Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 945 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 1 қазан N 1076

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 945 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп:
      1) 2002 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде көшiп келу квотасына енгiзілген оралмандарды қоныстандыру орындарында қабылдауды, жайластыруды және олардың жерсiнуіне жағдай жасауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзiнің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде қоныс аударуын жүзеге асырсын;
      2) он күн мерзiмде аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қарауына енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп:
      1) дипломатиялық арналар арқылы тиiстi мемлекеттердің үкiметтерiне оралмандардың кетуi мен транзиттiк жүрiп өтуi және кететiн мемлекеттерiнің шекаралары арқылы өтуi кезінде оларға жәрдем көрсету мәселелерi жөнінде өтiнiш жасасын;
      2) шет мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзiнiң тарихи отанына оралуға тiлек білдiрген отандастарымыздың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға байланысты мәселелердi пысықтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - (келiсiм бойынша) қажет болған ретте, 2002 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегiнде шет мемлекеттерден келетiн оралмандарды шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшiн уақытша бақылау-өткiзу пункттерін ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 2002 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегiнде оралмандардың Қазақстан Республикасының аумағынан жүрiп өтетiн жолында және қоныстандыру орындарында жеке әрi мүлiктiк қауіпсiздігiн қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзімде осы қаулының орындалуы туралы есептi табыс етсiн.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады