"Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк peттey туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 қыркүйек N 1034

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісінің қарауына енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



                                                               ЖОБА



 
                      Қазақстан Республикасының Заңы
 
                    Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуі мен
                   айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
 
      1-тарау. Жалпы ережелер
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасында темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
 
      1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) деректердiң бiрыңғай қоры - темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымы бойынша деректердiң электрондық қоры;
      2) акциздiк алым маркалары - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнiмнiң бiрлігіне түсiрiлетiн голографиялық жолағы бар марка;
      3) темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) - темекi өнiмдерiнiң өндірiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылау және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      4) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек сату;
      5) темекi өнiмдерiн көтерме сату - тасымалдаушылардың көлiктiк жүкқұжаттар бойынша ары қарай сату үшiн қойма жайларынан темекi өнiмдерiн жөнелтуi;
      6) павильон - тез тұрғызылатын конструкциялардан жасалған жиналмалы-құрастырмалы уақытша жай;
      7) өндiрiс төлқұжаты - темекi өнiмiн өндiрушiнiң өндiрiс қуаттылығының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды, өндiрiс және еңбек шарттарын реттейтiн оның негiзгі сипаттамасын, үй-жайдың нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн, өндiрiстiк залалдар мен олардың сипаттамасы көрсеткiштерiн көрсететiн белгіленген үлгідегi құжат;
      8) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi - белгiленген ережелер мен стандарттарды сақтаумен темекi өнiмдерiн дайындау үшiн қажет технологиялық процестердiң жиынтығы;
      9) темекi өнiмдерiнiң бөлшек саудасы - темекi өнiмдерiн түпкiлiктi тұтынушыға сату;
      10) темекi өнiмдерi - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдерден басқа құрамында темекi бар кез-келген өнiм;
      11) тұрақты жай - іргетасы бар, негiзгi конструкциясына зиян келтiрмей қозғау мүмкiн емес, iргелi құрылыс, ғимарат немесе оның бөлiгі;
      12) фирмалық арнайы дүкен - темекi өнiмдерiнiң өндiрушiсiне тиесiлi және темекi өнiмдерiн бөлшектеп сатуға арналған тұрақты жай.
 
      2-бап. Заңның мақсаты мен мiндеттерi
 
      Осы Заңның мақсаты мен мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және экономикалық мүдделердi қорғау;
      2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңның сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
      3) өндiрiлетiн және импортталатын темекi өнiмдерiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау болып табылады.
 
      3-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрілуі мен
             айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңы
 
      1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңы Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына сүйенедi және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Заңда көзделген өзге де ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
 
      4-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу
 
      1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеуi Қазақстан Республикасының Үкiметi, ол уәкiлеттік берген мемлекеттік орган, сондай-ақ осы заңда және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерiнде бекiтiлген өзге де мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу

 

болып нормативтiк-құқықтық актiлермен белгiленетiн темекi өнiмдерiнiң

өндiрiлуi мен айналымын бақылау ұғылады.

     3. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу

өзiне:

     1) темекi өнiмдерiн өндiру, сақтау және көтерме сату қызметiн

лицензиялау;

     2) темекi және темекi өнiмдерi импортын реттеу;

     3) темекi өнiмдерi өндiру мен айналымы саласында нормалары мен

тәртiптерiн белгiлеу;

     4) темекi өнiмдерi өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды

ұйымдастыру;

     5) темекi өнiмдерi өндiрiлуi мен айналымын бақылауды мәлімдеу,

мониторинг және деректердiң бiрыңғай қорын енгiзу жолымен жүзеге асыруды

қосады.

     2-тарау. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк

              реттеу бойынша мемлекеттiк органның құзыретi

     5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң құзыретi

     Қазақстан Республикасының Yкiметi:

     1) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын дамытудың мемлекеттiк

саясатын айқындайды;


 
       2) Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу саласында нормативтік-құқықтық актiлер қабылдайды;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды.
 
      6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
 
      Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласында уәкілеттi мемлекеттiк органның қарауына мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңының сақталуына бақылау жасау;
      2) акциздiк алым маркаларымен сатылуына бақылау жасау;
      3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының көлемдерi теңгерiмiн бақылау, есеп және талдау жүргiзу;
      4) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы саласындағы қызметке мониторингтi жүзеге асыру;
      5) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының өзара байланысты теңгерiмiн жасаумен деректердiң бiрыңғай қорын енгізу;
      6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының қалыптасқан нақты көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк есеп деректерi арасындағы сәйкестiгін салық және кеден органдары, статистика органдары және басқа мемлекеттiк органдар деректерiнiң негiзiнде бақылауды жүзеге асыру;
      7) өз құзыретi шегiнде өзге уәкiлеттi органдарға темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының қалыптасқан нақты көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк есеп деректерi арасындағы сәйкес келмеу фактiлерi бойынша салық және кеден органдары, статистика органдары және басқа мемлекеттiк органдар

 

деректерiнiң негiзiнде мәлiметтердi жiберу;

     8) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша акциздер

ставкаларын өзгерту туралы экономикалық негiздеменi әзiрлеу;

     9) темекi өнiмдерiн өндiру, сақтау және көтерме сату қызметін

лицензиялау;

     10) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының көлемдерiн мәлiмдеу

тәртiбiн белгiлеу;

     11) өндiрiс төлқұжатына енгiзiлетiн мәлiметтер тiзбесiн белгiлеу және

өндiрiс төлқұжаттарын келiсу.

     7-бап. Уәкiлеттi органның өзге мемлекеттiк органдармен өзара

            iс-әрекетi


 
       1. Уәкiлеттi орган темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылау саласында ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      3. Құзыреттi мемлекеттiк органдар темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда уәкiлеттi органға жәрдем көрсетедi.
      4. Осы Заңды бұзу фактiлерiн тапқанда уәкiлеттi орган бұл жөнiнде кiнәлiнi заң актiлерiмен белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде олар бойынша шара қабылдауға уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдарға хабарлайды.
 
      3-тарау. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы
 
      8-бап. Темекi өнiмдерiн өндiрудiң шарттары
 
      1. Темекi өнiмдерiн өндiрудi темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиясы және өндiрiс төлқұжаты бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      2. Өндiрiс төлқұжатын өндiрiс иесi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мәлiметтер тiзбесi негiзiнде жасайды.
      3. Өндiрушiге меншiк құқығына ретiнде жататын әрi оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн тұрақты жайлар мен жабдықтарда темекi өнiмдерiн өндiруге рұқсат етiледi.
 
      9-бап. Темекi өнiмдерiн сату және сақтау шарттары айналымы
 
      1. Темекi өнiмдерiнiң айналымымен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар айналысады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына темекi өнiмдерiнiң импортын темекi өнiмдерiн өндiруге, сақтауға әрi көтерме сатуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      3. Темекi өнiмдерiн сату сәйкестiк сертификаттары, акциздiк алым маркалары бола отырып, темекi өнiмдерiн сақтауға және көтерме сатуға лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Темекi өнiмдерiн бөлшек сату санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн тұрақты жайларда, павильондардың, тұрақты жайлардың жазғы алаңшаларында, вагон-ресторандарда, кәмелетке жасы толғандарға ғана рұқсат етіледi.
      5. Темекі өнiмдерiн өндiрушiлер темекi сақтауға әрi көтерме сатуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға және/немесе арнайы фирмалық дүкендер арқылы сатуға құқығы бар.
      6. Акциздiк алым маркаларынсыз темекi өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
      7. Акциздiк алым маркаларынсыз сатылатын темекi өнiмдерi тәркiленуге және одан кейiн жойылуға жатады.
      8. Тәркiленген темекi өнiмдерiн жою тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
 
      10-бап. Темекi бұйымдарының өндiрiлуi мен айналымын мәлiмдеу және
              мониторингi
 
      1. Темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар белгiленген тәртiппен уәкілеттi мемлекеттiк органға темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының көлемдерi туралы декларацияны тапсыруы мiндеттi. Декларацияны тапсыру нысанын, мазмұнын, тәртібiн және мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      2. Темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымы қызметiнiң және мониторингiн

 

уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiпте жүзеге асырылады.

     3. Деректердiң бiрыңғай қорын енгiзу темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен

айналымының өзара байланысты теңгерiмiн жасаумен жүзеге асырылады.

     4-тарау. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы бойынша қызметтi

              лицензиялау

     11-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы саласындағы

             қызметтi лицензиялау

     1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы жөнiндегi қызметтi жеке

және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге

асырады.

     2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы жөнiндегi өндiрiстiк

қызметтiң мына түрлерi лицензиялауға жатады:

     1) темекi өнiмдерiн өндiру;

     2) темекi өнiмдерiн сақтау және көтерме сату.

     3. Темекi өнiмдерiн өндiруге лицензия темекi өнiмдерiн сақтауға және

көтерме саудаға рұқсат бередi.

     12-бап. Лицензия күшiн тоқтата тұру және қайтарып алу


 
       1. Темекi өнiмдерiн өндiру, сақтау мен оның айналымына лицензия күшi заңнамада белгiленген тәртiппен алты айлық мерзiмге дейiн мына жағдайларда тоқтата тұрылуы мүмкiн:
      1) осы Заңды және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған лицензиялау ережесiн бұзу;
      2) уәкiлеттi органның лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарын бұзуын анықтау;
      3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiн мәлiмдеудiң белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы (темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы туралы мәлiмдеменiң бұрыс көрсетiлуi және (немесе) белгiленген мерзiмде тапсырылмауы);
      4) лицензия берiлген күннен бастап жыл барысында лицензияланатын қызметті жүзеге асырмау;
      5) лицензиаттың анықталған бұзушылықтарды жою туралы лицензиардың талаптары мен өкiмдерiн орындамауы;
      6) лицензиарға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тiзбе бойынша мәлiметтердi беруден бас тарту немесе дәл емес ақпаратты тапсыру;
      7) стандарт талаптарына сәйкес келмейтiн темекi өнiмдерiн өндiру немесе сату;
      8) темекi өнiмдерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалау ережелерiн бұзу;
      9) лицензияда көрсетiлмеген мекен-жай бойынша темекi өнiмдерiн өндiру, сақтау және айналымға түсу;
      10) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған темекi өнiмдерiн көтерме сату ережелерiн бұзу;
      11) шығу тегi анықталмаған темекi өнiмдерiн анықтау.
      2. Темекi өнiмдерiн өндiруге, сақтауға және көтерме сатуға, бөлшектеп сатуға лицензиялар "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сот тәртiбiмен қайтарылып алынуы мүмкiн.
      3. Лицензияны қайтарып алған жағдайда жаңа лицензия қайтарылып алу күнiнен бастап есептегенде бiр жыл өткен соң қайта берiлуi мүмкiн.
 
      13-бап. Темекi өнiмдерiнің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу
              туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
 
      1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы, темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнаманы бұза жүргiзiлсе, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Шыққан жерi анықталмаған, мемлекеттiк стандарттарға,

 

санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтiн темекi өнiмдерi

белгiленген тәртiппен тәркiленуге және жоюға жатады.


     14-бап. Осы Заңның қолданысқа ену мерзімі


     Осы заң ресми түрде жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен

кейін қолданысқа енеді.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады