"Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 555 P000555_ қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Алматы энергетика және байланыс институты" мекемесін (бұдан әрі - Мекеме) Мекеме құрылтайшылары қатысатын коммерциялық емес ұйым - жабық акционерлік қоғам (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта ұйымдастыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
1) Қоғамның басқа құрылтайшыларымен құрылтай шартын жасассын;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз
етсін;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану
құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.