Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 432 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 шілде N 806.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн

сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 жылға арналған ережесiн 
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 
432  

P020432_

  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал 
тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 
жылға арналған ережесiнде:
     11-тармақтың 2) тармақшасының екiншi абзацында "маусымда" деген сөз 
"шiлдеде" деген сөзбен ауыстырылсын;
     қосымшаның 6) тармақшасындағы кесте мынадай редакцияда жазылсын:
_________________________________________________________________________
          Өнім түрi                       Бір тоннаға      1 тоннаға
                                           арналған         арналған
                                           арзандату        субсидия
                                              %-ы           нормативі,
                                                           мың теңгемен  
_________________________________________________________________________  
Күздiк дақылдардан, жүгерi мен             40-қа дейiн       11,926
күрiштен басқа, астық және дәндi   
бұршақ дақылдары
Күздiк дақылдар                            40-қа дейiн       14,667
Жүгері                                     40-қа дейiн       30,000
Күрiш                                      40-қа дейiн       16,000  
Күнбағыс                                   40-қа дейiн       40,000 
Басқа майлы дақылдар                       40-қа дейiн       16,000
Картоп                                     40-қа дейiн       28,000 
Жоңышқа                                    40-қа дейiн      120,000
Басқа көп жылдық шөптер                    40-қа дейiн       46,000
Бiр жылдық шөптер                          40-қа дейiн       12,000 
Қант қызылшасы                             40-қа дейiн       16,000
Мақта                                      40-қа дейiн       22,000
_________________________________________________________________________  
     
     2. Осы қаулы 2002 жылғы 15 сәуірден бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады