Астана қаласы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi индекстелген облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 1064 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.08. N 333 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi индекстелген облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 27 қыркүйектегі
N 1064 қаулысымен    
бекітiлген        

Астана қаласы жергілiктi атқарушы органының орта мерзiмi индекстелген облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi индекстелген облигацияларын (бұдан әрi - облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібiн анықтайды.

      2. Облигациялар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiкті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - Эмитент) шығарады.

      3. Облигациялар құжатсыз нысанда шығарылады және атаулы купондық болып табылады. Облигациялармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi және олар бойынша құқықтарды растауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Депозитарий) және Депозитарийдiң депоненттерi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары жүзеге асырады.

      4. Облигациялардың бастапқы құны - 100 теңге. Облигациялардың индекстелген бастапқы құны бастапқы құнның теңге девальвациясы (ревальвациясы) қарқынының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептеледi. Девальвация (ревальвация) қарқынының коэффициентi (Kd) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген АҚШ долларының ағымдағы бағамының (Xt) облигациялардың айналысы басталған күнгi ұқсас бағамға (Xo) қатынас ретiнде есептеледi (Кd=Хt/Хо).

      5. Облигациялардың айналыс мерзiмi - бiр жылдан он жылға дейiн. Облигациялардың айналыс мерзiмiн тиiстi эмиссия жарияланған кезде Эмитент белгiлейдi. Облигациялар бойынша сыйақы төлеудi облигациялар айналысының тиiстi жылының бiр жүз сексен екiншi және үш жүз алпыс бесiншi күнiнде Эмитент жүргiзедi. Сыйақыны соңғы рет төлеу облигацияларды өтеу күнiне сәйкес келедi.

      6. Әрбiр эмиссия облигацияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Эмитент бекiткен эмиссиялар өлшемдерiне сай бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеуi және бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган берген ұлттық сәйкестендiру нөмiрi болады.

2. Облигацияларды шығару және орналастыру

      7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Эмитент жүргiзетiн конкурстың нәтижелерi бойынша таңдалуы жүзеге асырылатын Андеррайтер облигацияларды бастапқы орналастыруды жүзеге асырады.

      8. Облигацияларды бастапқы орналастыруды инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi арасында "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "Қазақстан қор биржасы" сауда жүйесi арқылы бастапқы құннан бастап сыйақы ставкасының өсуiмен мамандандырылған сауда-саттық жүргiзу жолымен Андеррайтер жүргiзедi. Облигацияларды сатып алуға арналған өтiнiмдердi қанағаттандыру сыйақы ставкасының өсуi бойынша реттелген өтiнiмдер ведомосы негiзiнде Эмитенттiң кесу бағасы бойынша Эмитент үшiн қолайлы ставкалар мен көлемнiң шамалары бойынша жүргiзiледi.

      9. Мамандандырылған сауда-саттықты жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың биржалық сауда ережесiмен реттеледі.

      10. Облигацияларды биржаның сауда жүйесi арқылы бастапқы орналастыру кезiнде ақшалай есеп айырысу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың биржалық сауда ережесiмен және Депозитарийдiң Ережелер жиынтығымен анықталады.

      11. Облигациялар эмиссиясының көлемiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу шектеулерi шегiнде Эмитент белгiлейдi. Эмитент сауда-саттық өткiзу күнiне дейiн 10 күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мамандандырылған сауда-саттықты өткiзу күнi, алдағы эмиссияның көлемi және облигацияларды бастапқы орналастыруға байланысты шығыстар туралы хабарлайды. Облигациялар бойынша сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiледi.

      12. Эмитенттiң Депозитариймен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-пен және Андеррайтермен өзара қатынастары олардың арасында жасалатын келiсiмдермен (шарттармен), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Ережемен реттеледі.

3. Облигациялардың айналысы

      13. Эмиссияның барлық облигацияларының айналысы сауда-саттық қорытындылары бойынша инвесторлар сатып алған облигациялардан түскен ақша Эмитенттiң шотына түскеннен кейiнгi күннен, "депо" шоттары бойынша жазбаларды жасау сәтiнен басталады және облигацияларды өтеу күнiне дейiн үш жұмыс күнi бұрын тоқтатылады.

      14. Бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Облигациялар бойынша төлемдер

      15. Сыйақы есептеу "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ бастапқы орналастыру кезiнде инвесторлар сатып алған облигациялар үшiн Эмитенттiң шотына ақша аударғаннан кейiнгi күннен басталады және осы Ережеге сәйкес анықталатын сыйақы ставкасы бойынша өтеу күнiн қоса алғанда, айналыс кезеңi бойы жүргiзiледi.

      16. Эмитент облигацияларды өтеудi өтеу күнiне индекстелген бастапқы құн бойынша тиiсті эмиссия үшiн белгiленген өтеу күнiнде жүргiзеді. Егер облигацияларды өтеу немесе сыйақы төлеу демалыс күнiне сәйкес келген жағдайда, ол келесi жұмыс күнi жүргізiледі.

      17. Депозитарий сыйақы төлеу күнiне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейiн екі жұмыс күнінен кешіктiрмей Эмитентке Депозитарийдiң деректерi негiзiнде қалыптасатын және сыйақы төлеу және өтеу жүргізiлуi тиiс облигациялардың саны туралы мәлiметтердi қамтитын облигацияларды ұстаушылардың жиынтық ведомосын жiбередi.

      18. Эмитент облигациялардың бастапқы құнын өтеудi және сыйақы төлеудi Астана қаласының жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен түскен соманы депоненттер арасында олар туралы деректерге сүйенiп, жиынтық ведомосқа сәйкес дербес үлестiретiн Депозитарийдiң шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады.

      19. Облигацияларды өтегеннен кейiн Эмитент 5 күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне облигациялардың өтелгенi туралы Депозитарийдiң мәлiметтерiнiң көшiрмесiн және жүргiзiлген өтеулердi растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.

      20. Эмитент сыйақыны есептеудiң кезектi кезеңiнде облигациялар iс жүзiнде айналыста болған уақыты үшiн сыйақыны төлеп, облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

      21. Эмитенттiң мерзiмiнен бұрын өтеу туралы шешiмi Депозитарийге осындай өтеу күнiне дейiн 10 жұмыс күнi бұрын хабарланады, ол өз кезегiнде депоненттерге бұл туралы 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлайды.

      22. Эмитент осы Ережеге сәйкес облигацияларға қызмет көрсету немесе оларды өтеу кезiнде кез келген соманы төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн белгiленген мерзiмдерде орындамаған жағдайда, ол мерзiмi өткен әрбiр күнге төлеуге жататын соманың 0,1% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

      23. Эмитент облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оларға қызмет көрсету шарттарын бұзған кезде ол Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауап береді.

      24. Облигациялармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады