Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 869. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.24. N 1307 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы"   1998 жылғы 9 шiлдедегi және "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы"  2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 494-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, бизнестi (кәсiпкерлiктi), тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.";
      9-тармақтың 7), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) бәсекелестікті дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру;
      9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады