"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1019

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының әкiмшілік құқық бұзушылық туралы K010155_ кодексiне микрокредиттік ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



                                                             Жоба



 
                      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
 
        Қазақстан Республикасының әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы
      кодексiне микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша
                  өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
 
      1-бап. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы K010155_ кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат) өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мынадай мазмұндағы 168-1-баппен толықтырылсын:
      "168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заң талаптарын бұзу
      1. Микрокредиттiк ұйымдардың микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабiлеттiлігі шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелер жасауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаға - мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау күніне шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл iс-әрекеттердің қылмыстық жаза тартатын белгiсi болмаса, -
      заңды тұлғаға екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Микрокредиттік ұйым ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "микрокредиттiк ұйым", "МКҰ" деген сөздердi немесе ол микрокредиттер беру жөнiндегі қызметті жүзеге асыратындығын болжайтын олардың туынды сөздерiн пайдалануы, -
      заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл

 

салуға әкеп соғады.";

     2) 541-баптың бiрiншi бөлігіндегі "163" санынан кейiн ", 168-1"

санымен толықтырылсын;

     3) 572-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "168-171" сандары "168, 169-171"

сандарымен ауыстырылсын;

     4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма жетінші

абзацында "163" санынан кейін ", 168-1" санымен толықтырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады