Қазақстан Республикасының өкiлдерiн Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне жiберу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 шілде N 836. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.04.14. N 416 қаулысымен.

      Орталық Азия Мемлекеттер басшыларының Арал теңiзi проблемалары жөнiнде 2002 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында қабылдаған шешiмдерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасынан мына өкiлеттi өкiлдер жiберiлсiн:
      Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмов;
      Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне:
      Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы филиалының Атқарушы дирекциясының директоры Алмабек Нұрышұлы Нұрышев;
      Ғаламдық экологиялық қор жобасы Компонентiнiң директоры Медет Оспанұлы Оспанов;
      Халықаралық, Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы Федор Федорович Сутулов.
      2. Қазақстан Республикасынан жiберiлген мына өкiлеттi өкiлдер керi қайтарылсын:
      Владимир Сергеевич Школьник - Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасынан;
      Эдуард Карлович Өтепов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясынан.
      3. Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiссөздер жүргiзуге және тиiстi мәселелер бойынша құжаттарға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының өкiлдерiн Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне жiберу туралы" 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1734 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1734 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы" 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1429
қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады