Төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау және Ақмола облысы облыстық орталығының коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс iстеуге уақытылы даярлауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ақмола облысының әкiмiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 190000000 (жүз тоқсан) миллион теңге, оның iшiнде жылумен жабдықтайтын ұйымдар үшiн отын сатып алуға 150000000 (жүз елу) миллион теңге және коммуналдық меншiктегi жылу көздерiнiң, жылу трассалары мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң апаттық жай-күйiне және жөндеумен байланысты
жұмыстарды орындауға 40000000 (қырық) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген
тәртiппен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.