Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1705 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 шілде N 808

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөнiндегi 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 193  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 55-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөнiндегi 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада: 
      "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын; 
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.29. N  600 қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 қарашадағы N 1500  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 517-құжат):
     2-тармақ алынып тасталсын.
     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1705  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады