Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 ақпандағы N 218 P020218_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ "жоспары" деген сөзден кейiн "(бұдан әрi - Жоспар)"
деген сөздермен толықтырылсын
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар
Әдiлет министрлiгiне және Yкiметке айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Жоспарда
белгiленген заң жобаларын ұсынсын";
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 7, 9, 10, 15, 18, 19, 25 және 27-жолдар алынып
тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 35-1, 40-1, 58, 59 және
60-жолдармен толықтырылсын:
"35-1 Қазақстан ЭМРМ маусым шiлде тамыз
Республикасының Ұ.С. Қарабалин
кейбiр заң актiлерiне
жер қойнауын пайдалану
және мұнай операцияла.
рын жүргiзу мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу
туралы
40-1 Қазақстан Бас прокуратура шiлде тамыз қыркүйек
Республикасындағы (келiсiм бойынша) А.Қ. Дауылбаев
мемлекеттiк
құқықтық статистика
және қылмысты
есепке алу туралы
58 Қазақстан Ұлтбанк қазан қараша желтоқсан
Республикасының (келiсiм бойынша) А.F. Сәйденов
кейбiр заң актiле.
рiне (банк және валюта
заңнамасы мәселелерi
бойынша) өзгерiстер
мен толықтырулар
енгiзу туралы
59 Қазақстан ҚорМ қазан қараша желтоқсан
Республикасындағы Ғ.К. Әмрин
балама қызмет туралы
60 Дәрi-дәрмектер туралы ДСМ қазан қараша желтоқсан
А.Т. Айдарханов"
"Заң жобаларының әзiрленуi және енгiзiлуi үшiн жауапты тұлға
(меморган басшысының бiрiншi орынбасары)" бағанындағы реттiк нөмiрлерi 29,
32, 49 және 50-жолдардағы "К.А.Колпаков" деген сөздер "А.Ғ.Сәйденов" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.