ОСВ-96 12,7-мм мергендік винтовкаларын импорттауға рұқсат ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қыркүйек N 1056

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазарнаулыэкспорт (Қазарнаулыэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына (бұдан әрі - "Қазарнаулыэкспорт") "Қазарнаулыэкспорт" РМК мен "Аспаптар жасау конструкторлық бюросы" мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорны компаниясы (Ресей Федерациясы) арасында 2002 жылғы 8 шiлдеде жасасқан N КВР6156120903/135 келiсiм-шартқа сәйкес ПОС-13х60 (СЭҚ TH коды 930 100 000) оптикалық көздегіші бар 2 (екi) 12,7-ММ OCB-96 мергендiк винтовканы импорттауға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi

 

"Қазарнаулыэкспорт" РМК-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген арнайы

бұйымдарды импорттауға заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан

Республикасының кедендiк заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғарыда

көрсетілген өнiмнiң бақылануын және кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады