Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Ертiс өзенiнiң бассейнiнде қазақстандық және ресейлiк кемелерiмен жүктер әрi жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру және оның шарттары туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 тамыз N 907

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Москва қаласында 2001 жылғы 5 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Ертiс өзенiнiң бассейнiнде қазақстандық және ресейлiк кемелерiмен жүктер әрi жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру және оның шарттары туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi
арасындағы Ертiс өзенiнiң бассейнiнде қазақстандық және
ресейлiк кемелермен жүктер мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
оның шарттары туралы
КЕЛIСIМ

(2002 жылғы 12 қыркүйекте күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      су көлiгi саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуды және дамытуды қалай отырып,
      Тараптар мемлекеттерi арасында су көлiгi арқылы жолаушы мен жүк тасымалдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ертiс өзенi алабының ішкi су жолдары арқылы кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмде қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) "құзыреттi органдар":
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі;
      2) "Тарап мемлекетiнің кемесi" - iшкi су жолдары арқылы кеме қатынасы мақсатында пайдалануға арналған, Тарап мемлекетiнiң кеме тiзілімiне немесе басқа да тиiстi ресми тiзбесiне енгiзiлген және Тарап мемлекетiнiң жалауын оның құқықтық нормаларына сәйкес алып жүретiн өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбе құрылғы. Бұл ұғым әскери корабльдердi, балық аулайтын, гидрографиялық, спорт және серуен кемелерiн қамтымайды;
      3) "iшкi су жолдары" - жүк пен жолаушы тасымалдау кезiнде кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын Ертiс өзенi алабының өзендерi, көлдерi, су қоймалары және су арналары;
      4) "өзен алабы" - өзен мен оның салаларының жиынтығы;
      5) "айлақ" - кемелердің тұрағы және оларға қызмет көрсету, жүк және кеден операцияларын орындау үшiн, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын аумақ (құрлық пен айдын).

2-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң заңды тұлғаларының жұмыс iстеу шарттары мен қағидаларын, жүк пен жолаушы тасымалдарын, объектiлердi жетекке алуды жүзеге асыру және Ертiс өзенi алабының iшкi су жолдарын пайдалану кездегi iс-әрекетiн үйлестiрудiң тәртiбiн айқындайды.

3-бап

      Тараптар, Ертiс өзенiнiң алабында кеме қатынасының қауіпсiздiгiн және тасымалдау процесiн ұйымдастыруды реттейтiн ережелердi, нұсқаулықтар мен талаптарды қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерiнің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      Бiр Тарап мемлекетi кемелерiнiң экипаждары екiншi Тарап мемлекетiнiң iшкi су жолдарында болған кезiнде осы мемлекеттiң заңнамасын сақтайды.

4-бап

      Бiр Тарап мемлекетi кемелерiнiң екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан Ертiс өзенi алабының бөлiгiнде жүзуi кеме тiркелген мемлекеттiң жалауы астында жүзеге асырылынады. Бiр Тарап мемлекетi кемелерінiң екіншi Тарап мемлекетiнiң iшкi су жолдарына кіруіне рұқсатты екiншi Тарап мемлекетiнiң кеме қатынасын қадағалау органдары бередi.

5-бап

      Бiр Тарап мемлекетi екiншi Тарап мемлекетiнiң кемелерi мен экипаждарына көлiк процесiнің барлық кезеңдерiнде, соның iшінде Ертiс өзенi алабының iшкi су жолдарын жүк пен жолаушы тасымалы үшiн пайдалануда, каботаждық тасымалдарды қоспағанда, тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етедi.

6-бап

      Айлақтарда кемелерге көрсетiлетiн қызметтерге төлем жасау Тараптар мемлекеттерiнiң қолданылып жүрген ставкалары бойынша жүргiзіледi. Ақылы байланыс қызметтерiнiң барлық түрлерiмен, жол және гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ кемедегi радио- және электронавигациялық құрал-жабдықты жөндеу Тараптар мемлекеттерiнің тиiстi көлiк және өзге де мамандандырылған ұйымдары арасында жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап

      Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары кемелердің қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ету, апаттар мен апатты оқиғалардың зардаптарын жедел жою жөнінде барлық қажеттi шараларды қолданады.
      Апаттар мен апатты оқиғалардың зардаптарын жою жөніндегi орындалған жұмыстар үшiн есеп айырысу кеме капитандарының тиiстi түрде ресімделген өтiнімдерi негiзінде Тараптар мемлекеттерiнің қолданылып жүрген бағалары бойынша жүргiзiледi.
      Апаттар мен апатты оқиғаларды тексерудi Тараптар мемлекеттерiнің уәкiлеттi органдары тиiстi актiлердi жасай отырып жүргізеді.

8-бап

      Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары экологиялық қауiпсiздік талаптарына, сондай-ақ техникалық қадағалау, кемелердi сыныптау органдарының талаптарына, басқа Тарап мемлекетiнiң кемесi жүрген бiр Тарап мемлекетiнің iшкi су жолдарымен жүзу ережелерiне жауап беретiн кеме пайдалануды қамтамасыз етедi.

9-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнің кемелерiн екіншi Тарап мемлекетiнің ішкi су жолдарымен лоцмандық өткiзу міндеттi болып табылады және мұны кеме өзiнің мемлекеттiк суларында жүрген Тарап мемлекетiнің лоцмандары жүзеге асырады.
      Тараптар мемлекеттерiнің әрбiрiнің кемелерiне, егер капитан мен капитанның аға көмекшiсінің екiншi Тарап мемлекетiнің уәкілеттi органы берген, осы ауданда жүзу құқығын растайтын құжаттары бар болса, лоцмансыз жүзуге рұқсат етiледi.

10-бап

      Тараптар әрбiр Тарап белгiлеген тәртiппен iшкi су көлiгінде тасымалдау қызметi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияларды өзара таниды.

11-бап

      Бiр Тарап мемлекетi екiншi Тарап мемлекетiнің тиiстi ведомстволары немесе өкiмет орындары берген экипажы мүшелерiнiң жеке басының куәлiктерiн (суреттерi бар) таниды.
      Бiр Тараптың мемлекетi екiншi Тарап мемлекетiнiң техникалық кеме қатынасы, санитарлық және өрт бақылау мемлекеттiк органдары берген қолданыстағы кеме құжаттарын таниды.
      Ертiс өзенiн бойлай жүк пен жолаушы тасымалдау және объектілердi жетекке алу кезiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекараны кесiп өту Өрлiтөбе (Қазақстан Республикасы) - Черлак (Ресей Федерациясы) өзен өткiзу бекетiнде жүзеге асырылады.

12-бап

      Кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экологиялық режимдi сақтау мақсатында екiншi Тарап мемлекетiнiң iшкi су жолдарына кiрген бiр Тарап мемлекетiнiң кемелерi екiншi Тарап мемлекетiнiң техникалық кеме қатынасы, санитариялық, фитосанитариялық, ветеринариялық және өрт бақылау мемлекеттiк органдарының қолданылып жүрген ставкалары бойынша ақы төлене отырып, тексерiлуге жатады.

13-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары жыл сайын (1 сәуiрге дейiн) Ертiс өзенiнiң алабында жүк тасымалдаудың алдын ала белгiленген көлемi мен жұмыс iстеу үшiн жоспарланған кемелердiң тiзімдерiн өзара келiседi.

14-бап

      Тараптар орыс тiлiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында Ертiс өзенi алабының iшкi су жолдарында жүзу кезiнде экипаждар арасында қарым-қатынас жасау үшiн жұмыс тiлi ретiнде қабылдайды. Тасымалдау процесiмен байланысты көлiк, тауарға iлеспе және басқа да құжаттарды ресiмдеу орыс тiлiнде жүзеге асырылады.

15-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келісiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.

16-бап

      Осы Келiсiмнің қағидаларын түсiндiру немесе қолдану жөнiнде таластар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.

17-бап

      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшін қажеттi iшкi мемлекеттік рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама берілген күннен бастап күшiне енедi.
      Әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң күшін екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар ету жолымен тоқтата алады. Осы Келiсiм тиiстi Тараптың аталған хабарламаны алған күнмен бастап алты ай өткен соң өз күшiн тоқтатады.
      Мәскеу қаласында 2001 жылғы 5 маусымда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiнде екi дана етiп жасалды және де екi мәтiннің бiрдей күшi бар.Келiспеушiлiктер туындаған жағдайда осы Келiсiмдi түсiндіру үшiн орыс тіліндегi мәтiн қолданылады.

      Қазақстан Республикасының             Ресей Федерациясының                    Yкiметi үшiн                        Yкiметi үшiн

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,
      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады