Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 N 417 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитеті Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 30 қазандағы
N 1152 қаулысымен
бекiтiлген
Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы
қамтамасыз етудiң
ЕРЕЖЕСI
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң ережесi "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының , 10-бабына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда (бұдан әрi - әскери бөлiмдер) қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын белгілейдi. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .
2-тарау. Әскери қызметшiлердi азық-түлiкпен ақылы
қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормалары
3. Әскери қызметшiлерге азық-түлiк беру әскери бөлiмдердiң азық-түлiк қоймаларында жүргiзiледi.
4. Отбасы мүшелерiнiң саны көрсетiлген әскери бөлiм командирiнiң бұйрығы әскери қызметшiлерге азық-түлiк беру үшiн негiз болып табылады.
5. Азық-түлiк алу тiзiмiне енгiзiлуi үшiн әскери қызметшi өз еркiмен отбасы мүшелерiнiң санын көрсетiп, әскери бөлiм командирiнiң атына рапорт бередi.
6. Әскери қызметшiнiң азық-түлiк үшiн ақы төлеуi әскери бөлiмнiң қаржы бөлiмiнде (қызметiнде) азық-түлiк берген материалдық жауапты адам жасаған әрi бөлiм командирi бекiткен жиынтық ведомостың негiзiнде жүргiзiледi.
7. Азық-түлiктi әскери қызметшiлерге беру ай сайын үйлестiру ведомосы бойынша, сондай-ақ әскери қызметшiнiң тiлегi бойынша бiр ай бұрын, бiрақ одан ерте емес беруге рұқсат етiледi.
8. Ақылы азық-түлiк алуға құқылы әскери қызметшi немесе оның мүшелерi шекара заставаларынан, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондардан бiр айдан астам мерзiмге кеткен жағдайда кеткен адамдарға ақылы азық-түлiк беру жүргiзiлмейдi.
9. Әскери қызметшiлердiң тiлегi бойынша азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң орнына олардың тамақтануы шарттық негiзде әскери бөлiмдердiң асханаларында ұйымдастырылуы мүмкін.
10. Азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн - "Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысымен ;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi үшiн - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 қаңтардағы N 43-3қ қаулысымен бекiтiлген нормалар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, әскери қызметшiге және оның отбасының әрбiр мүшесiне ақылы азық-түлiк бiр адамға тиесiлi нормасынан асырылмайтын мөлшерде берiледi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 30 қазандағы
N 1152 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауіпсiздік комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 12-бабына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету жағдайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен.
2. Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатудан түскен
қаражатты пайдаланудың тәртiбi
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
тамақ өнiмдерiн сатып алу мен олар бойынша шығыстарға;
ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн материалдар мен тұрмыс заттарын сатып алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi аударымдар мен салықтарды ескере отырып, қосымша қызметтер көрсету үшiн шарттық негізде тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеуге;
әскери қызметшiлерге (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) ақылы қызметтер көрсетiлген кезде түсетiн коммуналдық қызметтерге, электр, жылу энергиясына ақы төлеуге.
3. Есепке алудың және есеп берудiң тәртiбi
4. Әскери бөлiмдердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынатын қызметтерiнiң бағасы Қазақстан Республикасының тиiстi аймақтарында (облыстарында) қызметтер бойынша қалыптасқан бағаларды ескере отырып, азық-түлiк үлесiнiң құнына пайыздық қатынаспен белгiленедi.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражат әскери бөлiмнiң ағымдағы шотына аударылады және нысаналы мақсаты бойынша қатаң жұмсалады, бюджет қаражатына билiк ету құқығы берiлген әскери бөлiм командирi оларға билiк етушi болып табылады.
6. Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердi сатудан түскен қаражатты есепке алу мен есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердi сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен шығыстар сметасы жасалады және бекітiледi.