Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн қайта ұйымдастыруға және жекелеген мемлекеттiк органдарды орналастыруға байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн орналастыруға байланысты iс-шараларды жүргiзуге 61460400 (алпыс бiр миллион төрт жүз алпыс мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлiнсе, оның iшiнде:
қызметкерлерге жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу - 2954700 теңге;
министрлiктiң орталық аппаратының жабдықтары мен мүлкiн тасымалдау -
1240000 теңге;
министрлiктің орталық аппаратының ғимаратына ағымдағы жөндеу және
қайта жаңарту жүргiзу - 56863900 теңге;
министрлiкке офистiк жиһазды сатып алу - 401800 теңге.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы
қаулының 1-тармағында көрсетілген iс-шараларды 2002 жылғы 15 қарашаға
дейiнгi мерзiмде жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен
бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.