Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкiнің арасында Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келiсiмiнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрі Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкiнің арасындағы Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келiсiмге, қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оны жасасуға уәкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігi тартылатын грант қаражатының мақсатты және тиiмді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 3 қазандағы
N 1085 қаулысымен
мақұлданды
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ислам Даму Банкiнің
арасында Почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн
қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi дайындау бойынша техникалық көмек
(грант) туралы келісiм
Келiсiм Қазақстан Республикасының Үкiметі (бұдан әрi "Үкiмет" деп аталады) мен Ислам Даму Банкi (бұдан әрi "Банк" деп аталады), бiрлесiп Тараптар арасында 2002 жылғы "___" _________ жасалды;
осы Келiсiмнiң қосымшасында сипатталған Қазақстан Республикасының почта саласын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын егжей-тегжейлi зерттеудi қаржыландыру үшiн Үкiмет Банктен техникалық көмек сұрағанын ескере отырып, (бұдан әрi "Зерттеулер" деп аталады);
төменде анықталған шарттардың негiзінде Банктің техникалық көмек беруге келiскенiн ескере отырып;
осылайша, осымен тараптар төмендегілер туралы Келiсiм жасасты.
I-БАП
ГРАНТТЫҢ СОМАСЫ
Банк Үкiметке техникалық көмек грантын 178890 (жүз жетпiс сегiз мың сегiз жүз тоқсан) ислам динарынан аспайтын, шамамен 230000 (екi жүз отыз мың) АҚШ долларына тең сомада бередi.
II-БАП
КЕЛIСУ
2.01-бөлiм
Үкiмет осымен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгін Консультантпен және Банкпен жұмыс iстеу және осы Келiсiммен Үкiметке жүктелген міндеттемелердi орындау үшін тікелей жауапты етiп тағайындайды.
2.02-бөлiм
Зерттеулер үшiн атқарушы органы "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi "Қазпочта" ААҚ деп аталады) болып табылады. "Қазпочта" ААҚ Зерттеу жүргiзу кезінде жергілiктi шығындарды жабу үшiн бiрлесiп қаржыландыруға 60 000 (алпыс мың) АҚШ долларын бередi.
III-БАП
ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
3.01-бөлiм
Грант сомасы Банктің төлем ресімдерiне сәйкес төленетiн болады.
3.02-бөлім
Грант қаражаты тек Зерттеулердің құнын жабу үшін шетел валютасында жұмсалатын болады.
3.03-бөлiм
Бiрiншi төлеуге арналған өтiнімнің күнi
Егер "Қазпочта" ААҚ мен Банк арасында келiсiлген 2003 жылғы 30 маусымға дейiн немесе одан кейiнгі мерзiмде "Қазпочта" ААҚ Банкке бiріншi төлем жасауға арналған өтінiмдi бермесе, Банк Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігiне тиiстi жазбаша хабарламаны бергеннен кейiн осы Келiсiмді бiр жақты бұза алады.
3.04-бөлім
Жабу күнi
Егер Гранттың кез келген бөлiгi "Қазпочта" ААҚ мен Банктiң арасында келiсiлген 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе кез келген одан кейiнгi кезеңде төленбесе, Банк "Қазпочта" ААҚ консультациялар жүргiзгеннен кейiн Гранттың төленбеген бөлiгiн жоя алады.
IV-БАП
ЗЕРТТЕУЛЕР ЖYРГIЗУ
4.01-бөлiм
Зерттеулер жүргiзуде "Қазпочта" ААҚ жәрдемдесу мақсатында "Қазпочта" ААҚ Банкпен консультациялар жүргізу жолымен Банктiң ресімдерiне сәйкес iріктеу жүргiзедi және консультациялық қызметтерге келiсiм-шарт жасасады.
4.02-бөлiм
Консультант ұсыныстар беруге Консультанттарға шақырылғанға дейiн "Қазпочта" ААҚ және Банк арасында жазбаша түрде келiсiлуi мүмкiн осындай техникалық ұсынысты алады. Техникалық тапсырма "Қазпочта" ААҚ мен Банк арасындағы жазбаша келiсу жолымен өзгертiлуi мүмкін.
4.03-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ Банкпен бiрлесiп iріктелген Консультантпен нәтижесi Үкiметпен және Банкпен түпкiліктi келiсудің мәнi болып табылатын келiссөздер жүргiзедi.
V-БАП
ҮКIМЕТ ПЕН АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ МIНДЕТТЕМЕЛЕРI
5.01-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ тиiстi қаржылық және әкiмшiлiк практикаларға сәйкес Зерттеулердің уақтылы және тиiмдi өтуiн қамтамасыз ету үшiн Банкпен және Консультантпен ынтымақтасады және бұл үшін, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн болса, Зерттеулерге қатысты барлық бар ақпаратты Консультантқа беретiн болады.
5.02-бөлiм
Зерттеулер үшiн "Қазпочта" ААҚ жұмыстарды жүргiзуге талап етiлетiн және техникалық тапсырмада толығырақ көрсетiлетiн персоналды, жабдықтарды және басқа да қызметтердi немесе ыңғайлы жағдайларды Консультантқа өтеусiз ұсынады.
5.03-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ Зерттеулердi жүргiзу кезiнде жәрдемдесу және Консультантпен ынтымақтасу үшiн толық жұмыс күнiне бiлiктi жергілiктi қосымша персоналды ұсынады.
5.04-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ жергілікті валютада Зерттеулердің құнын жабу үшiн қажеттi қаражат көздейдi, сондай-ақ оларды жүргiзу кезiнде туындауы мүмкiн құнның кез келген асып түсуiн қаржыландыратын болады.
5.05-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ Консультантқа Банк негiздi түрде сұрауы мүмкiн мөлшерде және нысанда есептер мен жобаларды, жоспарларды, сызбаларды, ерекшеліктердi, жұмыс кестелерiн және шығыстар сметаларын қоса алғанда, Зерттеулер мақсатында Консультант дайындаған құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ басқа елеулi ақпаратты Банкке ұсынуды тапсырады.
5.06-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ өз құзiретi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Банктiң тiркелген өкілдерінің Зерттеулердi жүргiзуге байланысты барлық жерге және үй-жайларға еркiн кiруін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолға алады.
5.07-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ Грант қаражатын пайдалануды және Зерттеулердi жүргiзу барысын көрсету үшiн (олардың құнын қоса алғанда) жеткiлiктi жағдайда есептер мен жазбаларды жүргізетiн болады немесе жүргiзудi тапсырады.
5.08-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ жұмыс барысының толықтығын, кездесетiн проблемаларды, қабылданған iс-қимылдарды және мезгiл-мезгiл Банк сұрауы мүмкiн мән-жайларды көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептердi Банкке беретiн болады.
5.09-бөлім
Консультанттың Түпкiлiктi есебi ұсынылған сәттен бастап 90 (тоқсан) күн ішінде "Қазпочта" ААҚ Банкке осы Келiсiмге сәйкес Банк ұсынған және оның нәтижесiнде Зерттеулердің мiндеттерiне қол жеткiзiлген техникалық көмектің нәтижелерiн бағалау жөніндегi есептi бередi.
5.10-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ Зерттеулердiң мақсатына қол жеткiзуге, оларға байланысты қызметтерге және осы Келiсiм бойынша міндеттемелердің орындалуына ықпал ететiн немесе ықпал ету қаупі бар кез келген жағдайлар туралы Банктi уақтылы хабардар етедi.
5.11-бөлiм
(а) Консультанттың сыйақысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салынатын болады. Консультанттарға төленген кез келген салықтар немесе баждар Грант қаражатынан төленбейдi және Үкiмет пен "Қазпочта" ААҚ қаржыландырады.
(б) "Қазпочта" ААҚ өзiнiң қаржылық ұсынысын бергенге дейiн Үкiмет салатын барлық салықтар мен баждар туралы Консультантты хабардар етуге мiндеттенедi.
5.12-бөлім
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкiмет:
(а) Зерттеулер жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және осындай аймаққа әкелiнгеннен кейiн, кейiннен ол жерден әкетілетін кез келген жабдықтарды, материалдарды немесе керек-жарақтарды (акцизделгеннен басқа) салықтардан, кедендiк және басқа да баждардан босату;
(б) Зерттеулер және Консультант пен оның персоналының жеке қажеттiлігi үшiн қажеттi кез келген жабдықтарды, материалдар мен керек-жарақтарды уақтылы кедендiк ресімдеу. Атқарушы агенттік барлық ресми кедендік талаптарды уақтылы шешуге жәрдем көрсету шараларын қолға алады.
5.13-бөлiм
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазпочта" ААҚ:
(а) Консультантты және оның персоналын олардың Қазақстан Республикасында жүруi үшiн талап етiлетiн қажеттi кiру және шығу визаларының, уақытша тұру рұқсатының, шетел валютасына рұқсат пен жол жүру құжаттарының уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
(б) Зерттеулер жүргізу үшін барлық қажеттi рұқсат пен сенiмхаттарды бөлу жөніндегі шараларды қолға алады.
VI-БАП
ЕСЕП БЕРУШIЛIК ЖӘНЕ БАСҚАЛАР
6.01-бөлiм
"Қазпочта" ААҚ мен Банк мезгiл-мезгiл, тараптардың қандай да бiрiнiң сұрауы бойынша техникалық көмек жөнiнде пiкiр алысатын және Консультант дайындаған кез келген есеп бойынша және осы есептерде ұсынылған кез келген ұсыныстарды iске асыру бойынша консультация алатын болады.
6.02-бөлiм
Банк Консультант дайындаған кез келген есептi Банк қажет деп есептейтін кез келген мақсатқа пайдалана алады, бiрақ, егер ол "Қазпочта" ААҚ мен Банктің арасында өзгеше келiсiлмесе, осы есептер жарияланбайды.
6.03-бөлiм
Осы Келiсімге сәйкес Банктің жәрдемдесу шарттары Консультанттың кез келген ұсыныстарын iске асыруға қатысты Банктi Үкiметке қаржылай немесе одан әрi техникалық жәрдемдесудi жалғастыруға міндеттемейдi.
VII-БАП
ХАБАРЛАМА
Бiр тараптың екiншi тарапқа жiберiлген кез келген жазбаша хабарламасы, егер ол қолдан қолға немесе телефон желiсi, почта немесе телекс бойынша мына мекен-жайлардың бiреуі бойынша жiберiлсе, онда ол тиiстi түрде ұсынылды деп саналатын болады:
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн:
Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi
Абай даңғылы, 49
Астана қаласы, 473000
Қазақстан Республикасы
Телефон:(3172) 326277, (3172) 322994
Факс: (3172) 321058
Ислам Даму Банкi үшiн
Почта жәшiгi: 5925
Джеддах-21432
Сауд Арабия Корольдiгi
Телеграф: ВАNКISLАМI JEDDAN
Телекс: 6001137 ISDB SJ
Факс: 6366871 JEDDAN
VIII-БАП
Осы Келiсiмге өзара келiсiм бойынша өзгерiстер енгiзілуі мүмкiн. Кез келген енгiзілген бұндай өзгерiстер осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылады.
IХ-БАП
Осы Келiсiм бойынша түсiнiк беру немесе қолдану барысында даулар шыққан жағдайда, Тараптар оларды келiссөз жүргiзу және кеңес беру арқылы шешетiн болады.
Х-БАП
Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының iшiндегi рәсiмдердi орындау туралы Банк хабарлама алған күннен бастап күшiне енеді.
Жоғарыда айтылғандарды растай отырып, тараптардың уәкiлетті өкілдерi осы Келiсімге ағылшын тiліндегi екi түпнұсқа данада, оның кiрiспесiнде көрсетiлген күнi қол қойды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн және атынан:
___________________________________________
Қажымұрат Нағманов
Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар министрi
___________________________________________
Ислам Даму Банкi үшiн және атынан
___________________________________________
Қосымша
ЗЕРТТЕУЛЕРДI СИПАТТАУ
Техникалық тапсырма мынамен тұжырымдалады:
1. Қазақстан Республикасының почта саласындағы басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу және оны жаңғырту үшін қажеттi өзгерiстердi және банкинг сияқты коммерциялық қызметтің бөлшек сауда секторын басқаруды қоса алғанда, коммерциялық өмiршең ұйым үшiн болашақ қарсы талаптарды ұсыну және т.б. Почта қызметтерiнің жұмысын жақсарту және кеңейту мақсатында қаржы ағындарының дамуын болжау және почта операциялары мен жедел почта қызметтерiнiң маркетингілiк аспектілерiн зерделеу.
2. Пайдалану шығыстарын азайту, кiрiсiн ұлғайту коммерциялық операциялар үшін бюджет жүйесін дайындау үшін почта қызметтерінің қаржы бюджетiн қарау және талдау.
3. Қазақстан Республикасы почта қызметтерiнің сенiмдi дерекқорына ие болу үшiн мәлiметтердi жинау iс-қимылын орындауды зерделеу.
4. Почта қызметтерiнiң негiзгi функциялары үшiн компьютерлендiрiлген Ақпарат Жүйесiн Басқарудағы (АЖБ) қажеттiлікті зерделеу, егер қажеттілiк туындаса, Ұлттық және Аймақтық өкiлдіктерде орнатылатын қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi ұсыну.
5. "Қазпочта" ААҚ банк операцияларын зерделеу және жақсарту түрлерiн ұсыну.
6. Қазақстан Республикасы почта қызметтерiнің бар заңгерлік құрылымын зерделеп, қазiргі заманғы операциялар үшiн тиісті заңдарға қажеттi өзгерiстер ұсыну.
7. Пошта қызметiнің құрылымын зерделеу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы пошта қызметтерiнiң жұмысына нормативтiк-құқықтық реттеуге байланысты сәйкес ұсыныстар енгiзу.
8. Почтаны жаңғыртудың бiр бөлiгi ретінде егжей-тегжейлi зерттеу: көтергiш жабдықтар (айырбасты көтергiштер, астына қоятын домкрат), сұрыптау машиналары, көшедегi почта жәшіктерi, Сату Жүйесiнің бөлшек сауда нүктелерi, екi радио жол (жергілікті жеткiзу көлiк құралдары үшiн қауiпсiздiкке қатысты, сондай-ақ жеделдетiп қызмет көрсету үшiн жақсы) және т.б., сияқты қосымша жабдықтарды, яғни құны мен техникалық ерекшелiктерi егжей-тегжейлi жазылған қажеттi жабдықтың толық тiзiмiн ауыстыру, жаңғырту немесе сатып алу қажеттiлiгi мен мүмкіндiгін анықтау үшiн алдын ала жасалуы тиiс.
9. Кадрларды даярлау және адам ресурстарын дамытудағы қажеттілiктi зерделеу.
10. Почтаны өңдеудi толық автоматтандыру және Банк үшiн жобалау құжаттарын қоса алғанда, ақша аударымдарының, жинақтау және сақтандыру қызметiнiң барлық түрлерiн компьютерлендiру үшiн үш сатыдан (қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) тұратын инвестициялық жоспарды дайындау.