Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1036.

      Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнің "Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы" мемлекеттік мекемесi, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің "Алмас" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi:

      1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган;

      2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:

      1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекiтiлсiн.

      5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 1522 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 20 қыркүйектегі
N 1036 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. <*>

      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегi агенттігінің "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 12 сәуiрдегi N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 207-құжат):

      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 851 қаулысына :

      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      ", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтар алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады