Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн қамтамасыз етуi туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 тамыз N 937

      "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерінің құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан күзетуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн қамтамасыз етуi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн қамтамасыз етуi туралы келiсiмге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасасуға өкiлеттiк берiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.30. N 1349 қаулысымен .
      3. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн қамтамасыз етуi туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 2 тамыздағы N 1020 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның
жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi Ресей Федерациясы
кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуiн
қамтамасыз етуi туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты, 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы декларацияны, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартын, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi құқық қорғау органдарының күштерi сияқты, Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет күштерiмен де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету қажеттiлiгiн растай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                               1-бап

      Ресей Федерациясы кәсiпорындарының ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн күзету және арнайы жүктерге ерiп жүру жөнiндегi қызметiн құқықтық реттеу мен ұйымдастыру тәртiбi осы Келiсiмнiң мәнi болып табылады. 

                               2-бап

      Осы Келiсiмде қолданылатын ұғымдардың мағынасы мынадай:
      "ведомстволық күзет" - "Байқоңыр" кешенiнiң күзетiлетiн объектiлерiн және оның жұмыс iстеуi үшiн арнайы жүктердi құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған Ресей авиациялық-ғарыш агенттiгi құратын мемлекеттiк басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
      "құқыққа қарсы қол сұғушылық" - адамның күзетiлетiн объектiлерге және ерiп жүретiн арнайы жүктерге зиян келтiрген немесе келтiре алатын қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетi немесе әрекетсiздiгi;
      "Байқоңыр" кешенiнiң күзетiлетiн объектiлерi" - 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартының 1-бабындағы 1.4-тармақта көрсетiлген ғимараттар, құрылымдар, оларда орнатылған жабдықтары бар құрылыстар, оларға жалғасып жатқан аумақтар, көлiк құралдары, сондай-ақ жүктер (оның iшiнде оларды тасымалдау кезiнде), ақшалай қаражат және өзге де мүлiк;
      "арнайы жүктер" - тасығыш-зымырандар, тарату блоктары, ғарыш аппараттары, зымыран отындарының компоненттерi, ғарыштық бағдарламаларды орындау үшiн қажеттi басқада материалдар;
     "қызметтік қару" - қызметтік атыс қаруы мен арнайы құралдар;
     "қызметтiк атыс қаруы" - "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне арналған арнайы жүктердi күзетудi қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық күзеттiң лауазымды адамдарының пайдалануына арналған қару;
     "арнайы құралдар" - резина таяқтар, қол кiсендер, көзден жас ағызатын газ және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын  Ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдар мен  қызметтiк атыс қаруын қолдану тәртiбi туралы ережеде көзделген басқа да құралдар.    

                           3-бап

          Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн уәкiлеттi органдар:
     Ресей Тарапынан - Ресей авиациялық-ғарыш агенттiгi және Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi.
     Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі.

                           4-бап   

      Ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң "Байқоңыр" кешенiндегi қызметiн ұйымдастыру тәртiбi Ресей Федерациясының ұлттық заңнамасымен белгiленедi.

                               5-бап

      Қызметтiк қару түрлерi, типтерi мен модельдерi, олармен ведомстволық күзет бөлiмшелерiн қамтамасыз ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттiк кадастры енгiзiлгеннен кейiн Ресей Федерациясы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Тiзбеге сәйкес айқындалады.
      Қызметтiк қаруды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметтiк қаруының айналымын бақылауды Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Қазақстан Тарапының уәкiлеттiк органдарымен бiрлесiп қамтамасыз етедi.

                                6-бап

      Ресей авиациялық-ғарыштық агенттiгi осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында арнайы жүктерге ведомстволық күзеттiң қарулы қарауылдарының ерiп жүруін және оларды күзетуді ұйымдастырады.
      Арнайы жүктерге ерiп жүретiн ведомстволық күзеттiң қарулы қарауылдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органдарының рұқсаттары негiзiнде және Ресей Федерациясының Iшкi iстер министрлiгi беретiн қаруға құжаттарды көрсеткеннен кейiн жүзеге асырылады.

                              7-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары өзара уағдаласу бойынша жүктердi тапсырғаннан кейiн қарауылдар мен қару-жарақты тұрақты орналасу пунктiне орналастыру және жөнелту жөнiндегi шараларды қабылдайды.

                              8-бап

      Ведомстволық күзет бөлiмшелерiн қаруландыруға немесе олардың қызметтiк қаруларын жөндеуге, ауыстыруға, кәдеге жаратуға арналған қызметтiк қаруды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органдарының рұқсаттары негiзiнде және Ресей Федерациясы Iшкi iстер министрлiгiнiң органдары беретiн қаруға құжаттарды көрсеткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясының уәкiлеттi органдары Қазақстан Тарапының уәкiлеттi органдарына Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметтiк қаруды әкелгенi/әкеткенi туралы жазбаша хабарлауы тиiс.

                               9-бап

      Ресей Тарапы күзетiлетiн объектiлердiң аумағына бөтен адамдардың енуiн шектеу мақсатында қоршаулар немесе ескерту белгiлерiн орнатады.

                              10-бап

      "Байқоңыр" кешенiнiң күзетiлетiн объектiлерiне құқыққа қарсы ену, енуге оқталу немесе қылмыстар не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда ведомстволық күзет күштерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды және қызметтiк атыс қаруын қолдану тәртiбi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшада белгiленген.

                              11-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру әрi қолдану кезiнде туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптардың уәкiлеттi органдары консультациялар мен келiссөздер жолымен шешуге жатады.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары келiсiлген шешiм қабылдамаған даулы мәселелер Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi бойынша кiшi комиссияның қарауына шығарылады.

                            12-бап

      Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

                            13-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
     Осы Келiсiм Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алу мерзiмi аяқталғанға дейiн қолданыста болады.
     Осы Келiсiмнiң бұл мерзiм аяқталғанға дейiн Тараптардың бiрi оның әрекетiн тоқтатудың болжамалы күнiне дейiн 6 айдан кешiктiрмей екiншi Тарапқа өзiнiң мұндай ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберу арқылы оның әрекетiн тоқтата алады.    

     200 ____ жылғы "____" _________ қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.    

     Ресей Федерациясының               Қазақстан Республикасының
        Үкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi        
мен Ресей Федерациясының Yкiметi         
арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң          
объектiлерiн және оның жұмыс iстеуiне       
арналған арнайы жүктердi Ресей          
Федерациясы кәсiпорындарының           
ведомстволық күзет күштерiнiң күзетуін      
қамтамасыз етуi туралы келiсiмге қосымша    

ВЕДОМСТВОЛЫҚ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ДЕНЕ КҮШIН,
АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР МЕН ҚЫЗМЕТТIК АТЫС
ҚАРУЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

1-бап     Ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң дене күшiн, арнайы
құралдарды және қызметтiк атыс қаруын қолдану
шарттары мен шектеулерi

          Ведомстволық күзет қызметкерлерi "Байқоңыр" кешенiнiң күзетiлетiн объектiлерiнде, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерден тыс жерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдардың iзiне түсу кезiнде осы Ережеге сәйкес дене күшiн, арнайы құралдарды қолдануға құқылы.
      Қызметтiк атыс қаруын қолдану Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және осы Келiсiмге сәйкес жасалатын/жасалған құқық бұзушылықтың қоғамдық қаупi дәрежесi ескерiле отырып ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.
      Дене күшiн, арнайы құралдарды немесе қызметтiк атыс қаруын қолданудың әрбiр фактiсi бойынша ведомстволық күзет қызметкерлерi Тараптардың құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды.
      Дене күшiн, арнайы құралдарды немесе қызметтiк атыс қаруын қолдану кезiнде ведомстволық күзет қызметкерлерi:
      қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық қаупiнiң сипаты мен дәрежесiне оларды жасаған адамдардың қаупi мен қарсы әрекет жасау дәрежесiне байланысты, осы ретте келтiрiлетiн кез келген залалдың неғұрлым аз болуына ұмтылуға мiндеттi;
      дене күшiн, арнайы құралдарды немесе қызметтiк атыс қаруын қолдануды кешіктiру азаматтардың не ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң өмiрi немесе денсаулығы үшiн тiкелей қауiп төндiруi немесе өзге де ауыр салдарға әкелiп соғуы мүмкiн болатын ерекше жағдайларда ескертусiз әрекет етуге құқығы бар;
      дене күшін арнайы құралдарды немесе қызметтік атыс қаруын қолдану нәтижесiнде дене жарақатын алған адамдарға дәрiгерге дейiнгi медициналық жәрдем көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттi;
      Бағынысында ведомстволық күзет органдары бар кәсiпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты дене күшiн, арнайы құралдар мен қызметтiк атыс қаруын қолданудың әрбiр жағдайы туралы "Байқоңыр" кешенiндегi iшкi iстер, Ресей Федерациясының прокуратура органдарына дереу хабарлауға мiндеттi. Ресей құқық қорғау органдары белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты дене күшiн, арнайы құралдарды немесе қызметтiк атыс қаруын қолданудың әрбiр фактiсi туралы "Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы IIМ-нiң өкiлдiгiне және Қазақстан Республикасының прокуратурасына хабарлайды.

2-бап
Дене күшiн қолдану

      Ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң қылмыстардың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, ведомстволық күзет қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылықтардың жолын кесу үшiн егер оларға жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауды өзге де амалдар қамтамасыз етпесе дене күшiн қолдануға құқығы бар.

3-бап
Арнайы құралдарды қолдану

      Ведомстволық күзет қызметкерлерi өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындау кезiнде арнайы құралдарды:
      1) "Байқоңыр" кешенiнiң күзетiлетiн объектiлерiне және арнайы iлеспе жүктерге жасалған шабуылға тойтарыс беру;
      2) ведомстволық күзет қызметкерлерiне немесе күзетiлетiн объектiлердегi адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
      3) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқару кезiнде ведомстволық күзет қызметкерлерiне құқық бұзушының қарсылық көрсетуiнiң жолын кесу;
      4) күзетiлетiн объектiлерде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасау кезiнде ұсталған адамдарды, егер көрсетiлген адамдар жасырынуға, оның iшiнде автокөлiк құралында әрекеттенген болса, не болмаса ведомстволық күзет қызметкерлерiне дене күшiн немесе қарулы қарсылық көрсету пиғылы бар деп ойлауға жеткiлiктi негiз болса, ұстау;
      5) ұсталған адамдарды ведомстволық күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына жеткiзу кезiнде ведомстволық күзет қызметкерлерiне қарсылық көрсету;
      6) күзетiлетiн объектiлерде көлiк құралының жүргiзушiсi ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң талаптарын орындамаса және күзетiлетiн объектiлер қызметкерлерiнiң не күзетiлетiн объектiлерде болатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiрсе, ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң заңды талаптарына қарамастан күзетiлетiн объектiлерге кiрмекшi немесе күзетiлетiн объектiлерден шықпақшы болған кезде оны тоқтату қажеттiгi туындаған жағдайларында қолдануға құқылы.
      Арнайы құрал ретiнде ведомстволық күзет қызметкерлерi:
      резина таяқтарды - осы баптың 1-3-тармақшаларында көзделген жағдайларда;
      көзден жас ағызатын газды - осы баптың 1-4-тармақшаларында көзделген жағдайларда;
      қолкiсендердi - осы баптың 3-4-тармақшаларында көзделген жағдайларда;
      көлiктi мәжбүрлеп тоқтату құралдарын - осы баптың 4 және 6-тармақшаларында көзделген жағдайларда;
      қызметтiк иттердi - осы баптың 1-5-тармақшаларында көзделген жағдайларда қолдана алады.
      Тiзiлген арнайы құралдардың барлығы осы Ереженiң 4-бабының 1-3-тармақшаларында көзделген жағдайларда да қолданылуы мүмкiн.
      Ведомстволық күзет қызметкерлерi қажеттi қорғаныс немесе аса қажет жағдайларда арнайы құралдар мен атыс қаруы болмағанда қолына түскен кез келген ыңғайлы құралдарды пайдалануға құқылы.
      Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi бар адамдар мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл, қарулы қарсылық көрсету жасағаннан басқа жағдайларда арнайы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

4-бап. Қызметтiк атыс қаруын қолдану

      Ведомстволық күзет қызметкерлерi өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындау кезiнде соңғы шара ретiнде қызметтiк атыс қаруын мынадай жағдайларда:
      1) күзетiлетiн объектiлердегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуылдан қорғау;
      2) ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуылды тойтару, сондай-ақ олардың атыс қаруларын тартып алу әрекеттерiнiң жолын кесу;
      3) күзетiлетiн объектiлердегi жеке адамдарға ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үстінде ұсталып, жасырынуға әрекеттенген, сондай-ақ ведомстволық күзет қызметкерлерiне қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды тұтқындау;
      4) күзетiлетiн объектiлерге жасалған қарулы немесе топтасқан шабуылдарды басқа да құралдармен тойтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда тойтарыс беру;
      5) қызметтiк атыс қаруын қолдану ниетi, дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру қажеттiгi туралы ескерту;
      6) ведомстволық күзет қызметкерлерiнiң заңды талаптарына қарамастан, күзетiлетiн объектiлердегi қызметкерлердiң немесе осы объектiлердегi адамдардың өмiрi мен денсаулықтарына көлiк құралының жүргiзушiсi айқын қауiп төндiретiн болса, күзетiлетiн объектiге кiрмекшi немесе объектiден шықпақшы болған жағдайда көлiк құралын зақымдау жолымен тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.
      Қызметтiк атыс қаруын қолдану кезiнде ведомстволық күзет қызметкерлерi: "Тоқта! Керi қайт!" немесе "Тоқта! Оң жақтан (сол жақтан) айналып өт!" деп дауыстау арқылы ескерту жасауға мiндеттi.
      Жақындап келе жатқан адам бұл талаптарды орындамаған кезде күзет қызметкерi тәртiп бұзушыны: "Тоқта! Атамын!" деп дауыстау арқылы ескертедi, жоғарыда аталған талаптардың барлығы орындалмаған жағдайда күзет қызметкерi жоғарыға қарай ескерту оғын атады. Егер тәртiп бұзушы бұл талапты да орындамаса, күзет қызметкерi қару қолданады.
     Атыс қаруын бөгде адамдардың зардап шегуi мүмкiн болатын, адамдар көп жиналған жерде қолдануға, сондай-ақ қарулы шабуыл жасаудан, қарулы қарсылық көрсетуден, адамдарды, көлiк құралдарын кепiлдiкке алудан немесе топтасып шабуыл жасаудан басқа жағдайларда әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қолдануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады