"Кредиттiк серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 шілде N 823

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                 Жоба

                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

                    Кредиттiк серiктестiктер туралы

     Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құрылуына, қызметiне, қызметiн

реттеуге және тоқтатуға байланысты қатынастарды реттейдi.

                       1-тарау. Жалпы ережелер

            1-бап. Кредиттiк серiктестiктер туралы заңдар


 
       1. Кредиттік серiктестіктер туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, оның iшiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн заңдары кредиттiк серiктестіктерге осы Заңмен реттелмеген бөлiгінде қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңға қарағанда басым болады және халықаралық шарттағыдай, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
 
              2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мына негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) қосымша жарна - қатысушы кредиттiк серiктестiктiң мүлкiне берген, шектеусiз көбейтуге немесе азайтуға болатын ақша сомасы;
      2) кредиттiк серiктестiк - жеке және/немесе заңды тұлғалар өз

 

қатысушыларының кредиттер және басқа қаржылық қызмет көрсету

қажеттiлiктерiн олардың ақшасын жинақтау және Қазақстан Республикасының

заңдары тыйым салмаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған

заңды тұлға;

     3) мiндеттi салым - қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық

капиталына қосуға тиiстi ақшасы.

                       3-бап. Кредиттiк серiктестiк

     1. Кредиттiк серiктестiктер құрылтай шарты негiзiнде жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiктер нысанында құрылады және өз жарғысына сәйкес

iс-әрекет етедi.

     2. Кредиттiк серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға

"кредиттiк серiктестiк" болып атала алмайды.

     3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушыларының саны үштен кем болмауға

тиiс.

         2-тарау. Кредиттiк серiктестiктердi құру және лицензиялау

           4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары

     1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен

жарғы болып табылады.

     2. Кредиттiк серiктестiктің жарғысында Қазақстан Республикасының

заңдарында көзделген мәлiметтерден басқа:

     1) кредиттік серiктестіктiң толық және қысқартылған атауы;

     2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi

туралы ережелер;

     3) қатысушылардың кредиттiк серiктестiкке қатысу тәртiбi мен

талаптары;

     4) кредиттiк серiктестiкке кiрген кезде төленуге тиiстi мiндеттi

салымның ең аз мөлшерiн белгiлеу;


 
       5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндетті салымды және қосымша жарнаны салу (қайтару) тәртiбi мен талаптары;
      6) кредиттiк серiктестiктiң басқару органдары туралы ережелер; басқару органдарының шешiмдердi қабылдау тәртiбi, оған қоса кредиттiк серiктестiк қатысушыларының төрттен бiр бөлiгiнде және жиналысқа қатысқан бiлiктi көпшiлiк дауыстары қажет мәселелердiң тiзбесi;
      7) кредиттік серiктестiктiң басқару органдарының арасындағы құзыреттi бөлу;
      8) кредиттiк серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртiбi;
      9) кредиттiк серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу тәртiбi;
      10) кредиттiк серiктестiктiң бөлiнбеген кiрiсi мен резервтiк капиталын пайдалану тәртiбi болуы тиiс.
      Кредиттiк серiктестіктерге арналған жарғының үлгі нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Кредиттiк серiктестiк уәкiлеттi органға кредиттiк серiктестiктiң жарғысына енгiзiлген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы олар қабылданған күннен бастап бiр айдың iшiнде хабарлауға мiндеттi.
 
               5-бап. Кредиттiк серiктестiктердi лицензиялау
 
      1. Кредиттiк серiктестiк өз қызметiн жүзеге асыру үшiн осы Заңның 17-бабында көзделген банк операцияларын жүргiзуге құқық беретiн уәкiлеттi органның лицензиясын алуы тиiс.
      Уәкiлеттi орган кредиттiк серiктестiктерге лицензиялар бередi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Лицензиялары бар кредиттiк серiктестiктер туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      2. Кредиттiк серiктестiктерге банк операцияларын жүргiзуге лицензияны белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бередi.
      3. Өтiнiш берушi кредиттiк серiктестiктер үшiн осы Заңда көзделген банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн:
      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасы Заңының 16-тармағында көзделген

 

құжаттарды;

     2) кредиттiк серiктестіктiң операцияларды жүргiзудiң жалпы талаптарын

және iшкi ережелерiн ұсынуы тиiс.

     4. Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеде мынадай

мәлiметтер мен рәсiмдер болуы тиiс:

     1) берiлетiн кредиттердiң шектi сомалары мен мерзiмдерi;

     2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi көлемдерi;

     3) қатысушыларға операциялар жүргiзгенi үшiн шектi ставкалар мен

тарифтер;

     4) өзге де қосымша шарттар.

     Кредиттiк серiктестiктiң iшкi ережелерiнде:

     1) кредиттік комитеттiң және құрылымдық бөлiмшелердiң құрылымы,

мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттіктерi;

     2) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерi;

     3) кредиттік серiктестіктiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерi

кредиттік серiктестiктiң атынан және оның есебiнен мәмiлелердi жүзеге

асырған кезде олардың өкiлеттiктерi белгiленуге тиiс.

     5. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң

актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.

     Операцияларды жүргiзуге лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнiш

берушiге бас тарту себебi көрсетiле отырып жазбаша нысанда дәлелдi жауап

берiледi.

               3-тарау. Кредиттiк серiктестікке қатысу

             6-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының

                          құқықтары мен мiндеттерi

     1. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:

     1) кредиттік серiктестiк көрсететiн қызметтi пайдалануға;

     2) кредиттік серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;

     3) кредиттiк серiктестiктiң басқару органдарын сайлауға және оларға

сайлануға;


 
       4) осы Заңда және кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген

 

тәртiппен өзiнiң кредиттiк серiктестiкке қатысуын тоқтатуға;

     5) кредиттiк серiктестіктiң қызметiне қатысты ақпаратты және есептi

алуға құқылы;

     6) заң актiлерiнде және кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген

басқа да құқықтары бар.

     2. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары:

     1) жарғыны сақтауға және кредиттiк серiктестiктiң басқару

органдарының шешiмдерiн орындауға;

     2) кредиттiк серiктестiктiң басқару органдарына қатысушыларды

кредиттеу туралы шешiмдер қабылдау үшiн жеткiлiктi өзiнiң қаржылық

жай-күйi туралы шынайы ақпарат беруге мiндеттi;

     3) заң актілерiнде және кредиттік серiктестiктiң жарғысында көзделген

басқа да мiндеттер.

               7-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату

     1. Кредиттік серiктестiкке қатысу:

     1) ерiктi түрде шыққанда;

     2) кредиттiк серiктестiктен шығарылғанда;

     3) кредиттiк серiктестiк қызметi тоқтатылғанда;

     4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да

жағдайларда тоқтатылады.


 
       2. Кредиттiк серiктестiктен ерiктi түрде шығу туралы өтiнiш кредиттiк серiктестiктiң Басқармасына қарауға берiлуi тиiс, ол өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына ұсынуға мiндеттi.
      Кредиттiк серiктестiкке қатысу қатысушы осы Заңда көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiк алдында қабылдаған мүлiктiк мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн қатысушының ерiктi түрде шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкін.
      3. Кредиттiк серiктестіктiң қатысушысы осы Заңда көзделген талаптарды

 

сақтай отырып кредиттiк серiктестiктен шығарылуы мүмкiн.

     4. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушысы, егер:

     1) жарғыда бекiтiлген қатысу шарттарына сәйкес келмесе;

     2) кредиттік серiктестiк жарғысын, ережелерiн және шешiмдерiн бұза

отырып әрекет жасаса;

     3) кредиттiк серiктестiк алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаса;

     4) өз әрекеттерiмен кредиттiк серiктестікке зиян келтiрсе, кредиттiк

серiктестiктен шығарылуы мүмкiн.

     5. Қатысушының кредиттiк серiктестiктен шығарылуы шығарылғанға дейiн

оған 30 күн бұрын алдын ала хабарлағаннан кейiн ғана жүзеге асырылуы

мүмкiн.

                4-тарау. Кредиттік серiктестiктi басқару

            8-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқару органдары

     1. Кредиттiк серiктестiктiң басқару органдары:

     1) жоғары органы - кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы

жиналысы;

     2) атқарушы органы - Басқарма;

     3) бақылаушы органы - ревизиялық комиссия немесе ревизор болып

табылады.

     2. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында байқаушы органдар (байқаушы

кеңес) құру көзделуi мүмкiн.

              9-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жалпы жиналысы


 
       1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделедi.
      Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Жыл сайынғы жиналыстан басқа кредиттiк серiктестiк Басқармасының немесе кредиттiк серiктестiктiң кемiнде жиырма бес процентi болатын қатысушыларының бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар

 

өткiзілуi мүмкiн.

     Жалпы жиналыс жарғылық мақсаттарға және кредиттiк серiктестiктiң

мiндеттерiне және осы Заңға сай келетiн шешiмдер қабылдауға, басқарма

шешiмiнiң күшiн жоюға немесе бекiтуге құқылы.

     2. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша

құзыретiне, өзге заң актiлерiнде көзделген мәселелерден басқа, мыналар

жатады:

     1) iшкi ережелердi және мыналарға:

     кредиттiк серiктестiк қызметiнiң стратегиясына:

     кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк және инвестициялық саясатына;

     басқарма мүшелерiне, ревизиялық комиссияға немесе ревизорға және

кредиттiк серiктестiктiң басқа қызметкерлерiне төленетiн еңбекақы мөлшерiн

белгiлеу тәртiбiне;

     қатысушылардың қосымша жарна енгiзу тәртiбiн белгiлеуге;

     кредиттiк серiктестiктiң активтерiн есептен шығару тәртiбiне;

     қатысушыларды кредиттік серiктестiкке қабылдау және шығу (шығару)

тәртiбiне;

     жыл сайынғы бюджет және оны орындау туралы есепке;

     бухгалтерлiк есеп саясатын анықтауға қатысты басқа да құжаттарды

бекiту;

     2) жарғымен кредиттiк серiктестiктiң жалпы жиналысының айрықша

құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер.

     3. Алдағы уақытта болатын жиналыс туралы қатысушыларға жиналыс

өткiзiлген күнге дейiн кемiнде он бес күн бұрын хабар берiледi.

Хабарламада жиналыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны және күн тәртiбi

көрсетiледi.

     10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары жиналысының кворумы

                              және дауыс беру


 
       1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi жиналысқа қатысатын болса, жалпы жиналыс заңды деп танылады. Күн тәртiбiне енгiзілген мәселе бойынша шешiм бiлiктi көпшiлiк дауыспен немесе бiрауыздан қабылданған жағдайда егер оған барлық қатысушылар үштен екiсi қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына тиесiлi мiндеттi салымдар мен қосымша жарнаның мөлшерiне қарамастан, шешiм қабылданған кезде ол бiр ғана дауысқа ие болады.
      3. Жалпы жиналыста шешiмдер жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      4. Жалпы жиналыста жарғыны бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер кредиттiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көпшiлiк дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа қатысқан және ұсынылған қатысушылардың үштен екi бөлiгінiң бiлiктi көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      5. Қатысып дауыс беру мүмкiн болмаған жағдайда почта байланысы құралдарын пайдалана отырып немесе кредиттiк серiктестiк қатысушысының осы мәселе бойынша пiкiрiн жазбаша түрде алуға мүмкiндiк беретiн өзгеше әдiстiң көмегiмен сырттай дауыс беруге болады.
 
                11-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы
 
      1. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы қатысушылардың жалпы жиналысында сайланады және кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
      Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы жыл сайын кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы алдында өз қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп бередi.
      2. Кредиттiк серiктестiк басқармасының өкiлеттiктерiне мыналар кiредi:
      1) кредиттiк серiктестiк қызметiнiң iшкi ережелерiн қабылдау туралы және кейiн оларды өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
      2) кредиттiк серiктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына кредиттiк және инвестициялық саясаттарға қатысты ұсыныстар дайындау және енгізу, кредиттiк серiктестiктiң iшкi кредит саясаты және кредит комитетi туралы ережелердi әзiрлеу;
      3) жыл сайынғы бюджеттi және оның орындалуы туралы есептi әзiрлеу және беру;
      4) қызметкерлерге арналған еңбекақы мөлшерлерiн белгілеу;
      5) кредиттiк серiктестiктерге қатысушыларды қабылдау және шығару жөнiндегi мәселелер бойынша құжаттар дайындау және оны кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына ұсыну;
      6) кредиттік серiктестiктердiң ағымдағы қызметiне байланысты және кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне кiрмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
      3. Басқарма дербес орган бола алмайды және онда кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде үш мүшесi болуы тиiс. Басқарманы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы сайлайтын төраға басқарады.
      4. Басқарманың мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына бiр рет өткізiледi.
      Егер мәжiлiске кемiнде 2/3 мүше қатысатын болса, Басқарма оның қарауына енгiзiлген мәселелердi шешуге құқылы. Шешiм Басқарманың қатысушы мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
 
                  12-бап. Ревизиялық комиссия (ревизор)
 
      Кредиттiк серiктестiктің ревизиялық комиссиясы (ревизоры) болуы тиiс.
      Ревизиялық комиссияның (ревизордың) өкілеттiктерiне, өзге заң актiлерiнде көзделген мәселелерден басқа, мыналар кiредi:
      1) мерзiмдi жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткiзу арқылы кредиттiк серiктестiк, оның органдары және лауазымды адамдары жасайтын iс-әрекеттер мен операциялардың Қазақстан Республикасының заң талаптарына және кредиттiк серiктестiктiң iшкi құжаттарына сәйкестiгiн анықтау;
      2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына және Басқармаға кредиттiк серiктестiктiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсынымдар беру.
 
            5-тарау. Кредиттiк серiктестiкке мiндеттi салымдар
                            және қосымша жарналар
 
                13-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi
 
      1. Қатысушы кредиттiк серiктестiкке кiру үшiн мiндетті салымның ең аз мөлшерiн салады. Кредиттiк серiктестiктiң бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың мiндеттi салымдарының сомасына тең және Қазақстан уәкiлеттi орган белгiлеген сомадан аз бола алмайды.
      2. Мiндеттi салым кредиттiк серiктестiк немесе кез келген басқа заңды тұлға беретiн кредиттер бойынша кепiл бола алмайды.
      3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына ақша салу кезiнде кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақша салғанын растайтын құжат берiледi. Қатысушының кредиттiк серіктестiкке кейiнгi ақша салуы және оның қатысушыға ақшаны қайтаруы жоғарыда көрсетiлген құжатта белгіленуi тиiс.
 
            14-бап. Кредиттiк серiктестiктiң мiндеттi салым
                           сомасын қайтару тәртiбi
 
      1. Кредиттiк серiктестiкке қатысу тоқтатылған кезде қатысушыға кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген мерзiмде, бiрақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде тоқсан күнде мiндеттi салымның сомасы қайтарылады.
      2. Егер кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату қатысушылардың ең аз санынан төмен азаюына немесе кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгi деңгейден азаюына әкелмесе, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң мiндеттi салым сомасын төлеуге жеткіліктi мөлшерде меншiк қаражаты болса, мiндеттi салымның сомасын қайтару жүзеге асырылады.
      Егер кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату жарғылық капиталдың ең төменгi деңгейден азаюына әкелсе, кредиттік серiктестiк қатысушыға мiндеттi салымның сомасын түзетiлген құны бойынша қайтаруға құқылы.
      Егер кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату қатысушылардың ең аз санынан төмен азаюына әкеп соқтыруы мүмкiн болса, қатысушы "Шектеулi және қосымша жауапкершiлiгі бар серiктестiктер туралы" Z980220_ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен өзiнiң кредиттiк серiктестiкке қатысуын тоқтатады.
 
                 15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары
 
      Қатысушы кредиттiк серiктестiктiң мүлкiне қосымша жарнаны шектеусiз салуға құқылы. Кредиттiк серiктестiк қатысушыға кредиттiк серiктестiктiң жарғысында және iшкi ережелерiнде белгiленген мерзiмде және тәртiппен қосымша жарнаның сомасын қайтарады. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарналары оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгертпейдi.
 
              16-бап. Кредиттiк серiктестiктiң қосымша жарна
                          сомаларын қайтару тәртiбi
 
      Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қатысушыға кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген мерзiмде, бiрақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде тоқсан күн iшiнде қосымша жарнаның сомасы қайтарылады. Мұндай жағдайда кредиттiк серiктестiк алдында мiндеттемелерi бар бұл қатысушыға оның кредиттiк серiктестiк алдында бар мiндеттемелерi шегерiле отырып төлем жасалады.
 
                 6-тарау. Кредиттiк серiктестiктiң қызметi
 
       17-бап. Кредиттiк серiктестiк жүзеге асыратын банк операциялары
 
      Кредиттiк серiктестiктiң лицензиясы болса, өзiнiң қатысушылары үшiн банк және өзге де операциялардың мына түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
      1) касса операциялары: банкноттар мен металл ақшаны қабылдау, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, буу және сақтау;
      2) аударым операциялары: кредиттiк серiктестік қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
      3) заем операциялары: төлем жасалу, мерзiмiнде қайтарылу шартымен ақшалай кредиттер беру;
      4) кредиттiк серiктестік қатысушыларының тапсырмасы бойынша қосымша жарналар шегiнде есеп айырысуды жүзеге асыру;
      5) сейф операциялары: құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау, оған қоса сейф жәшiктерi мен үй-жайларды жалға беру бойынша қызмет көрсету;
      6) лизинг қызметiн жүзеге асыру.
 
             18-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi
 
      Кредиттiк серiктестiктер өз қызметiн үйлестiру, жалпы мүдделерiн қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де жалпы мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиттiк серiктестiктердiң қауымдастықтарын (одақтарын) құруға құқылы.
 
                  19-бап. Кредиттiк серiктестiктiң қызметi
 
      1. Кредиттiк серiктестiктiң заем операциялары кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысында бекiтiлетiн Iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Iшкi кредиттiк саясат туралы ережелерде кредиттердi өтеу мерзiмдерi мен шарттары, кредиттеу лимиттерi, қамтамасыз етудiң қолайлы нысандары және қатысушының кредиттiк серiктестiктегi оған тиесiлi төленген мiндеттi салымның және қосымша жарнаның жалпы сомасынан асып кететiн берешегiнiң ең көп сомасы қамтылуы тиiс. Кредит кредиттiк серiктестiк жарғысындағы қағидаларға сәйкес төленген мiндеттi салымға иелiк ететiн кредиттiк серiктестiктiң қатысушысына ғана берiлуi мүмкiн.
      3. Басқарма Төрағасына жеңiлдiк талаптарымен кредиттер беруге тыйым салынады.
      4. Басқарма Төрағасына, сондай-ақ кредиттiк серiктестіктiң қатысушыларына жеңiлдiк шарттарымен кредиттер беру кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      5. Ревизиялық комиссия (ревизор) Басқарма Төрағасына берiлген кредиттер туралы мәлiметтердi жыл сайынғы жалпы жиналыста кредиттiк серiктестiктiң барлық қатысушыларына мiндеттi түрде жiберуге тиiс.
      6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.
 
         20-бап. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы
 
      1. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы коммерциялық құпияға жатады және оған қатысушылардың олардың ең аз мөлшерiнен астам мiндеттi салымдары мен қосымша жарналары жөнiнде, заемшылар туралы, кредиттiк серiктестiктiң операциялары жөнiнде мәлiметтер (операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқасы), сондай-ақ кредиттік серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаудағы клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты және құны туралы мәлiметтер жатады.
      2. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлетiн операциялар бойынша құпияға, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаудағы мүлiктiң құпиясына кепiлдiк бередi.
      3. Кредиттiк серiктестiктiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзінің қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыру барысында кредиттiк серiктестiк жүргізетін операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер алуға рұқсаты бар өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн осы баптың 4-7-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, заң актiлерiнде көзделген жауапқа тартылады.
      4. Кредиттiк серiктестiк жүргізетiн операциялардың құпиясы тек мүлiктiң иесiне, мүлiк иесiнiң өзi болған сәтте берiлген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 5-7-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға төменде келтiрiлген негiздер бойынша ашылуы мүмкiн.
      5. Заемшылар, клиенттер және кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы анықтамалар, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаудағы мүлiктiң сипаты және құны туралы мәлiметтер:
      1) жауап алу және алдын ала тергеу органдарына: бiрiншi басшы немесе тергеушi қол қойған, жауап алу немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор рұқсат берген жазбаша сұрату негiзiнде кредиттiк серiктестiктiң сақтауындағы ақшаға және өзге де мүлiкке тыйым салынған, өндiрiп алынған немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылған жағдайларда оларда қаралып жатқан қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға: кредиттiк серiктестіктiң сақтауындағы ақшаға және өзге де мүлiкке тыйым салынуы, өндiрiп алынуы немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда соттың белгілеуi негiзiнде оларда қаралып жатқан iстер бойынша;
      3) прокурорға: оның құзыретi шегінде, оның қарауындағы материал бойынша, тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзiнде;
      4) жеке тұлғаның өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
      6. Иесi қайтыс болған жағдайда, кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаудағы мүлiктiң болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер:
      1) есепшот (мүлiк) иесi аманат қағазында көрсетiлген адамдарға;
      2) соттарға және нотариат кеңселерiне: оларда қаралып жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
      3) шетелдiк консулдық мекемелерге: оларда қаралып жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
      7. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер сондай-ақ уәкiлеттi органға оның сұратуы бойынша берiлуi мүмкін.
 
            21-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi
 
      1. Кредиттiк комитет кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк саясатын жүзеге асыратын орган болып табылады. Кредиттiк комитеттiң мүшелерiн кредиттiк серiктестіктiң Басқармасы сайлайды.
      Кредиттiк комитеттiң құрамына мүшелердiң тақ саннан тұратын кемiнде үш адамы кiруге тиiс.
      2. Кредиттiк комитет өзiнiң мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзедi.
      3. Кредиттiк комитет кредиттiк серiктестiк қатысушысының кредит алуға берген әрбiр өтiнiшi бойынша шешiмдер қабылдайды. Кредиттiк серiктестiктiң шешiмi кредиттiк комитет басшысының мiндеттi түрде қатысуымен мәжiлiске қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiк дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда кредиттiк комитет басшысының дауысы шешушi болып табылады.
 
            7-тарау. Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттеу
 
             22-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттеу
 
      1. Уәкiлеттi орган тұрақты қаржы жүйесiн сақтау және кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мүдделерiн қорғау мақсатында кредиттiк серiктестіктердiң қызметiн, оның iшiнде:
      пруденциалды нормативтердi және кредиттiк серiктестiктер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
      кредиттiк серiктестiктер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару арқылы реттеудi жүзеге асырады.
      2. Пруденциалды нормативтердiң және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң нормативтiк мәндерi мен есеп айырысу әдiстемесi, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық, реттеушi және бухгалтерлiк есебiнiң тiзбесi, нысандары және ұсыну мерзiмдерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      3. Кредиттiк серiктестiктерге заңды тұлғалардың жарғылық

 

капиталдарына қатысуға тыйым салынады.

              23-бап. Кредиттiк серiктестiктердi инспекциялау

     1. Уәкiлетті орган Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген

тәртiппен дербес не басқа ұйымдарды тарту арқылы кредиттiк серiктестiктiң

қызметiн инспекциялауға құқылы.

     2. Инспекциялауды жүзеге асыратын адамдар кредиттiк серiктестiктердiң

қызметiн тексеру барысында алған және коммерциялық құпиясы бар

мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

жауап бередi.

     24-бап. Кредиттiк серiктестiктерге қолданылатын ықпал ету шаралары

                      және оларды қолдануға негiздемелер


 
       1. Кредиттiк серiктестiк Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзған жағдайда оған осы бапта белгiленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн. Ықпал ету шаралары шектеулi ықпал ету шаралары мен санкцияларды бiлдiредi.
      2. Уәкiлеттi орган шектеуiшi ықпал ету шаралары ретiнде кредиттiк серiктестiкке мына шектеулi шараларды қолдануға құқылы:
      1) мiндеттеме-хатты талап етуге;
      2) орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқау беруге.
      Кредиттiк серiктестiктiң мiндеттеме-хатында бар кемшiлiктердi тану фактiсi және кредиттiк серiктестiк басшылығының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып жою жөнiндегi кепiлдiгi болуға тиiс.
      Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқауы - кредиттiк серiктестiкке анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы нұсқауы. Уәкiлетті органның жазбаша нұсқауы жөнiнде сотқа шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
      Кредиттiк серiктестiк уәкiлеттi органға мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы жөнiнде хабар беруге мiндеттi.
      3. Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
      4. Уәкiлеттi орган кредиттiк серiктестiкке санкция ретiнде мына шараларды қолдануға құқылы:
      1) лицензияны Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негіздемелер бойынша тоқтата тұру не қайтарып алу;
      2) кредиттiк серiктестiк Басқармасының Төрағасын оның iс-әрекетiнiң Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн тану үшiн жеткiлiктi деректер негiзiнде кредиттiк серiктестiктiң тиiстi органы бұл мәселенi қарауға дейiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босату.
      5. Уәкiлеттi орган банк операцияларының бұзылу сипатына қарай барлық не олардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияларды тоқтатады не қайтарып алады. Лицензияны қайтарып алу кредиттiк серiктестiктi қайта тiркеуге немесе оның қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.
      Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
 
       25-бап. Кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
 
      1. Кредиттiк серiктестiк:
      1) оның қатысушыларының шешiмi бойынша (ерiктi тарату);
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша (ерiксiз тарату) таратылуы мүмкiн.
      2. Сот кредиттiк серiктестiктi:
      1) кредиттiк серiктестiктiң банкрот болуына;
      2) осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны қайтарып алуға;
      3) кредиттік серiктестiк қатысушылары санының үштен кем болуына;
      4) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың кредиттiк серiктестiктiң қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа негiздемелер бойынша тоқтату туралы өтiнiшiне (шағымына) байланысты ерiксiз таратады.
      3. Кредиттiк серiктестiкті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Тарату комиссиясының қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
 
       26-бап. Кредиттiк серiктестiктердегi есепке алу және есеп беру
 
      1. Кредиттiк серiктестiктер өздерi жүргiзетiн операциялардың есебiн белгіленген тәртiппен бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      Кредиттiк серiктестіктiң бухгалтерлiк есебiнiң саясатын оның жалпы жиналысы белгiлейдi.
      2. Кредиттiк серiктестiктер уәкiлеттi органның сұратуы бойынша жеке қаражаты, жүргiзiлiп жатқан операциялар жөнiнде, оның iшiнде берiлген және алынған кредиттер мөлшерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
      3. Кредиттiк серiктестiк бухгалтерлiк есепте және есептi жасаған

 

кезде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есебiн және сақталуын қамтамасыз

етуге мiндетті.

     4. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлген жыл сайынғы аудит туралы

қорытындыны уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

     5. Есептiң нысаны, ұсыну тәртiбi, кезеңдiлiгi және мерзiмi уәкiлеттi

органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

     6. Кредиттiк серiктестiк салық есебiн Қазақстан Республикасының салық

заңдарында көзделген тәртiппен ұсынады.

                       8-тарау. Қорытынды ережелер

                         27-бап. Өтпелi ережелер


 
       1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн құрылған кредиттiк серiктестiктер осы Заң күшiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндетті.
      2. 2001 жылғы 25 қаңтарда мақұлданған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн

 

мемлекеттiк қаржы ресурстарын тарта отырып кредиттеудiң пилоттық жобасы

шеңберiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн құрылған ауылдық кредиттiк

серiктестiктер осы Заң күшiне енгiзiлген күннен бастап төрт жыл iшiнде

өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және өз қызметiн

осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.


                       28-бап. Осы Заңның күшіне енуі


     Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады