Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 600 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677  Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 20 қаңтардан кешiктiрмей өткен жылы Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.20  N 597 Қаулысымен.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 311-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1705 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 шiлдедегi N 808  қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 249-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 95  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 43-құжат).

      4.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.06.20  N 597 Қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                         Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                        2006 жылғы»29 маусымдағы
                                       N 600 қаулысымен бекітілген

     Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған
   Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі
     2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескеру. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.02.16. N  117 , 2008.06.20  N 597 Қаулыларымен.

Р/с
N№
Іс-шара Аяқтау нысаны Жауапты 
орындаушылар
Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Барлық мемлекеттік құрылымдарда мемлекеттік гендерлік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға
жауапты адамдар шеңберін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтына орналастырылған, байланыс телефондары бар жауапты тұлғалардың тізімі

ӘІОДСҰК, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы шілде

2.

Гендерлік теңдік және адами даму мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастыру

Семинарлар, ӘІОДСҰК-ге ақпарат

МҚА, Мемлекеттік басқару академиясы

Тұрақты

3.

Белгіленген штат санының шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
комиссиялардың отбасы және гендерлік саясат
мәселелерімен айналысатын хатшылары қызметін енгізу

ӘІОДСҰК-ке ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы қаңтар

4.

"Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысы

ӘІОДСҰК, Әділетмині, ІІМ, Еңбекмині, АҚҰО

2006 жылғы желтоқсан

5.

Нормативтік құқықтық кесімдерге гендерлік сараптама жүргізу жөніндегі басшылықты әзірлеу

Анықтамалық құрал (басшылық)

Әділетмині, ӘІОДСҰК

2007 жылғы маусым

6.

Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына гендерлік сараптама жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Әділетмині

2007 жылғы желтоқсан

7.

Гендерлік индикаторлар бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік
стратегиясын іске асыруды сипаттайтын халықаралық стандарттарға сәйкес метабазаны әзірлеу

Гендерлік индикаторлардың метадеректері (индикаторларды айқындау және есептеу әдістемесі, деректердің көздері, өлшем бірліктері)

СА, ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині, ӘІОДСҰК

2007 жылғы шілде

8.

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі гендерлік индикаторлар метабазасын әзірлеу және қолдануды үйлестіру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобын құру

Статистика агенттігінің бұйрығы

СА, ӘІОДСҰК

2007 жылғы қаңтар

9.

Басшы қызметтердегі ерлер мен әйелдердің арақатынасын теңестіру үшін уақытша шараларды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу (квоталау, кемінде әйелдердің 30%-ы)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

МҚА

2006 жылғы желтоқсан

10.

Отбасының, әйелдердің, балалардың және ерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында
жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен және ҮЕҰ-мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

МАМ, ДСМ, БҒМ, ӘІОДСҰК, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008
жылдар, қаңтар

11.

Әйелдер мен ерлерді басшы қызметтерге және республикалық сияқты, жергілікті деңгейде де сайлау органдарына ұсыну кезінде гендерлік теңгерімді ескере отырып және сақтаумен партиялық тізімдерді қалыптастыру мақсатында ағартушылық жұмыс жүргізу*

Кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер

ӘІОДСҰК

Тұрақты

12.

Халықаралық ұйымдардың жәрдемдесуімен саясаткер әйелдерді оқыту мен даярлау мектептерін құру*

Әйелдер  көшбасшылығы мектептері

ӘІОДСҰК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы желтоқсан

13.

"Еңбеккер ерлер мен әйелдерге тең қарау мен тең мүмкіндіктер
туралы: отбасы міндеттері бар еңбеккерлер", "Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы" конвенцияларына Қазақстанның қосылуы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі сараптамалық кеңестің қарауына ұсыну

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі сараптамалық кеңестің қорытындысы

Еңбекмині, Әділетмині, СІМ

2008 жылғы шілде

14.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіптік өсу және экономикалық білім алу орталықтарын құру жөнінде, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, қаңтар

15.

Әйелдерді бизнеске тарту және олар құрған
кәсіпорындарды дамытуға жәрдем ету тетіктерін әзірлеу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

"Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, қаңтар

16.

Әйелдерді ауыл шаруашылығында, оның ішінде ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыспен қамтуды
дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, қаңтар

17.

Әйелдер проблемаларын, әйелдердің қоғамдағы ролін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін, оның ішінде мыналар жөніндегі мәселелерді БАҚ-та жария ету:
  әйелдерді техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тарту;
  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, "адами капиталға" инвестициялар салу;
  отбасы бизнесін тарату және дамыту;
  еркін жұмыс кестесі бар
"үйдегі" жұмыс орындарының кең желісін құру;
  серіктестікті және өзара көмекті дамыту

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

МАМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, қаңтар

18.

Еңбек режимі мен еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу және кеңейту, жүкті әйелдер мен балалы әйелдер үшін еңбек жағдайларын жақсарту

Еңбек кодексінің жобасы

Еңбекмині

2006 жылғы қыркүйек

19.

12-жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу және қабылдау кезінде
гендерлік құрауышты ескеру

Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2008 жылғы мамыр

20.

Оқулықтар мен  оқу құралдарына гендерлік сараптама жүргізу*

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

2007-2008 жылдар, қаңтар

21.

Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде гендерлік құрауышты енгізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

БҒМ

2008 жылғы желтоқсан

22.

Білім беру ұйымдарының (мектепалды, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары) педагогтары мен оқытушылар үшін гендерлік білім әдістемесі бойынша оқыту пакетін әзірлеу*

Оқу-әдістемелік кешен

БҒМ

2008 жылғы қыркүйек

23.

Гендерлік проблемалар жөніндегі оқу-әдістемелік әдебиетті және бейнефильмдерді әзірлеуді қамтамасыз ету*

Оқу құралдары, бейнероликтер

БҒМ, МАМ

2007-2008 жылдар

24.

Гендерлік білімді насихаттау үшін гендерлік білім беру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер шығаруды ұйымдастыру*

Ақпараттық бюллетеньдер

БҒМ

2007-2008 жылдар

25.

Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері жөніндегі, ана мен баланы қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ДСМ

2008 жылғы наурыз

26.

Халық арасында мыналар жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу:
халықтың өз денсаулығы мен болашақ ұрпақ денсаулығын сақтау үшін жауапкершілігін арттыру;
ерлердің өздерінің ұрпақты болу денсаулығына құқықтары туралы хабардар болуы;
қазіргі заманғы
контрацепция құралдары саласындағы білімді арттыру;
жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу мәселелерінен хабардар болуын арттыру*

Курстар, семинарлар, деңгелек үстелдер

МАМ, ДСМ

2006-2008 жылдар

27.

Суицидтердің алдын алу үшін сенім телефондары, дағдарыс орталықтары желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы сәуір

28.

Ерлердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу*

Әдістемелік ұсынымдар

ДСМ

2007 жылғы қараша

29.

Ерлер өмірінің ұзақтығын арттыруға ықпал ететін шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу.
Республиканың ұйымдарындағы өндірістік жарақат алу туралы хабардар ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар
ҚР ДСМ-ге ақпарат

ДСМ, ИСМ 
 
 
 
      Еңбекмині

2007 жылғы мамыр 
 
 
    2007 жылғы ақпан

30.

Ерлердің денсаулығы, отбасы және әке болу мәселелері жөнінде; ана болудың қауіпсіздігі, отбасын, жыныстық қатынасты және бала тууды жоспарлау; емшекпен тамақтандыру; тамақтандыру жөніндегі ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер шығару

Ақпараттық бюллетеньдер, буклеттер

ДСМ

2007-2008 жылдар

31.

Мыналар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу:
ұрпақты болу функцияларын қалпына келтіру әдістерін әзірлеу және шаралар енгізу;
ұрпақты болу функцияларын қалпына келтіруге нақты көмек көрсететін, аурулардың биомедициналық, эпидемиологиялық және санитарлық-гигие налық аспектілерін зерделеу;
  экологиялық қолайсыз өңірлердегі халықтың ұрпақты болу денсаулығын және оны жақсарту жөніндегі шараларды зерттеу*

Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер

ДСМ

2008 жылғы қаңтар

32.

Мынадай мәселелер бойынша ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер әзірлеу:
  психобелсенді заттарға бой ұру;
  экологиялық қолайсыз факторлардың адамдардың денсаулығына әсер етуі және олардың бүкіл ғұмыр бойындағы салауаттылығы;
  халықтың ұрпақты болу денсаулығына әсері бар аурулар (сүт безінің рагы, жыныс жолдарының
жұқпасы, жыныс аурулары, АҚТҚ/ЖҚТБ)*

Ақпараттық бюллетеньдер мен буклеттер

ДСМ

2007-2008 жылдар

33.

Ерлер мен әйелдерде бедеуліктің алдын алу (ерте бала жасынан) жөніндегі халыққа арналған
анықтамалық құрал әзірлеу

Анықтамалық құрал (басшылық)

ДСМ

2008 жылғы наурыз

34.

Көмекке мұқтаж жасөспірімдер мен жастарға, әйелдерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оларды әлеуметтік жағынан оңалту үлгілерін қалыптастыру*

Үлгінің жобасы және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ДСМ, БҒМ, ІІМ, Еңбекмині

2007 жылғы тамыз

35.

Елдегі тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған заң жобасын әзірлеу

Қазақстан   Республикасы Заңының жобасы

ІІМ, ӘІОДСҰК, Әділетмині

2007 жылғы қыркүйек

36.

Зорлық-зомбылықтың алдын алумен және жолын кесумен және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен айналысатын ішкі істер органдары бөлімшелерінің штат санын ұлғайтудың орындылығын қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы ақпан

37.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша ең озық халықаралық тәжірибе жөніндегі анықтамалық құрал дайындау*

Анықтамалық құрал (басшылық)

ІІМ, ӘІОДСҰК

2007 жылғы қараша

38.

Қиюы қашқан отбасылармен және халықтың ықтимал контингентімен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде алдын алу жұмысын жүргізу

ӘІОДСҰК-ге ақпарат

ІІМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, қаңтар

39.

Балалар мен жастарға арналған зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық жөніндегі оқу бағдарламасын әзірлеу*

Анықтамалық құрал (басшылық)

БҒМ, ІІМ

2008 жылғы шілде

40.

Отбасы мен неке институтының перспективалары мен бағыттарын айқындай отырып,
ұлттық дәстүрлер
мен халықтың ділін ескере отырып, республикадағы отбасының жағдайы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізу*

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, ӘІОДСҰК

2007 жылғы қыркүйек

41.

Қазақстандағы отбасының мәртебесін көтеру бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ӘІОДСҰК, МАМ, БҒМ, Еңбекмині, ДСМ

2007 жылғы қазан

42.

Қазақстан азаматтарының бала асырап алу рәсімін оңайлату
бөлігінде және халықаралық бала асырап алудың проблемалық мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы

БҒМ

2007 жылғы желтоқсан

43.

БАҚ-тар арасында қоғамдағы әйелдердің имиджін оңынан бейнелеу, гендерлік теңдікті насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізу*

Конкурс қорытындылары туралы хаттама

ӘІОДСҰК, МАМ

2007 жылғы мамыр

44.

Халықты оқыту үшін ақпараттық буклеттер мен бағдарламалар әзірлеу және тарату*

Буклеттер, бағдарламалар

МАМ, БҒМ

2007-2008 жылдар

45.

Саясаткер әйелдерге арналған кітаптар, брошюралар, оқу құралдарын, көшбасшы әйелдер
туралы анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру*

Кітаптар, брошюралар, оқу құралдары

МАМ, БҒМ

2007-2008 жылдар

Ескертпелер: * -  іс-шара халықаралық гранттарды тарту есебінен іске асырылатын болады; аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
       АҚҰО - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
       МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі
       СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      РБК - Республикалық бюджет комиссиясы
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады