Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мүлкiн бepyдің жекелеген мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 тамыз N 893

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа көмек көрсетудің тиiмдiлігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгi аумақтық органдарының теңгерiмiне қосымшаға сәйкес 12 (он екі) бiрлiк санда ЖБКМТ тартқыш техникасын (жеңiл брондалған көп мақсатты тартқыш техникасын) ақысыз берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен:
      1) аумақтық органдардың осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тартқыш техниканы теңгерiмге қабылдауын;
      2) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген тартқыш техниканы әкетуге, пайдалануға және жөндеуге байланысты iс-шараларды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiктi бюджетiнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнің аумақтық органын ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және

 

жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен тартқыш техниканың

мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы

        Премьер-Министрі


                                               Қазақстан Республикасы

                                                     Үкiметiнің

                                              2002 жылғы 12 тамыздағы

                                                  N 893 қаулысына

                                                       қосымша

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгінен алынатын жеңiл

       брондалған көп мақсатты тартқыш техниканы (ЖБКМТ) бөлу тәртiбi

________________________________________________________________________

        Техниканы алушы                          Саны

________________________________________________________________________

Ақмола облысының мемлекеттік

өртке қарсы қызметi                               1

Ақтөбе облысының мемлекеттік

өртке қарсы қызметi                               1

Шығыс Қазақстан облысының

мемлекеттiк өртке қарсы қызметi                   2

Батыс Қазақстан облысының

мемлекеттiк өртке қарсы қызметi                   1

Қарағанды облысының мемлекеттiк

өртке қарсы қызметi                               3

Қостанай облысының мемлекеттiк

өртке қарсы қызметi                               2

Солтүстік Қазақстан облысының

мемлекеттік өртке қарсы қызметi                   2

________________________________________________________________________

Жиыны:                                            12

________________________________________________________________________



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады