бойынша Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы химикаттардың транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы
қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 19 шілдедегi
N 805 қаулысына
қосымша
"Қара Балта тау-кен комбинаты" акционерлiк қоғамы
(Қара Балта қаласы, Қырғыз Республикасы) үшін "Химреактивснаб" жабық
акционерлік қоғамы (Уфа қаласы, Ресей Федерациясы) беретін тауарлардың
саны
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Тауардың атауы ! СЭҚ ТН !Өлш. ! Саны ! Бiрлiк ! Ресей
N ! ! коды !бiрл.! ! үшін ! рублiмен
! ! ! ! ! ресей ! құны
! ! ! ! ! рублімен!
! ! ! ! ! бағасы !
---------------------------------------------------------------------------
1. Күкiрт қышқылы 280700100 кг 1540 77,95 120043,00
"осч" 11-5
2. Күкiрт қышқылы 280700100 г 4 407,00 1628,00
0,1 H
3. Тұз қышқылы "хч" 280610000 кг 120 62,49 7498,80
4. Тұз қышқылы 0,1 Н 280610000 г 11,2 583,75 6538,00
5. Толуол "осч" 22-5 290230900 кг 17 224,25 3812,25
6. Ацетон "осч" 9-5 291411000 кг 60 194,35 11661,00
7. Хлороформ "хч" 290313000 кг 45 224,25 10091,25
8. Калий марганец 284161000 кг 5 545,00 2725,00
қышқылы "ч"
9. Сутегi фторид 281111000 кг 154 203,00 31262,00
"осч" 27-5
10. Күкiрттi натрий 283010000 кг 110 298,50 32835,00
9 сут. "ч"
Жиыны: кг 2051,0152 228094,3
---------------------------------------------------------------------------
Жөнелту пунктi: Уфа қаласы (Ресей Федерациясы).
Баратын пунктi: Қара Балта қаласы (Қырғыз Республикасы).
Шекаралық өту пункттерi: Троицк-Қостанай, Жамбыл-Қара Балта.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.