Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қыркүйек N 1055 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы  3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Регламентiнде:
      20-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын негiзгi бағыттарына жобаның сәйкес келуін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау шеңберiнде - қаржылық орындылығы және жобаның қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен;";
      20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-1. Кеңсе Үкiмет қаулысының жобасы Кеңседе тiркелген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Үкiмет мүшелерiне (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргiзген адамдарды қоспағанда) дауыс беру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн жобаның (құпия және кадрлық жобалардан басқа) электронды көшiрмелерiн жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкімет мүшелерiне оларға қатысты бөлiгiнде ғана дауыс беру үшiн жiберiлуi мүмкiн. Жобалардың көшiрмелерi электронды почта арқылы таратылады.
      Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беру мерзiмi қаулылар жобалары бойынша жобалардың электронды көшiрмелерiн таратқан күннен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Дауыс беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн Үкiмет мүшелерi Кеңсеге жобалар бойынша өзінің пiкiрiн білдiретiн жазбаша жауаптар жiбередi. Үкiмет мүшесінен жазбаша жауап түспеген жағдайда, Үкiмет мүшесi жобаның қабылдануына ескертпелерсiз дауыс бердi деп саналады. Үкiмет қаулыларының жобалары бойынша дауыс берудi Үкiмет мүшелерi алмасу құқығынсыз жүзеге асырады.";
      36-тармақтың екiншi абзацындағы және 39-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнің Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкімшілігiмен келiсу тәртібі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3044" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақтың екiншi абзацындағы "бiр ай мерзiмде" деген сөздер "15 күндiк мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақтың бесiншi абзацтағы "бiр ай мерзімде" және "сауда" деген сөздер тиiсiнше "25 күндік мерзiмде" және "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын, ал "қаржы" деген сөз алынып тасталсын;
      40-1-тармақтың бесiншi абзацындағы және 40-2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады