Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 852.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2003 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35 және 36-жолдармен толықтырылсын:
      "35. "Астана-құс" асыл тұқымды шаруашылығы ААҚ (Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Александровка ауылы) 70%;
      36. "Асыл түлік" ААҚ (Астана қаласы, Макинск тұйық көшесі, 8) 76,88%".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады