2002 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 қыркүйек N 961

      Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, ішкі рынокта астық бағасының демпингін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына экспортқа шығару үшін 2002 жылғы егіннің 1000000 (бір миллион) тоннаға дейінгі көлемдегі астығын кредит ресурстарын тарту есебінен сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл

шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады