Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 962 қаулысы. Қаулының 3-тармағын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!
      Осы Қаулының 3-тармағын қоспағанда күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi құрылсын.

      4. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 20-құжат) 1-тармағының;

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 204-құжат) 2-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады