Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2002 жылға аарналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазастан Республикасы Үкіметінің резервінен Арқалық қаласын 2002-2003 жылдардағы от жағу маусымына дайындау үшін Қостанай облысының әкіміне отындық мазут сатып алуға 100000000 (жүз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі