Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi республикалық мемлекеттiк кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 шілде N 807

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105  қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады