Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 845

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен "Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дене

 

шынықтыру-сауықтыру корпусының құрылысын аяқтауға 25 (жиырма бес) миллион

теңге бөлiнсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады