"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 шілде N 831

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсінің қарауына енгізiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                               Жоба



 
                     Қазақстан Республикасының Заңы
 

 

       Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасы

     Yкiметiнің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы

                       келiсiмдi бекiту туралы

     2000 жылғы 15 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнің арасындағы

Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

             Президентi

         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы

                   Үкiметінің арасындағы Халықаралық

                      автомобиль қатынасы туралы

                               КЕЛIСIМ

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Эстон Республикасының Үкiметi,


 
       екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың қолайлы дамуын назарға ала

 

отырып және екi ел арасында, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен

өтетін автомобиль қатынасын дамыту тiлегiн басшылыққа алып, өзара пайда

мен табыс мақсатында осы Келiсiмдi жасауды шештi.

                               1-бап

     Осы Келiсiмге сәйкес халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар

бойынша автокөлiк құралдарымен екi ел арасында және олардың аумақтары

арқылы транзитпен өтетін жолаушылар мен жүктердiң тұрақты және тұрақты

емес тасымалдары жүзеге асырылады.

                    I. ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАРЫ

                               2-бап


 
       1. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау осы Келiсiмге сәйкес, 3-бапта көрсетiлген тасымалдарды есептемегенде, рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына бос автобустармен кiру үшiн 3-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде, сол елдiң жеке рұқсаты қажет.
      3. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау Тараптардың құзыретті органдары арасындағы келiсiм бойынша ұйымдастырылады.
      4. Тараптардың құзыреттi органдары осындай тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұсыныстарды жазбаша түрде бiр-бiрiне алдын ала бередi.
      5. Осы ұсыныстар тасымалдаушының (фирманың) атауы мен мекен-жайларына, жүру бағытына, қозғалыс кестесiне, тарифiне, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу және түсiрудi жүргiзетiн аялдама мекендерiне, сондай-ақ тасымалдауды орындаудың белгiленген кезеңi мен тұрақтылығына қатысты мәлiметтерден тұруы керек.
 
                                3-бап
 
      1. Жолаушыларды автобустармен тасымалдауды орындауда:
      а) егер жеке құрамның бiр және сол тобы автобус тiркелген Тараптың аумағынан басталып және аяқталатын бүкiл сапар бойында бiр автобуспен тасымалданса және мұндай жүру барысында жолаушылардың жеке құрамы өзгерiссiз қалса;
      б) егер жеке құрамның бiр және сол тобы автобус тасымалдаудан кейiн

 

бос қайтқан жағдайда автобус тiркелген Тараптың аумағынан басталатын және

екіншi Тараптың аумағында аяқталатын бүкiл жүру бойында бiр автобуспен бiр

бағытта тасымалданса рұқсат талап етiлмейдi.

     Мұндай тасымалдаулар кезiнде тұрақтыларды қоспағанда жолаушылардың

тiзiмi талап етіледi.

     2. Тасымалдаушы бұзылған автобусты пайдалануға жарамды бос шығатын

басқа автобуспен ауыстырған жағдайда рұқсат талап етілмейді.

                        II. ЖҮКТЕРДI ТАСЫМАЛДАУ


                               4-бап


 
       1. Осы Келiсiмнiң 5-бабында көзделген тасымалдарды қоспағанда екi ел арасындағы немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жүктердi тасымалдау Тараптардың құзыреттi органдары берген рұқсаттар негiзiнде автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр тасымалдауға бiр барып, қайту рейсiн жасауға рұқсат беретiн,

 

егер өзгесi рұқсаттың өзінде ескертiлмесе жеке рұқсат берiледi.

     3. Тараптардың құзыреттi органдары жыл сайын бiр-бiрiне өзара

келiсiлген жүктердi тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерiнiң санын

беретін болады.

     4. Әрбiр автомобильге немесе автопоездге жеке рұқсат берiлуi тиiс.

Рұқсат бос автокөлiк құралдары үшiн де талап етiледi. Автопоездбен

тасымалдаған кезде тек тартқыш үшiн рұқсат қажет. Рұқсаттың қолданылуы - 1

күнтiзбелiк жыл.

                               5-бап

     1. Осы Келiсiмнiң 4-бабында көрсетiлген рұқсаттар:

     а) қоныс аударған кезде жылжыйтын мүлiктi;

     б) жәрмеңкелер мен көрмелердi жайластыруға арналған экспонаттар,

жабдықтар және материалдарды;

     в) көлiк құралдарын, жануарларды, сондай-ақ спорт iс-шараларын

өткiзуге арналған әртүрлi керек-жарақтар мен мүлiктердi;

     г) театр көрiнiстерi мен реквизиттерiн, музыкалық аспаптарды, кино

түсiру, радио- және теледидар бағдарламалары үшiн жабдықтар мен

керек-жарақтарды;

     д) қайтыс болған адамның денесi мен сүйегiн;

     e) почтаны;

     ж) сынған автокөлiк құралдарын;

     з) табиғи апат кезiнде жәрдем беру үшiн медициналық жабдықтар мен

дәрi-дәрмектерді;

     и) автокөлiк құралдарымен тiркемемен қоса жалпы рұқсат етiлген

салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе рұқсат етiлген пайдалы жүктемесi,

тiркеменi қосқанда 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауды орындағанда

талап етiлмейдi.

     2. Осы Баптың 1-тармағының б), в) және г) тармақшаларында көзделген

ерекшелiктер егер жүк автокөлiк тiркелген елге қайтып келуге жататын

немесе егер жүк үшiншi елдiң аумағына тасымалданатын болған жағдайларда

ғана қолданылады.

                               6-бап


 
       1. Бiр Тарап мемлекетiнiң жүкпен немесе жүксiз жүрген автокөлiк құралының көлемi немесе салмағы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормадан асуы, сондай-ақ қауiпті жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы екiншi Тараптың құзыреттi органдарынан арнайы рұқсат алуы

 

тиiс.

     Тараптардың құзыреттi органдары осындай арнайы рұқсат беру туралы

өтiнiшке, оны алған күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрмей жауап беруi тиiс.

     2. Егер осы Баптың 1-тармағында аталған арнайы рұқсат автокөлiк

құралының белгiленген бағыт бойынша қозғалысын көздесе, онда тасымалдау

осы бағыт бойынша ғана жүзеге асырылуы тиiс.

                        III. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

                               7-бап


 
       1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi мекен арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыру рұқсат етiлмейдi.
      2. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органынан арнайы рұқсат алса, ол екiншi Тарап мемлекетінiң аумағынан үшiншi елдiң аумағына, сонымен қатар үшiншi елдiң аумағынан екiншi Тараптың аумағына тасымалдауды жүзеге асыра алады.
 
                                8-бап
 
      1. Осы Келiсiммен көзделген тасымалдауларды, өз елдерiнiң iшкi

 

заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат етілген

тасымалдаушылар ғана орындайды.

     2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарында өз

елдерiнiң ерекше және тiркеу белгiлерi болуы тиiс.

     3. Осы Келiсiмнiң негiзiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру

кезiнде бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Тарап мемлекетiнiң

аумағында қолданылатын заңдар мен жол қозғалысы ережелерiн сақтауға

мiндетті.

                               9-бап

     Осы Келiсiммен көзделген жүк тасымалдары нысандары жалпыға бiрдей

қабылданған халықаралық үлгiге сәйкес келетiн тасымалдау құжаттары арқылы

жүзеге асырылады.

                              10-бап


 
       Автокөлiк құралын жүргiзушіде өзi жүргiзетiн автокөлiк құралының санатына сәйкестi ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және автокөлiк құралына ұлттық тiркеу құжаттары болуы тиiс.
 
                               11-бап
 
      Осы Келiсiмнiң негiзiнде бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушылары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен белгiленген автострадалардың жеке учаскелерi, туннелдер, көпiрлер және өзге де инженер-техникалық жол құрылыстары бойынша жүру үшiн алынатын салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай-ақ сол берiлген жалпы салмағы мен бiлiкке түсетiн күштен асқаны үшiн алымдар төлеудi қоспағанда екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асатын жолаушылар мен жүк тасымалдары, сондай-ақ осы тасымалдарды орындайтын көлiк құралдары жолдарды пайдалануға немесе күтiп-ұстауға қатысты салықтар мен алымдардан босатылады.
 
                                12-бап
 
      Осы Келiсiмнiң негiзiндегi халықаралық тасымалдар тасымалды орындайтын автокөлiк құралы әрбiр Тарап мемлекеттiң аумағына кiру сәтiне үшiншi тұлғаларға келтiрiлуi мүмкiн залалдан азаматтық жауапкершiлікке қатысты сақтандырылған жағдайда рұқсат етiледi.
 
                                13-бап
 
      Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты екi Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың ережелерi қолданылады.
      Осы келiсiмдермен реттелмеген мәселелердi шешкен кезде әрбiр Тарап мемлекеттерiнiң iшкi заңдары қолданылады.
 
                                14-бап
 
      1. Ауыр науқастарды тасымалдау кезiнде, жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау кезiнде шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау кезектен тыс жүзеге асырылады.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерiнiң кеден заңдарымен жүктердi әкету, әкелу және транзитпен өткiзу рәсiмдерi үшiн көзделген талаптарды орындауға ықпал етпейді.
 
                                15-бап
 
      1. Осы Келiсiмнiң негiзiндегi тасымалдарды орындау кезiнде енгiзуге рұқсаттан, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алымдардан және әкелу үшiн кедендiк баждардан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiн:
      а) әрбiр автокөлiк құралының моделiне көзделген қозғалтқыштарды қоректендiру жүйесiмен технологиялық және конструктивтi байланыстырылған сыйымдылықтарды, сондай-ақ жүк автокөлік құралдарына орнатылған арнаулы агрегаттар жұмысына технологиялық байланыстырылған қосымша сыйымдылықтардағы жанармай;
      б) тасымалдау уақытында тұтынуға қажеттi мөлшердегі жағармай материалдары;
      в) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлiк құралын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер өзара босатылады.
      2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi әкетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер не елден шығарылуы, не болмаса жойылуы, немесе келген мемлекеттiң белгiленген тәртiбiмен өткiзiлуi керек.
 
                                16-бап
 
      Тасымалдаушы осы Келiсiмнiң ережелерiн бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында бұзған жағдайда автокөлiк құралы тiркелген елдiң құзыреттi органдары екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органының өтінiшi бойынша бұзуға жол берген тасымалдаушыға iшкi заңдарда көзделген шараларды қолданады.
      Бiр Тараптың құзыреттi органының өтiнiшi бойынша екiншi Тараптың

 

құзыреттi органы қолданған шаралары туралы хабарлайды.

     Тарап мемлекеттерiнiң автотасымалдаушылары жасаған құқық бұзулары

үшiн болған елдiң ұлттық заңдарына сәйкес жауапты болады.

                               17-бап

     Осы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету және туындайтын даулы

мәселелердi тезiрек шешу мақсатында Тараптар Бiрлескен Комиссия құрады.

Бiрлескен Комиссияның құрамына олардың мемлекеттерiнiң құзыретті

органдарының өкiлдерi кіредi.

     Бiрлескен Комиссияның мәжiлiстерi Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша

өткiзiледi.

                               18-бап

     1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға байланысты

туындаған барлық даулы мәселелердi консультациялар мен келiссөздер арқылы

шешедi.

     2. Тараптар екi жақтың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге қажеттi

толықтырулар немесе өзгерiстер енгiзуi мүмкiн. Осындай өзгерiстер немесе

толықтырулар оларды әрбiр Тараптың бекiтуi туралы хабарлайтын ноталармен

алмасқан сәттен бастап күшiне енедi.

                      IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

                               19-бап

     Осы Келiсiммен, сондай-ақ екi Тарап та қатысушылары болып табылатын

халықаралық шарттармен және келiсiмдермен реттелмеген мәселелер әрбiр

Тарап мемлекетiнiң iшкi заңдарына сәйкес шешіледi.

                               20-бап

     Осы Келiсiм Тараптардың жасасқан басқа халықаралық шарттары мен

келiсiмдерiнен шығатын құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.

                               21-бап


 
       1. Осы Келiсiм, Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлік рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабар алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi

 

дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапқа Келiсiмнiң күшiн жою туралы

өзiнiң ниетiн жазбаша хабарлаған күнiнен бастап 90 күн iшiнде өз күшiн

сақтайды.

     3. Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Атқарушы Хаттама

қоса берiлдi.

     Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда әрқайсысы қазақ, эстон және

орыс тiлдерiнде екі дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi

бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерi әртүрлi түсiндiрiлген жағдайда

Тараптар орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.


     Қазақстан Республикасының              Эстон Республикасының

           Үкіметi үшiн                         Үкiметi үшiн

         Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасы

          Yкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы

                     туралы келiсімді қолдану туралы

                           АТҚАРУШЫ ХАТТАМА

     Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасы Үкiметiнің арасындағы

Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмдi қолдануға қатысты

төмендегілер жөнiнде уағдаластыққа қол жеткiзілдi:

     1. Аталған Келiсiмнiң мағынасында құзыреттi органдар деп мыналар

түсiнiледi:

     Қазақстан Республикасының тарабынан

     а) 2, 4, 7, 16 және 17-баптар бойынша

     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі,

     473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49,

     тел.: (3172) 32 62 67, факс: (3172) 32 10 58

     б) 6-бап бойынша - Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген

нормалардан көлемi немесе салмағы асатын автокөлiк құралының жүруi үшiн

арнайы рұқсатты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгiнің Көлiктік бақылау комитетi бередi,

     473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71,

     тел.: (3172) 33 31 54, факс.: (3172) 33 33 14

     Арнайы рұқсатты беру туралы тапсырыста:

     а) тасымалдаушының атауы мен оның мекен-жайы;

     б) көлiк құралының маркасы, үлгiсi және тiркеу нөмiрi;

     в) бiлiктердiң, доңғалақтардың саны және олардың өзара орналасу

сызбасы;

     г) жүгi бар көлiк құралының жалпы нақты салмағы, көлемi;

     д) әрбiр бiлiкке түсетiн күш;

     e) жүгi бар көлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы;

     ж) тиеу және түсiру орны, жүру бағыты, жүрудiң болжамды уақыты және

күнi, мемлекеттiк шекарадан өтетiн жерi;

     з) талап бойынша жүгi бар көлiк құралының нобайы көрсетілуi тиiс;

     с) 6-бап бойынша - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi

жүктердi тасымалдауда жүктердің барлық қауiптi кластары үшiн арнайы

рұқсатты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлігі бередi,

     475000 Көкшетау қ., К. Маркс көшесi, 81

     тел. (3162) 5-42-42, факс (316) 5-06-20;

                  Эстон Республикасының тарабынан

     а) 2, 4, 7, 16 және 17-баптар бойынша

     Эстон Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi

     15081, Таллин қ., Виру 9

     тел.: (372) 6397 613, факс: (372) 6397 606;

     6) 6-бап бойынша - көлемi мен салмағы Эстон Республикасының аумағында

белгiленген нормалардан асатын автокөлiк құралының жүруi үшiн арнайы

рұқсатты Эстон шоссе жолдарының департаментi бередi

     10141, Таллин қ., Пярнусс шоссесі 24

     тел. (372) 6 11 93 00, факс (372) 6 11 93 61

     Арнайы рұқсатты беру туралы тапсырыста:

     а) тасымалдаушының атауы мен оның мекен-жайы;

     б) көлiк құралының маркасы, түрi және тiркеу нөмiрi;

     в) бiлiктердiң саны және олардың орналасуы;

     г) жүгі бар көлiк құралының көлемi мен салмағы;

     д) жүк көтергіштiгi;

     е) әрбiр бiлiкке түсетiн жүктеме;

     ж) тиеу және түсiру орындарының мекен-жайы;

     з) мемлекеттік шекарадан өтетiн жерi, күнi және бағыты;

     и) талап бойынша жүгi бар көлiк құралының нобайы көрсетiлуi тиiс.

     с) 6-бап бойынша - Эстон Республикасының аумағы бойынша қауіпті

жүктерді тасымалдау үшін арнайы рұқсатты:

     Эстон Шоссе жолдарының департаментi бередi

     10141, Таллин қаласы, Пярнусс шоссесi, 24

     тел. (372) 6 11 93, факс (372) 6 11 93 61

     2. Осы келiсiмнiң мағынасында түсiнiлуi тиiс:


 
       2.1. "Тасымалдаушы" терминi Тараптар мемлекетiнiң iшкi заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдарды орындауға уәкiлеттік алған кез-келген жеке және заңды тұлғаны бiлдiредi.
      2.2. "Автокөлiк құралы" терминi:
      жүктердi тасымалдау кезiнде - жүк автомобилiн, тiркемесi бар жүк автомобилiн, автомобиль тапқышты немесе жартылай тiркемесiмен тартқышты;
      жолаушыларды тасымалдау кезiнде - автобусты, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын есептемегенде 8 отыратын орны бар автокөлiк құралын, сондай-ақ теңдеме жүктi тасымалдауға арналған тiркеменi бiлдiредi.
      2.3. "Рұқсат" терминi бiр Тарап мемлекетiнiң автокөлiк құралының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына/нан кiруiне, шығуына рұқсат беретiн немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өтуге құқық беретiн құжатты бiлдiредi.
      2.4. "Тұрақты тасымалдаулар" Тараптар мемлекетiнiң автокөлiк құралымен алдын-ала келiсiлген кесте, қозғалыстың бастапқы және соңғы мекендерi мен аялдау мекендерi көрсетiлген жүру бағыты бойынша жүзеге асырылатын тасымалдарды бiлдiредi.
      2.5. "Тұрақты емес тасымалдаулар" терминi қалған барлық тасымалдарды бiлдiредi.
      2.6. "Транзиттiк тасымалдар" шығу және бару мекендерi Тарап мемлекетiнiң аумағынан тыс орналасқан кездегі осы Тараптар мемлекетiнiң бiрiнiң аумағы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдарын білдiредi.
      3. Осы Келiсiмнiң 4-бабының 2-тармағын орындау үшiн тасымалдарды орындауға рұқсатты ол берiлген тасымалдаушыны ғана пайдалану мүмкiндiгi және оны басқа тұлғаға беруге болмайтындығы көзделедi.
      4. Тараптардың құзыреттi органдары үстiмiздегi жылғы қарашаға дейiн келесi жылға жоғарыда айтылған санаттар бойынша, өзара алмасуы үстiмiздегi жылғы 1 желтоқсанға дейiн жүргiзiлетiн рұқсаттардың қажеттi мөлшерiн келiседi.
      Үстiмiздегi жылы берiлген рұқсаттардың келесi жылғы 31 қаңтарға дейiн күшi бар.
      5. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес талап етiлетiн рұқсаттар мен

 

басқа құжаттар солар жататын автокөлiк құралында болуы тиiс және құзыреттi

бақылау органының талабы бойынша көрсетiледi.


     Осы Атқарушы Хаттама әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тілдерiнде екi

дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерi әртүрлi түсiндiрiлген жағдайда

орыс тіліндегі мәтін негiзге алынады.

     Астана қаласында 2000 жылғы 15 маусымда жасалды.

     Қазақстан Республикасының            Эстон Республикасының

          Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшін


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады