Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң республикалық
бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 83
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта "24" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын;
2) осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 25, 26, 27-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 83а қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 83 қаулысына
25 қосымша
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
--------------------------------
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған
"Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
әкімшілік ғимараты құрылысын салу"
303 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 505 400 мың (бес жүз бес миллион төрт жүз мың) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 U010574_ Жарлығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Астана қаласында Есіл өзенінің
сол жақ жағалауында Үкіметтік орталықтың әкімшілік ғимараттарының
құрылысын салу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Сыртқы
істер министрлігінің жаңа әкімшілік ғимараты құрылысын салу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны (кіші ! Іске ! Жауапты
ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.! бағдарламаны) іске ! асыру!орындаушы
коды !дар. !ның) атауы ! асыру жөніндегі !мерзі.!
!лама.! ! іс-шаралар !мдері !
!ның ! ! ! !
!коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
303 Астана қаласында Белгіленген тәртіппен 2002 Қазақстан
Қазақстан мемлекеттік сараптама жыл Республи.
Республикасы мен бекітуден өткен касының
Сыртқы істер жобалық-сметалық құжат. Сыртқы
министрлігінің тамаға сәйкес Қазақстан істер
әкімшілік Республикасы Сыртқы министрлігі
ғимаратының істер министрлігінің
құрылысын салу әкімшілік ғимаратының
құрылысын салу.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің әкімшілік ғимаратында орындалған құрылыс-монтаж
жұмыстарының көлемі.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 83а қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 83 қаулысына
26 қосымша
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
--------------------------------
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған
"Астана қаласындағы дипломатиялық қалашыққа қызмет көрсету
объектілерінің құрылысын салудың"
305 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 700 000 мың (жеті жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 U010574_ Жарлығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: дипломатиялық қалашықты
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету, мұның өзі
дипломатиялық өкілдіктерді Астана қаласына көшіру тұжырымдамасын іске
асырудың негізгі шарты болып табылады.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында дипломатиялық
қалашыққа қызмет көрсету объектілерінің құрылысын салу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны (кіші ! Іске ! Жауапты
ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.! бағдарламаны) іске ! асыру!орындаушы
коды !дар. !ның) атауы ! асыру жөніндегі !мерзі.!
!лама.! ! іс-шаралар !мдері !
!ның ! ! ! !
!коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
305 Астана қаласында Белгіленген тәртіппен 2002 Қазақстан
дипломатиялық мемлекеттік сараптама жыл Республи.
қалашыққа қызмет мен бекітуден өткен касының
көрсету объекті. жобалық-сметалық құжат. Сыртқы
лерінің тамаға сәйкес Астана істер
құрылысын салу. қаласында дипломатиялық министрлігі
қалашыққа қызмет
көрсету объектілерінің
құрылысын салу.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес дипломатиялық қалашыққа қызмет көрсету
объектілерінің орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.
Пайдалануға тапсыру:
- технологиялық қызмет көрсету ғимараты - 760 шаршы метр;
- дипломатиялық қалашықты пайдалану жөніндегі басқарма дирекциясының
әкімшілік ғимараты - 1353 шаршы метр;
- екі БӨП - 32 шаршы метр;
- екі КП - 103 шаршы метр.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 7 мамырдағы
N 83а қаулысына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 23 қаңтардағы
N 83 қаулысына
27 қосымша
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
--------------------------------
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған
"Астана қаласындағы дипломатиялық қалашықтың екінші кезектегі
инженерлік жүйелерінің құрылысын салудың"
306 республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300 000 мың (үш жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 U010574_ Жарлығы.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық
бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы дипломатиялық
қалашықты тұрғыдан инженерлік қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы
дипломатиялық қалашықтың инженерлік жүйелерінің құрылысын салу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның ! Бағдарламаны (кіші ! Іске ! Жауапты
ламаның!бағ. !(кіші бағдарлама.! бағдарламаны) іске ! асыру!орындаушы
коды !дар. !ның) атауы ! асыру жөніндегі !мерзі.!
!лама.! ! іс-шаралар !мдері !
!ның ! ! ! !
!коды ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
306 Астана қаласындағы Белгіленген тәртіппен 2002 Қазақстан
дипломатиялық мемлекеттік сараптама жыл Республи.
қалашықтың екінші мен бекітуден өткен касының
кезектегі жобалық-сметалық құжат. Сыртқы
инженерлік тамаға сәйкес істер
жүйелерінің дипломатиялық министрлігі
құрылысын салу. қалашықтың екінші
кезектегі инженерлік
жүйелерінің құрылысын
салу.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің дипломатиялық қалашығындағы екінші кезектегі инженерлік
жүйелері мен инфрақұрылым объектілерінде орындалған құрылыс-монтаж
жұмыстарының көлемі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.