Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгiнiң" республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 103 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Мынадай компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын: 1 көбейткiш техника, 20 жүйелiк блок, 22 монитор, 2 сервер, 3 активтi желiлiк жабдық (HUB 8 порттық), 1 жылжымалы компьютер, 9 лазерлi принтер, 2 бүрiккiш түстi принтер, 2 үзбей қоректендiру көзi, 1 сканер, 25 желiлiк фильтр сатып алу және орнату. Жұмылдыру резервiнiң есебi бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу әрi енгiзу және 20 пайдаланушыға арналған 4 бағдарламалық өнiмдi сүйемелдеу (АVР вирусқа қарсы бағдарламасы; кепiлдi өшiру бағдарламасы; 1С:Кәсiпорын, МS WS 2000 Server).".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі