Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмдi бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 849.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi - Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына

      қатысушы-мемлекеттердiң Yкiметтерi,

      есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың (бұдан әрi - есiрткiлер) заңсыз таралуының және оларды медициналық тұрғыдан тыс пайдаланудың, әсiресе әйелдер мен кәмелетке толмағандар пайдалануының ауқымына үлкен алаңдаушылық бiлдiре отырып,

      есiрткiлердi терiс әрекетте пайдаланудың ғаламдық сипатқа ие болғанын, ол барлық адамзаттың өмiрi мен денсаулығына үлкен қауiп төндiретінiн және осы зұлымдықты жекелеген мемлекеттердiң күшiмен жою мүмкiн еместiгiн ұғына отырып,

      есiрткi және прекурсорлар заңсыз айналымының жолын кесу барлық мемлекеттердiң ұжымдық мiндетi болып табылатынын мойындай отырып,

      осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң аумағын есiрткi мен прекурсорлардың контрабандасы мен заңсыз транзитi үшiн пайдаланудың ұлғаюына алаңдаушылық бiлдiре отырып,

      есiрткiнiң заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрес iсiнде Тараптардың ынтымақтастығын нығайту Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап бередi деп есептей отырып,

      1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияға Z980257_ жасалған түзетулер туралы 1972 жылғы хаттамаға сәйкес оған түзетулер енгiзiлген 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияны, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияны Z980249_ , Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылғы Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясын Z980246_ , 1988 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының XX арнаулы сессиясында қабылданған саяси декларация мен шешiмдердi, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының осы мәселеге қатысты басқа да шешiмдерi мен ұсыныстарын назарға ала отырып,

      халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестiң келiсiлген стратегиясы мен бiрлескен шараларын әзiрлеу iсiнде ынтымақтасатын болады, өз қызметiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде осы бағытта үйлестiредi, барлық мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, азаматтардың күшiн бiрiктiредi, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн пайдаланады.

1.1-бап
Пайдаланылатын терминдер

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар:

      есірткі мен прекурсорлардың ұлттық тізімі (бұдан әрі – ұлттық тізім) – тиісті халықаралық конвенциялар мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы негізінде белгілі бір тізімге біріктірілген бақылауға жататын есірткі мен прекурсорлар тізбесі;

      есірткі – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген және бақылауға жататын, тиісті халықаралық конвенцияларда осылай жіктелген және (немесе) ұлттық тізімге енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, препараттар, өсімдіктер;

      психотроптық заттар – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген және бақылауға жататын тиісті халықаралық конвенцияларда осылай жіктелген және (немесе) ұлттық тізімге енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, препараттар, өсімдіктер, сондай-ақ кез келген табиғи материалдар;

      препараттар – құрамында ұлттық тізімге енгізілген бір немесе бірнеше есірткі және (немесе) психотроптық заттар бар, кез келген физикалық күйдегі заттар қоспасы;

      есірткінің прекурсорлары (бұдан әрі – прекурсорлар) – есірткіні өндіру, дайындау және қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында айналымына тыйым салынған немесе шектелген, ұлттық тізімге енгізілген және бақылауға жататын заттар;

      есірткі тектестер (бұдан әрі – тектестер) – тиісті халықаралық конвенцияларда есірткілер немесе психотроптық заттар мен прекурсорлар ретінде жіктелмеген және ұлттық тізімге енгізілмеген, химиялық құрылымы мен қасиеттері психобелсенді әрекет туындататын есірткінің химиялық құрылымы мен қасиеттеріне ұқсас, айналымына тыйым салынған заттар;

      туынды есірткілер (бұдан әрі – туындылар) – дербес позицияда ұлттық тізімге енгізілмеген, химиялық құрылымы тиісті есірткінің немесе психотроптық заттардың химиялық құрылымдығы бір немесе бірнеше сутегі атомдарының, галогендердің және/немесе гидроксильді топтардың бір валентті және/немесе екі валентті атомдарға немесе алмастырушыларға (гидроксильді және карбоксильді топты қоспағанда) сәйкес келетін алмасуымен (формальды ауыстыру) қалыптасқан, шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар, олардың көміртегі атомдарының жиынтық саны тиісті есірткі немесе психотроптық заттардың бастапқы химиялық құрылымындағы көміртегі атомдарының санынан аспауы тиіс.

      Егер бір зат бірнеше есірткінің немесе психотроптық заттардың туындысына жатқызылса, ол есірткінің немесе психотроптық заттардың туындысы деп танылады, оның химиялық құрылымын өзгерту алмастырушылардың және/немесе атомдардың ең төмен санын енгізуді қажет етеді;

      жаңа әлеуетті қауіпті психобелсенді заттар (бұдан әрі – психобелсенді заттар) – өмір мен денсаулыққа қауіпті, адамның есірткілік немесе өзге де уытты масаң күйін туындататын, шығу тегі синтетикалық немесе табиғи, оған қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талап не олардың айналымын бақылау шаралары белгіленбеген заттар;

      есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымы – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы бұзылып, жүзеге асырылатын есірткі мен прекурсорлардың айналымы;

      нашақорлық – есірткіге тәуелді болуға байланысты ауру;

      нашақорлық профилактикасы – нашақорлықтың таралуын анықтауға, алдын алуға және себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық, экономикалық, педагогикалық және өзге сипаттағы іс-шаралар жиынтығы.

      Ескерту. Келісім 1.1-баппен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2020 № 390 қаулысымен.

2-бап
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГIЗГI ПРИНЦИПТЕРI

      Тараптар есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, сондай-ақ есiрткiнi терiс әрекетте пайдалануға қарсы iс-қимыл жасауда ынтымақтаса отырып, мынадай негiзгi принциптердi басшылыққа алады:

      есiрткi мен прекурсорлар айналымына қатаң түрде бақылау орнату;

      есiрткi мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтердiң барлық түрлерiн мемлекеттiк реттеу;

      нашақорлықтың және есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына басымдық беру, есiрткiге қарсы насихатқа және есiрткiге қарсы тәрбиелеуге бағытталған қызметтi ынталандыру;

      нашақорлықтың алдын алудың және есiрткiге сұранысты азайтудың аса маңызды жария әрекет құралы ретiнде есiрткiнi медициналық тұрғыдан тыс тұтыну үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу;

      нашақорлықты емдеудiң жаңа әдiстерiн әзiрлеу және нашақорлықпен ауыратындарды әлеуметтiк сауықтыру саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;

      мемлекеттiк емес ұйымдарды және азаматтарды есiрткiнiң таралуына қарсы күреске және нашақорлықпен ауыратындарды медициналық-әлеуметтiк сауықтыру мекемелерiнiң жүйесiн дамытуға тарту;

      есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл, екiжақты және көпжақты негiзде нашақорлықтың алдын алу және оны емдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      есiрткiнiң заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалану саласында насихатқа және жарнамаға тыйым салу.

3-бап
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

      Тараптар есiрткiлер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасау, сондай-ақ есiрткiнi қиянат жасап пайдалану саласында мынандай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстың жай-күйiн талдау;

      Тараптардың есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығының құқықтық базасын жетiлдiру, халықаралық шарттардың ережелерiн ескере отырып, осы саладағы ұлттық заңнаманы үйлестiру;

      нашақорлыққа, есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылдың бiрлескен бағдарламаларын әзiрлеу;

      есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған БҰҰ конвенцияларының, басқа да халықаралық шарттардың ережелерiн орындау үшiн келiсiлген шараларды жүзеге асыру.

4-бап
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГI НЫСАНДАРЫ

      Тараптар мынадай нысандарда есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастықты жүзеге асырады, олар:

      көрсетілген салада қылмыстылықтың жай-күйі туралы жедел, статистикалық, ғылыми-әдістемелік және өзге де ақпаратпен; есірткінің және прекурсорлардың, сол тектестердің, туындыларының, психобелсенді заттардың заңсыз айналымына қатысты трансұлттық қылмыстық топтар және олардың жетекшілері туралы бірыңғай деректер банкін толықтыру үшін, оның ішінде:

      а) ұлттық тізімдер туралы;

      ә) ұлттық заңнамаға сәйкес айналымына тыйым салынған психобелсенді заттардың, сол тектестердің және туындылардың тізілімдері (тізбелері, тізімдер);

      б) анықталған психобелсенді заттардың, сол тектестердің және туындыларының атаулары, химиялық құрылымы мен формулалары;

      в) бір немесе бірнеше ТМД-ға қатысушы мемлекеттің аумағында есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар;

      д) Тараптар осындай мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз еткен жағдайда немесе халықаралық шарттар негізінде ұлттық заңнамаға сәйкес есірткінің аса ірі мөлшердегі заңсыз айналымы үшін ұсталған адамдар;

      е) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы, оның ішінде үшінші елдерге транзит арқылы есірткіні жасырудың және оны заңсыз жылжытудың қолданылатын тәсілдері;

      ж) есірткінің және прекурсорлардың, сол тектестердің, туындыларының, психобелсенді заттардың жаңа түрлері, оларды дайындау тәсілдері мен технологиялары, қолданылатын заттар;

      з) есірткіні жөнелту үшін трансшекаралық арналарды пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық топтар мен адамдар;

      и) есірткіні заңсыз өндіру үшін пайдалануы мүмкіндігін анықтау мақсатында прекурсорлардың айналымы;

      к) есірткіні табудың заманауи құралдары мен әдістері;

      л) есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен, нашақорлыққа қарсы іс-қимылмен байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу практикасы;

      м) нашақорлық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен (ұйымдармен) өзара іс-қимыл жасасу туралы мәлімет қамтылған ақпаратпен алмасу.

      нормативтiк актiлермен, жарияланымдармен, әдiстемелiк оқулықтармен алмасу;

      жедел-iздестiру және басқа да iс-шараларды өткiзуге өзара көмектесу;

      есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты трансұлттық сипаттағы қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру;

      мынадай:

      а) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы есірткіні тасымалдау арналарын анықтау, жолын кесу, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына байланысты адамдарды анықтау;

      б) есірткінің және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) үшін банктік, коммерциялық және басқа да құрылымдарды пайдаланудың жолын кесу;

      в) есірткіні өндіру бойынша жасырын (заңсыз) зертханаларды жою;

      г) құрамында есірткі бар дақылдарды заңсыз өсіруді, сондай-ақ құрамында есірткі бар жабайы өсетін өсімдіктердің жайылуын жою;

      д) есірткіні тарату үшін интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолын кесу мақсатында келісілген және/немесе бірлескен кешенді ведомствоаралық, профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;

      iс жүзiнде өзара iс-қимыл жасау, есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылға бағытталған халықаралық шарттарды, басқа да нормативтiк актiлердi әзiрлеген кезде жалпы тәсiлдер мен принциптердi келісу мәселелерi жөнінде өзара консультациялар жүргiзу;

      нашақорлық проблемаларымен айналысатын мекемелер мен ұйымдар жұмысының тәжiрибесiн өзара зерделеу, олардың қызметiмен танысу үшiн жұмыс бабындағы кездесулер өткiзу, делегациялар алмасу;

      құқық қолдану практикасын зерделеу, iс-шараларды, соның iшiнде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды дайындау және өткiзу, есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестiң бiрлескен бағдарламаларын, халықаралық шарттарды әзiрлеу, осы саладағы ынтымақтастықтың нормативтiк-құқықтық базасын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн тепе-тең негiзде мамандардың жұмыс топтарын құру;

      есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымының проблемалары жөнiндегi

      бiрлескен ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру;

      халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсету;

      құрамында есiрткi бар заттарды табудың техникалық құралдарын әзiрлеу және енгiзу;

      есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жүргiзетiн кадрларды даярлау және қайта даярлау;

      Тараптар, сондай-ақ нашақорлықты емдеудiң, оның алдын алудың, нашақорлықпен ауыратындарды әлеуметтiк және медициналық сауықтырудың жаңа әдiстерiн әзiрлеуде және енгiзуде ынтымақтасады;

      Тараптар осы салада ақпарат алмасуға жәрдемдеседi, оны көтермелейдi, сондай-ақ мамандар делегацияларымен алмасуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.06.2020 № 390 қаулысымен.

5-бап
ҚҰЗЫРЕТТI ОРГАНДАР

      Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы тiкелей байланыс арқылы жүзеге асырылады.

      Тараптардың құзыреттi органдары:

      сыртқы iстер министрлiктерi;

      бас прокуратуралар (прокуратуралар);

      iшкi iстер министрлiктерi;

      ұлттық қауiпсiздiк органдары мен арнайы қызметтерi;

      шекара ведомстволары;

      кеден ведомстволары;

      әдiлет министрлiктерi;

      денсаулық сақтау министрлiктерi;

      бiлiм министрлiктерi

      және функцияларына есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, оның алдын алу және ескерту мәселелерi жататын басқа да ведомстволар болып табылады.

6-бап
ШЕКАРА АЙМАҚТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

      Осы Келiсiм шеңберiнде өзiнiң орталық құзыреттi органдарымен келiсiм бойынша шекара аймақтарының құқық қорғау органдарының арасындағы ынтымақтастық тiкелей жүзеге асырылуы мүмкiн.

7-бап
КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУ

      Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық Тараптардың құзыреттi органдарының көмек көрсету туралы сұрау салуы негізiнде жүзеге асырылады.

      Егер ақпарат басқа Тараптың мүддесiн қозғайтындығына негiздеме бар болса, ол осы Тарапқа сұрау салусыз берiлуi мүмкiн.

      Көмек көрсету туралы сұрау салу жазбаша нысанда жiберiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салулар техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы немесе ауызша берiлуi мүмкiн, алайда бұдан кейiн олар 72 сағат iшiнде жазбаша түрде расталуы тиiс.

      Түпнұсқалығына немесе көмек көрсету туралы сұрау салудың мазмұнына күмән пайда болған жағдайда оны растауға сұрау салынуы мүмкiн.

      Көмек көрсету туралы сұрау салуда:

      а) сұрау салушы Тараптың құзыреттi органының және сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органының атауы;

      ә) iстiң мәнiсiн баяндау;

      б) сұрау салудың мақсаты мен негiздемесi;

      в) сұрау салынған жәрдемнiң мазмұны;

      г) сұрау салуды орындаудың қажеттi мерзiмi;

      ғ) тиiстi құжаттарды қосқанда, сұрау салуды орындау үшiн пайдалы бола алатын кез келген басқа да ақпарат қамтылуы тиiс.

      Тапсырылған немесе жазбаша нысанда расталған көмек көрсету туралы сұрау салуға сұрау салушы құзыреттi органның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды және ол елтаңбалық мөрмен бекiтiледi.

      Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органдары өзара iс-әрекет жасау тәртiбiн және оларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың тiзбесiн белгiлейдi, Тараптар бұл туралы бiр-бiрiне хабарлайды.

8-бап
СҰРАУ САЛУДЫ ОРЫНДАУ

      Сұрау салынған Тарап сұрау салуды тез және неғұрлым толық орындауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.

      Сұрау салу, әдетте, ол келiп түскен күннен бастап, 30 тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалады, бұл ретте мүмкiндiгiне қарай, сұрау салатын құзыреттi органның сұрау салуды ол, көрсеткен мерзiмде орындауы жөнiнде тiлегi ескерiледi.

      Сұрау салуды орындауға кедергi келтiретiн немесе оның орындалуын елеулi түрде кiдiртетiн мән-жайлар туралы сұрау салушы Тарап дереу хабарланады.

      Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын құзыреттi органның құзыретiне кiрмесе, онда ол сұрау салуды ез мемлекетiнiң оны орындауға құзыреттi органына тапсырады және бұл туралы сұрау салушы құзыретті органға дереу хабарлайды.

      Сұрау салынатын Тарап оның пiкiрi бойынша сұрау салуды тиiсiнше орындау үшiн қажеттi қосымша мәлiметтердi сұратуға құқылы.

      Сұрау салуды орындаған кезде сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң заңнамасы қолданылады, алайда егер бұл сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына немесе халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмесе, сұрау салушы құзыреттi органның өтiнiшi бойынша оның мемлекетiнiң заңнамасы қолданылуы мүмкiн.

      Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды дереу орындау оның мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырылатын қылмыстық қудалауға немесе өзге де iс жүргiзуге кедергi болуы мүмкiн деп санаса, ол сұрау салудың орындалуын кейiнге қалдыра алады немесе оны сұрау салушы Тараппен консультациялар өткiзгеннен кейiн қажеттiлiк ретiнде деп белгiленген шарттарды сақтай отырып орындаумен байланыстыра алады. Егер сұрау салушы Тарап ұсынылған шарттармен көмек көрсетiлуiне келiсiм берсе, онда ол бұл шарттарды сақтауы тиiс.

      Сұрау салынған Тарап сұрау салушы Тарапқа сұрау салудың орындалу нәтижелерi туралы мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде ақпарат бередi.

9-бап
СҰРАУ САЛУДЫ ОРЫНДАУДАН БАС ТАРТУ

      Егер сұрау салуды орындау ұлттық заңнамаға қайшы келедi деп санаса, сұрау салынатын Тарап осы Келiсiмнiң шеңберiнде оны орындаудан толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн.

      Сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы бас тартудың себептерi көрсетiлiп, сұрау салушы Тарапқа жазбаша хабарланады.

10-бап
АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ

      Тараптардың әрқайсысының құзыреттi органдары, егер оны ұсынған құзыреттi орган оны әйгiлеудi қажет деп таппаса, екiншi Тараптың құзыреттi органынан алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.

      Құзыреттi орган ұлттық заңнамасына сәйкес екiншi құзыреттi орган сұраған ақпараттың құпиялылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етедi.

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде алынған ақпарат пен құжаттар сұрау салуда көрсетiлгендерден және сұрау салынған құзыреттi орган келiсiм бергендерден басқа өзге мақсаттар үшiн сұрау салынатын құзыреттi органның келiсiмiнсiз пайдаланылмайды.

11-бап
БАҚЫЛАНАТЫН ЖЕТКIЗIЛIМДЕР

      Тараптар ұлттық заңнама шеңберiнде есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау және оларды қылмыстық қудалау мақсатында есiрткi мен прекурсорлардың бақыланатын жеткiзiлiмiнiң әдiсiн өзара қолайлы уағдаластықтардың негiзiнде тиiсiнше қолдануды көздейтiн қажеттi шаралар қабылдайды.

12-бап
ЖҰМЫС БАБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      Тараптардың және олардың құзыреттi органдарының өкiлдерi қажет болған жағдайда осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру әселелерi бойынша жұмыс бабындағы кездесулер мен консультациялар өткiзедi.

13-бап
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

      Тараптар және олардың құзыреттi органдары осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе оның ережелерiн қолдануға байланысты туындауы мүмкiн даулы мәселелердi консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.

14-бап
ШЫҒЫСТАР

      Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмесе, осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар дербес түрде көтередi.

15-бап
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛ

      Тараптар есiрткiнi бақылау мәселелерi жөнiндегi халықаралық форумдарда келiсiлген көзқарастармен шығуға, сондай-ақ осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi орындаған кезде есiрткi мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жұмыс iстейтiн халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға ұмтылатын болады.

16-бап
БАСҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРFА ҚАТЫСЫ

      Тараптардың мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн осы Келiсiм қозғамайды.

17-бап
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕЛIСIМДЕР

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптардың мүдделi құзыреттi органдары қажет болған жағдайда, ведомствоаралық сипаттағы келiсiмдер жасасады.

18-бап
КЕЛIСIМГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРIСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

19-бап
КYШIНЕ ЕНУ ТӘРТIБI

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандары туралы қол қойған Тараптардың үшiншi жазбаша хабарламалары депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.

      Қажеттi рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн олар тиiстi құжаттарды депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап Келiсiм күшiне енедi.

20-бап
КЕЛIСIМНIҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады. Осы мерзiм бiткеннен кейiн, егер Тараптар өзгеше шешiм қабылдамаса, осы Келiсiмнiң қолданысы әрбiр жолы бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылады.

21-бап
КЕЛIСIМГЕ ҚОСЫЛУ

      Осы Келiсiм оның ережелерiн бөлiсетiн және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға дайын басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылған мемлекеттер үшiн осы Келiсiм қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

22-бап
КЕЛIСIМНЕН ШЫҒУ

      Тараптардың әрқайсысы шыққанға дейiн кемiнде алты ай бұрын, бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiберiп, осы Келiсiмнен шыға алады.

      Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада бiр түпнұсқа данада жасалды.

      Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетiнде сақталады.

      Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының

      Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

      Армения Республикасының Ресей Федерациясының

      Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн


      Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының

      Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн


      Грузия Үкiметi үшiн Түрiкменстан

      Үкiметi үшiн


      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының

      Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн


      Қырғыз Республикасының Украинаның Үкiметi үшiн

      Үкiметi үшiн

Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттер келiсiмiнiң жобасы бойынша Беларусь Республикасының Ескертпесi

      Беларусь Республикасының Үкiметi өзiн Келiсiмнiң екiншi бабының бесiншi абзацысының ережелерiмен байланысты деп есептемейдi.

      Беларусь Республикасының
Премьер-министрi

      Қоса берiлiп отырған мәтiн Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерiнiң Басшылары кеңесiнiң отырысында қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы келiсiмге толық сәйкес келетiн көшiрмесi болып табылатынын осымен куәландырамын. Жоғарыда көрсетiлген Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Тәуелсiз

      Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитетi
Төрағасының – Атқарушы
хатшысының бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады