Жекелеген азық-түлік тауарларының импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын өндiріп алудан түскен ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қазан N 1122

      "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жүргiзiлген анықтау нәтижесiнiң қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi "Жекелеген азық-түлiк тауарлар импорты кезiнде уақытша қорғау шараларын енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1548 қаулысына сәйкес тауарлар импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын өндiрiп алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгізсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнiң хатшылығын және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн жүргiзiлген анықтаудың нәтижесi туралы хабардар етсiн.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады