Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне стандарттау және сертификаттау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлеріне стандарттау
және сертификаттау мәселелерi бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақшада "стандарттау саласындағы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өнiмдi каталогтау саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "мiндетті және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) өнiмдi каталогтау - өндiрілетін өнiм, оның сипаттамасы мен дайындаушылар туралы ақпаратты жинауға және оны белгiленген тәртіппен ұсынуға бағытталған қызмет;";
10) тармақшада "мiндетті және (немесе) ұсынылатын талаптардан тұратын" деген сөздер алынып тасталсын;
15) тармақшада "уәкiлетті мемлекеттiк басқару органы бекiткен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) салалық стандарт - салалық маңызы бар өнiмдерге, процестерге (жұмыстар) мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар қамтылатын стандарт;";
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) өнiмдi каталогтау жүйесi - өнiмдi каталогтау саласында олардың құзыретi шегінде жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында өнiмдi каталогтау жөнiндегі жұмыстарды жүргізудiң тәртібiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың жиынтығы;";
25) тармақшада "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi танылған орган бекiткен" деген сөздер алынып тасталсын;
27) тармақшада "нормативтiк құжат" деген сөздердiң алдынан "стандарттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
"31) стандарттау жөнiндегі сарапшы - стандарттау саласында жұмыстар жүргізу құқығына белгiленген тараппен аттестатталған маман.";
2) 4-бапта:
тақырыбында: "мақсаттары" деген сөзден кейiн "мен принциптерi" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада "сапасы" деген сөзден кейiн "және қауiпсiздiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мыналар стандарттаудың негiзгi принциптерi болып табылады:
1) келiсу (консенсус);
2) ашықтық (мөлдiрлік);
3) ерiктiлiк;
4) отандық және шетелдік өндiрушiлер мен берушілер үшiн стандарттау саласында бiрдей талаптардың қойылуы (қысым көрсетiлмеуi);
5) экономикалық орындылығы.";
3) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) стандарттау, көрсетiлген бағытта кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласында консалтинг қызметтерiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды жүзеге асырады.";
4) 8-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мен сарапшылар;";
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) салалық стандарттар.";
5-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Нормативтiк құжаттар, оларға өзгерiстер, сондай-ақ олардың күшiн жою туралы шешiмдер осы Заңның 10, 11, 12, 13, 14-баптарына сәйкес бекiтiлуге және тiркелуге жатады.";
екiншi бөлiк алынып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Салалық стандарттар
1. Салалық стандарттар салалық маңызы бар өнiмдерге, процестерге (жұмыстарға) және көрсетiлетiн қызметтерге әзiрленедi әрi мемлекеттiк басқару органдары олардың құзыретi шегiнде бекiтедi.
2. Салалық стандарттарды әзiрлеу, келiсу, тiркеу жөнiндегi объектiлер мен жалпы ережелердi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейді.
3. Салалық стандарттардың, олардың объектiлерiнiң нақты түрлерiне қойылатын талаптарды, оларды әзiрлеу мен келiсудiң ерекшелiктерiн, бекiту тәртібiн оларды бекiтетiн мемлекеттiк басқару органдары белгiлейдi.
4. Салалық стандарттарда белгiленген нормалар мен талаптар мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар белгiлегеннен төмен болмауы тиiс.";
7) 13-баптың 2-тармағында "бекiтiледi" деген сөзден кейiн "және тiркейдi" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 15-бапта:
1-тармағының үшіншi бөлiгiнде "нормативтiк құқықтық" деген сөздердiң алдынан "стандарттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармағының төртіншi бөлiгiнде "қаулысымен" деген сөз "бұйрықпен" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 17-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Өнiмдi каталогтау жөнiндегi ақпаратты қалыптастыруды, жүргiзудi және бepyдi ұйымдастырады.";
10) мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1-бап. Өнiмдi каталогтау жүйесi
1. Өнiмдi каталогтау жүйесi стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгі болып табылады, мемлекеттiң, дайындаушылардың және тұтынушылардың мүддесiне жасалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн өнiм каталогтауға жатады.";
11) 18-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "жатқызылған" деген "жатқызылмаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 19-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) нормативтiк құжаттар мен өлшеу құралдары мiндетті талаптарының сақталуын қадағалау жөнiндегі облыстар мен қалалар бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға ведомстволық бағыныстағы аумақтық бөлiмшелердiң басшылары;";
13) 21-бабының 7) тармақшасы "сәйкестiк сертификатынсыз" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының және (немесе) сәйкестiк таңбаларының көшірмелерiнсiз) немесе сәйкессіз туралы декларацияларсыз (сәйкестігі туралы декларациялар көшiрмелерiнсiз)" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 23-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының төртiншi абзацы "сәйкестiк сертификатынсыз" деген сөздерден кейiн "(сәйкестiк сертификатының және (немесе) сәйкестік таңбаларының көшiрмелерiнсiз) немесе сәйкестігі туралы декларацияларсыз (сәйкестігi туралы декларациялар көшiрмелерiнсiз)" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 28-бапта:
1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттiк стандарттаудың бағдарламалары мен жоспарлары;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген стандарттау жөнiндегi жұмыстар шарттық негiзде жүзеге асырылады.".
2. "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 15-16, 231-құжат; N 23, 321-құжат):
1) 1-бапта:
12) тармақшада "нормативтiк құжат" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - нормативтiк құжат)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Сертификаттау және аккредиттеу саласында консалтинг қызметтерiн көрсету жөнiндегі ұйымдар - белгiлi бiр қызмет саласында аккредиттеу, сапа жүйелерiн сертификаттау, кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiнде жұмыс жүргізетiн заңды тұлғалар.";
16) тармақшада "ережелерi бойынша" деген сөздер "нормативтiк құжаттардың талаптарымен сәйкес" деген сөздермен алмастырылсын;
17) тармақша алынып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Сертификаттау жөнiнде жұмыстар жүргiзуші заңды тұлғалар, сертификаттау және тiркеу саласында консалтингтік қызмет көрсетпеуге тиiстi.";
3) 5-баптың 1-тармағында:
екiншi абзацта "мемлекеттiк орган" деген сөздiң алдынан "уәкiлеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тәртiппен төртінші абзацпен толықтырылсын:
"сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар.";
4) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"сертификаттау және тiркеу саласында консалтингтік қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдардың есебiн жүзеге асыру.";
5) 14-бапта:
бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
14-бап. "Нормативтiк құжаттардың мiндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнiмнiң сапасын мемлекеттiк қадағалау";
1-тармақта "сертификаттау ережелерi," деген сөздер "нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптары және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
6) 16-бапта:
бiрiншi абзацта "мемлекеттiк қадағалау" деген сөздерден кейiн "қауiпсiздігі және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi және үшінші абзацта "мемлекеттiк қадағалау" деген сөздерден кейiн "қауiпсiздігі және" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 18-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiн дамыту бағдарламалары;";
2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"2. Осы Заңмен көзделген және осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген, мемлекеттік сертификаттау жүйесiндегі жұмыстар шарт негізiнде орындалады.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi