Қазақстан Республикасы Yкiметінің жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1316 қаулысымен.

      Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің әдiстерi мен нысандарын жетiлдiру, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитеті белгіленсiн.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2002 жылғы 10 қазандағы       
N 1106 қаулысына         
қосымша           

      Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.28. N 496 қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссияның
құрамы:

Мұхаметжанов                     - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы                   Премьер-Министрiнiң орынбасары,
                                   төраға

Жұмабеков Оңалсын                - Қазақстан Республикасының Әділет
Исламұлы                           министрі, төрағаның орынбасары

Байболов                         - Қазақстан Республикасының
Болат Әбiлхақұлы                   Әдiлет министрлiгi
                                   Нашақорлыққа және есiрткi
                                   бизнесiне қарсы күрес
                                   жөнiндегi комитетiнiң төрағасы,
                                   хатшы

                      Комиссия мүшелерi:

Сүлейменов                       - Қазақстан Республикасының
Қайырбек Шошанұлы                  Iшкi iстер министрi

Досқалиев                        - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы                Денсаулық сақтау министрi

Беркiмбаева                      - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы                   Бiлiм және ғылым министрi

Зәкиев                           - Қазақстан Республикасының
Болат Сейiтқазыұлы                 Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
                                   төрағасының орынбасары -
                                   Шекара қызметiнiң директоры
                                   (келiсiм бойынша)

Коржова                          - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна                  Экономика және бюджеттiк
                                   жоспарлау бiрiншi вице-министрi

Сапарбаев                        - Қазақстан Республикасы
Бердiбек Мәшбекұлы                 Кедендiк бақылау агенттiгiнiң
                                   төрағасы

Әбусейiтов                       - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы                     Сыртқы iстер бiрiншi
                                   вице-министрi

Дәукеев                          - Қазақстан Республикасының
Серiкбек Жүсiпбекұлы               Ұлттық ғылым академиясының
                                   президентi (келiсiм бойынша)

Қосмұхаметова                    - Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жәннат Оразымбетқызы               Есірткі және қылмыстар
                                   жөніндегі басқармасының
                                   Қазақстан бойынша
                                   бағдарламаларды ұлттық
                                   үйлестіруші (келісім бойынша)

Сисенбаев Тағыр                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Мұсаұлы                            вице-министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 10 қазандағы  
N 1106 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыруда жәрдемдесу;
      2) мыналар жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу:
      есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру;
      нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған iс-шараларды iске асыру және одан әрi жетiлдiру;
      нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру болып табылады.

      4. Оған жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады:
      1) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдалануға қарсы күрестiң, нашақорлықтың алдын алу, нашақор адамдарды емдеу және әлеуметтiк оңалтудың негiзгi бағыттарын айқындау;
      2) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру;
      3) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру;
      4) таяу және алыс шетел мемлекеттерiнiң құқық қорғау, арнаулы және өзге де құзыреттi органдарымен тиiмдi ынтымақтастық жасау;
      5) ел халқының есiрткiге қарсы әлеуметтiк иммунитетiн қалыптастыру.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия мыналарға құқылы:
      1) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
      2) аймақтардағы нашақорлық ахуалын талдау және зерделеу үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттiлiгiне қарай тартуға;
      3) Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссия отырыстарында тыңдауға;
      4) осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетiлдiру жөнiнде мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссия құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыс аяқталғаннан кейін хаттаманы ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырыстың өткiзiлуiнен кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.

      10. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзіледi. Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Комиссия отырысы құқылы болып саналады.

      11. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады әрi Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған кезде Төрағаның дауысы шешушi болады.
      Хаттамаға Комиссия Төрағасы мен хатшысы қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады